190
жасауға адам ақылының күші дәрменсіз. Егер шаруалар жұмыста ынта-ықыласын
әлсіретсе, онда олар кедейленеді. Кедейлік — басқарудағы тәртіпсіздіктің ылаңы". Бұрын
бетке ұстаған ұстанымдар, сол уақытқа жаңа еді, ал сол ұстанымды орындаған ежелгі
адамдар жетік білікті кісілер емес тұғын. Кунфуцышылар жетік білгірлер еруге тиісті емес
қағиданы қолдауға шақырады, кемел даналар айтпаған сөздерді соларға теліп айтады да,
соңына мұндай жандарды адам сүйетіндер деп мадақтайды...
Кунфуцышылар өз замандастарын азғыру үшін өздерінің сырт көрінісін әсерлі етуге жөне
қымбатты нәрсемен безендіруге тырысады. Олар шәкірттерінің назарын аудару үшін
ішекті аспап әуеніне лайықты әнді, датараның дабылына орай билерді пайдаланды. Көп
адамның көңілін аулау үшін әурешілігі бастан асар салтанаттар өткізілді. Олардың көлемі
жалаң ілімі бейбіт өмірге ереже бола алмады. Олар коп ойланып толғанды, әйтседе қара
халыққа жәрдем бере алмады. Өмір бойы олардың ілімін оқып үйрену, жыл бойы олардың
рәсімін орындау мүмкін емес еді, тіпті бай адам олардың музыкасын тыңдап мейірін
қандырудың ретін таппады. Олардың аса қымбат әшекеймен безенуі мен жасанды өнері
қазіргі билеушілердің көзін арбауға арналған; айқай-шулы музыка ақымақтарды
арандатуға қызмет етті...
Тарау. "Гэн Чжу"
Мысалға, қабырға қалай соғылады? Кім кірпішті қалай білсе, сол қалайды. Кім балшықты
әкелуге жараса, сол әкеледі; кімнің қолынан өлшеу келсе, сол өлшейді. Осылайша қабырға
соғылады. Әділеттілікті жүзеге асыруда осыған ұқсайды. Сөйлесу мен әңгімелесуге
қабілетті, әңгімесін жалғастыра берсін, тарихи кітаптарды түсіндіруге қабілетті оны
түсіндіре берсін, қызмет жасайтын қызметін жалғастыра берсін; сонымен әділеттікке
ерсек, барлық істер тынбақ...
Меніңше, бұрыннан келе жатқан істі жалғастыру керек және қазіргі жақсы нышанға да
жағдай жасау керек. Мен жақсы нәрсенің коп бола беруін ұнатамын... Менің де, егер
бұрында жақсы іс болса, оған еліктеу оңды. Қазірде жақсыны жиі жасау керек. Мен
жақсылық мол болса деймін... Ой-пікірлер адамның мінез-құлығына енуі, ережеге
айналуы керек, сонда олар тиянақты білімге айналады; егер де ой-пікірлер адамның
қимыл-әрекетіне айналмаса, онда адамның қылықтарына өнбегендердің бәрі де жай... бос
сөз болып қалады...
Тарау. "Әділеттілікті бағалау"
Ұстаз Мо айтты: "Аспанға, рухтарға және қара халыққа пайдалы деген барлық сөздер,
күллі қимыл-әрекеттер — орындауға лайықты нәрселер. Аспанға, рухтарға және қара
халыққа зиян келтіретін кез келген сөзді, қимыл-әрекетті ығыстыру — міне, нені істеу
керек. Үш дәуірдегі вандардың жеті білгірлері —«Яо, Гунь, Юя, Тана, Вэня, У-дің
ұстанымдарына сәйкес келетін сөздер мен қимыл-әрекеттерді қолдау — міне, айтатын да,
істейтін де әрекеттер осы. Үш дәуірдің қатыгез вандары — Цзе, Чжоу, Ю, Ли-дің
ұстанымдарына сәйкес келетін сөздерден, қимыл-әрекеттерден арылу — міне, қажетті
нәрсе осы".
Егер ой-пікірлер қимыл-әрекетке айналса, ондай сөздерді сақтау керек. Егер айтылған
сөздер қимыл-әрекетке айналмаса, оларды есте сақтау орынсыз.Мо-цзы айтты: "Соқыр "ақ
мәрмәр", "қара көмір" сөздерін айтады жөне біледі, бірақ оларды түр-түсіне қарап таңдай
алмайды, сондықтан ол ақ мәрмәр мен қара көмірді атын білмегендіктен емес, сол