Page 188 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

188
тудырады жөне өрбітеді. Көк аспан араласпаған нәрсе жоқ. Онымен табысқан адамдар
нәрленді. Осыдан аспанның берекесі таусылмас дерлік. Бірақта тек (аспан) тана сый-
құрмет алмайды. Адамдар өзгеге қиянат жасағанын, өздерінің рақымсыздығын бөле
бермейді. Бұдан айтпағым, билеушілер азға алданғанда, маңызы зор нәрсені ұқпайды.
Оның үстіне, мен (көптеген мысалдардан) көк аспанның халыққа деген сүйіспеншілігі
шексіз екенін білемін. Айтпағым, аспан күнді, айды, жұлдыздарды, құйрықты
жұлдыздарды нұрымен жарқыратады. Ол жылдың төрт маусымын — көктемді, күзді, қыс
пен жазды ажыратады, олардың кезегін анықтау үшін қарды, қырауды, жаңбырды және
шықты жаудырды, бес дәнді, күнжіт пен жібек құртын өсірді. Аспан осының бәрін алуға
және пайдалануға мүмкіндік берді...
Ұстаз Мо-цзы жоғарыдан вандардың, гундардың және сот істеріндегі, ел басқарудағы
басқада мемлекет қызметкерлерінің іс-әрекеттерін бағалау үшін, төменнен Аспан
астындағы барлық адамдардың сөздері мен ойларының жетік білгір вандардың керемет
іліміне сәйкестігін анықтау үшін көк аспанның тілегін пайдаланды...
Тарау. "Рухты көру"
Үшінші бөлім
Аспан астында бір нәрсе болып жатыр ма, әлде жоқ па деген мәселе туралы білімді
тексеру ережесі, міндетті түрде адамдар көпшілігінің көргені мен есіткен фактілер үлгісін
негізге алады. Ертедегі жетік білгір вандар кезінде Аспан астында тып-тыныш тәртіп
болды, үйткені олар халықтың мұң-мұқтажымен шұғылданудан бұрын, алдымен міндетті
түрде періштелер мен рухтарды құрметтеу рәсімін келістірді.
Тарау. "Тағдырға қарсы"
Бірінші және үшінші бөлімдер
Айтылмақ ой-пікір үш ережеге сәйкес келу керек. Үш ереже дегеніміз не? Олардың мән-
жайында негіздеу, қайнар көз және қолданушылық болу керек. Негіздеу дегеніміз не?
Жоғарғы негіздеуді ежелгі жетік білгір вандардың іс-әрекеттері құрайды. Қайнар көз
дегеніміз не? (Білімнің) алғашқы қайнар көзін қара халықтың есіткені немесе көрген
деректері құрайды. Қолданушылық дегеніміз не? Ой-пікірлер елді басқаруға қолданылып,
Аспан астындағы қара халықтың мұң-мұқтажынан туындауы керек...
Егер өзің нашар қылыққа ұрынсаң, тер төгіп еңбектенбесең, онда бақытты сұрап алуға
болмайды, бақытсыздықтан құтыла алмайсың... Тағдырды марапаттап жалпылдау ретсіз.
Егер тағдырды елемесең, одан бәле-жала келмейді...
Мо-цзы айтты: "Егіншілер неге енді егіс өңіріне ерте барады да, кеш қайтады, егістікте
керіліп созылмай, ондағы дәнді астықтан, бұрыннан көп өнім алу үшін жатпай-тұрмай тер
төгеді, бақташылықта оз өнерін көрсетеді? Не болып қалды? Жауап берейін: Егер ол
аянбай еңбек етпесе, онда міндетті түрде кедей болады. Егер де беріліп еңбек етсе, тоқ
болады, тер төгіп жұмыс істемесе — аштыққа ұшырайды. Сондықтан ол жалқаулықтың
жолын кеседі..." қатынасына сүйіспеншілік пен сыйластық демеулік етеді. Бұл түсінікті
емес пе? Егер көк аспанның еркіне көнсек, оны қолдасақ, Аспан астындағы барлық істерді
аяғына жеткізетіндей жүргізсек, онда сотта, елде, басқаруда тәртіп болады, халықтың бәрі
де келісімде өмір сүреді, ел пайдаланбақ мүліктердің молшылығына кенеледі, қара
халықтың бәрі де киім мен тамаққа қарық болады, адамдар тыныштықта уайымсыз өмір
сүреді...