189
Егер аспан еркі айқын болса, оған ермеуге болмайды. Аспан еркіне еру дегеніміз адамдар
арасындағы жалпылама сүйіспеншілік пен өзара пайданы қолдау. Кім аспан еркіне ерсе,
ол міндетті түрде құрметке бөленеді. Кімде-кім аспанның еркіне қарсы келсе, ол өзара
өшпенділікті үрлейді, адамдарды бір-біріне қастандық жасауға итермелейді, содан
міндетті түрде жаза тартады... Кім аспанның әміріне ерсе, ол даусыз құрметке бөленеді.
Кім аспан еркін бұзса, ол міндетті түрде жазаға тартылады...
Енді көк аспан бүкіл Аспан астын қамтиды және оны әуестене бақылайды. Ол күллі мәнді
тудырып өркендетеді және оған пайда әкеледі, ол шаштай өсіп-өнетін мәндік түбірді
тудырады және өрбітеді. Көк аспан араласпаған нәрсе жоқ. Онымен табысқан адамдар
нәрленді. Осыдан аспанның берекесі таусылмас дерлік. Бірақта тек (аспан) тана сый-
құрмет алмайды. Адамдар өзгеге қиянат жасағанын, өздерінің рақымсыздығын бөле
бермейді. Бұдан айтпағым, билеушілер азға алданғанда, маңызы зор нәрсені ұқпайды.
Оның үстіне, мен (көптеген мысалдардан) көк аспанның халыққа деген сүйіспеншілігі
шексіз екенін білемін. Айтпағым, аспан күнді, айды, жұлдыздарды, құйрықты
жұлдыздарды нұрымен жарқыратады. Ол жылдың төрт маусымын —көктемді, күзді, қыс
пен жазды ажыратады, олардың кезегін анықтау үшін қарды, қырауды, жаңбырды және
шықты жаудырды, бес дәнді, күнжіт пен жібек құртын өсірді. Аспан осының бәрін алуға
және пайдалануға мүмкіндік берді...
Ұстаз Мо-дзы жоғарыдан вандардың, гундардың және сот істеріндегі, ел басқарудағы
басқада мемлекет қызметкерлерінің іс-әрекеттерін бағалау үшін, төменнен Аспан
астындағы барлық адамдардың сөздері мен ойларының жетік білгір вандардың керемет
іліміне сәйкестігін анықтау үшін көк аспанның тілегін пайдаланды...
Тарау. "Музыкаға қарсы"
Бірінші бөлім
Ұстаз Мо ескертті: "...нағыз адам сүйгіш қайраткер өзінің іс-әрекетін ерін жимас
рахаттанумен немесе денесін әлпештеумен емес, Аспан астындағының пайдасымен
өлшейді. Нағыз адам сүйгіш есті халқының мүлкіне зиян келтіретін, оны киімі мен
тамағынан айыратын ешнәрсе істемейді..."
Ұстаз Мо ақыл береді: "Қарапайым адамның үш ауыртпалығы бар. Ашыққанның тамағы,
жаурағанның киімі, шаршағанның демалысы болмайды. Осы үш бірдей ауыртпалықтан
халық көп азап шегеді. Бірақта осындай кездің өзінде вандар, гундар және басқа да атақты
адамдар үнемі қоңыраудың әуенін жөне дағараның соғылуын тамашаласа, люгня, цин,
сыбызғы және шэн сияқты музыкалы аспаптарда ойнап, қару-жарақты көрсететін әскери
жаттығулар ұйымдастырып жатса, онда қара қалық астық пен киімді қайдан алмақ?
Сондықтан бірсарындылық болмау керек деп есептеймін. Мен осындай тұйықтықты
жоюға ниеттеспін...". "Қазіргі адам — дейді Мо-цзы, хайуандарға ұқсамайды. Кім
(еңбекке) күш салса, ол өмір сүреді, кім еңбектегі әрекетке сүйенбесе, ол өмір сүрмейді..."
Тарау. "Кунфуцышыларға қарсы"
Екінші бөлім
Кунфуцишылардың көзқарастары мынандай: "...бастапқы бар тағдырың пешенеге
жазылған. Пешенедегіден ешнәрсе ала алмайсың, оған дәнеңе де қоса алмайсың. Кедейлік
пен байлықтың, сыйлық пен жазаның, бақыт пен бақытсыздықтың оз бастауы бар, оны