191
заттарды көрсете және ажырата алмағандықтан білмейді". Егер менің ой толғауымды
(басқа мектептердің) сөздерімен теріске шығармақшы әрекеттер жұмыртқамен тасты
бөлмекші әлекке ұқсайды. Тіпті Аспан астындағы барлық жұмыртқаларды жарса да, тас
бәрі бір бөлінбей баз қалпын сақтайды.
Тарау. "Гун мэн"
Чжоу-гун Дань Аспан астындағы кемел данышпанның санатына жатады. Гуань-шу Аспан
астындағы қатыгез адамдардың бірі. Олардың екеуі де бірдей киінді, тек біріншісі адам
сүйгіш, ал екіншісі адамды жек көретін еді. Осыдан ізгілік көне киімде де, бұрынғы сөзге
еліктеуде де емес...
Адамдар оқысын деп талап ету және тағдыр бар деп ұйғару — о да адамға шашынды
тарап жатқыз деп бұйырып, бірден басындағы құлақшынды жұлып алғанға ұқсайды...
Ізгілік жасағанды мадақтаған абзал, кім зұлымдық жасаса, оны жазалау керек... Кездейсоқ
сырқаттанып қалдым, осыны желеулетіп перілер мен рухтардың барын жоққа шығару жөн
бе. Адамның неге сырқаттанатыны көп жағдайларға қатысты: біреулер суықтап, біреулер
азып-тозып шаршағандықтан және уайымнан науқастанады. Егер де жүз қақпаның
кейбіреуін жапса, онда бұзақы ешнәрседен кіре алмайды ма?...
Тарау. "Луск әміршісінің мәселелері"
Луск әміршісі Мо-цзы ұстаздан сұрады: "Мен де екі ұл бар: біреуі оқуды ұнатады,
екіншісі байлықты шашып-төгуден тартынбайды. Екеуінің қайсысын мұрагер етіп
қалдырған жөн?" Ұстаз Мо-цзы айтты: "Тіке жауап қайтарудың реті келмес. Мүмкін,
оқуға талпыныс пен байлықты тарату сый-құрмет пен даңқ алу үшін істелініп жатқан
шығар. Мысалға, балықшының балық ұстаудағы ұстамды тұрысы мен шоғырланған кейпі
балыққа пайда әкеле қоймас, сондай-ақ тышқанды ұстамақ уланған тұзақ жем оған деген
ықыласты білдірмес. Сіз екі балаңыздың ниеті мен қимыл-әрекетінің нәтижесін талдап
білерсіз деген үміттемін". Әркез, (қайсы бір) мемлекетке барар алдында міндеттерді
анықтап, соған сәйкес әрекеттену керек...
Шәкірт Пэн Цин айтты: "Өткенді танып білуге болады, бірақ болашақты біле алмайсың".
Ұстаз Мо-цзы жауап берді: "Бұдан жүздеген ли қашықтағы сенің жақындарың үлкен
жаманшылыққа ұшырады делік. Істің сәттілігін бір-ақ күн шешпек. Егер сен сол күні
жетсең, оларды құтқарасың, жете алмасаң — олар мерт болады. Алдымызда күйлі аттар
жегілген сақадай-сай жабдықталған күйме және арық кәрі ат жегілген төрт доңғалағы да
қисық арба түр делік. Өзің жолға қайсысымен шыққанды таңдар едің. Қайсысын барар
едің?" Жауап берді: "Үдеге ертерек жету үшін жақсы ат жегілген күймеге отырамын да".
Сонда ұстаз Мо-цзы айтты: "Онда болашақты білуге болмайды деп қалайша айтуға
болады?"
(Древнекитайская философия. Т.1, М.,
"Мысль", 1972, с. 176-198.)