Page 18 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

18
расында (өз) атманын жалғандыққа бұрмалайды. Жалғандықты айтып, өзін жалғандыққа
бөлеп, ол ыстық балтаны қолға алады да күйіп қалады, сондықтан оны өлтіреді.
2. Егер де ол мұны істемесе, ол өзін дұрыс ұстайды. Шындықты айтып, өзін шындыққа
бөлеп, ол ыстық балтаны қолға алады, бірақ күймейді; сондықтан оны қоя береді.
3. Бұл нәзік нәрсеге ол қалай күймеді десек, онымыз тұтас дүние. Бұл — шындық, бұл —
атман, бұл өзің, Шветакету". Мұны ол шынымен-ақ содан білді, содан білді.
19. (Санатқұмараның үйреткені)
(Атау)
1.1. Нарада Санатқұмараға жақындап: "Мәртебелім, мені үйретші" — дейді. Анау оған
айтады: "Сен нені білсең, соныңмен маған кел. Сонда мен саған одан жоғары екенін есіңе
саламын". Ол айтты:
2. "Мәртебелім, мен Ригведаны, Яджурведаны, Самаведаны, төртіншіден, Атхараведаны,
бесіншіден, аңыз-әңгімелерді, (сондай-ақ) Веданың Ведасын, ата-бабаны құрметтеу
рәсімін, есепті, болжау өнерін, жыл санауды, пікір таластыру өнерін, мінез-құлық
ережелерін, құдайлар туралы ілімді, Брахман туралы ілімді, заттар туралы ілімді, әскери
өнерді, жұлдыз жылнамасын, жыландар туралы ілімді және құдіреттің жасағандары
туралы білемін. Мәртебелім, менің білетінім осы.
3. Бірақта мен, мәртебелім, мантраны білемін де, атманды білмеймін. Енді өзіңнен, кімде-
кім атманды білсе, мұңды жеңе алады дегенді есітіп отырмын. Мәртебелім, мен
қайғыдамын. Мәртебелім, қайғының шегінен өтуге маған жәрдем бере көріңіз". Анау оған
айтты: "Андасам, сенің оқығаның тек атау ғана.
4. Расында атаулар дегеніміз Ригведа, Яджурведа, Самаведа; төртіншіден, Атхараведа;
бесіншіден, аңыздар мен әңгімелер, (тағы да) Веданың Ведасы, ата-бабаны құрметтеу
рәсімі, есеп, болжау өнері, жыл санау, пікірталас өнері, мінез-құлық ережелері, құдайлар
туралы ілім, Брахман туралы ілім, заттар туралы ілім, әскери өнер, жұлдыз жылнамасы,
жыландар туралы және құдіреттің жасағандары туралы ілім. Бұның бәрі де атаулар.
Атауды құрметтей біл".
(Сөйлеу)
2.1. "Пайымдасақ, сөйлеу атаудан артық. Сөйлеу арқылы Ригведа, Яджурведа, Самаведа;
төртіншіден, Атхараведа; бесіншіден, аңыздар мен әңгімелер, (тағы да) Веданың Ведасы,
ата-бабаны құрметтеу рәсімі, есепті, болжау өнері, жыл санауы, пікірталас өнері, мінез-
құлық ережелер, құдайлар туралы ілім, Брахман туралы ілім, заттар туралы ілім, әскери
өнер, жұлдыз жылнамасы, жыландар туралы және құдіреттің жасағандары туралы ілім,
тағы да аспан мен жер, жел мен кеңістік, сулар мен ыстық, құдайлар мен адамдар, малдар
мен құстар, шөптер мен ағаштар, жыртқыш андар мен құрт-құмырсқалар, шыбын-
шіркейлер, әділдік пен әділетсіздік, ақиқат пен жалғандық, ізгілік пен зұлымдық,
жағымдылық пен жағымсыздық танылады. Расында, сөйлемесек, онда әділдік пен
әділетсіздікті, ақиқат пен жалғандықты, ізгілікпен білімдікті, жағымдылық пен
жағымсыздықты тани алмас едік. Сөйлеу, расында, мұның бәрін танытқыза алады.
Сөйлеуді, құрметтей біл!