187
Мыңдаған қолды әскерлер жорыққа шығады да, қайта орала бермейді. Мыңдаған отбасы
шаңырақсыз, тірексіз қалады, жесір әйелдер мен жетім балалар көбейеді, халықтың күллі
байлығы толық талан-таражға ұшырайды, көпті көрген қайраткерлер мемлекет ісімен
шұғылданбайды, егіншілер егінін салмайды, әйелдер мата тоқымайды, мемлекет
қызметкерлерінен айрылады, қара халық жұмыстарын тастап лағып кетеді...
Тарау. "Көк аспан еркі"
Бірінші және екінші бөлімдер
Көк аспан әділеттілікке жаратылған да, әділетсіздікке төзбейді. Бүл дегеніміз, Аспан
астындағы халықты әділеттілікке жұмылдырсақ, мұнымыз Аспан ұнататын нәрсені
істегеніміз. Егер мен аспан ұнататын нәрсені істесем, онда аспан да мен ұнататын нәрсені
істейтін болады. Сонда мен нені ұнатам және нені жек көрем? Мен бақыт пен
аманшылықты ұнатам да, бақытсыздықты жек көрем...
Көк Аспан үлкен патшалықтың әлсіздерге шапқыншылығын қолдамайды, бақуатты үлкен
отбасының кіші, шатын отбасын ығыстыруын, күштінің әлсізді тонауын, алаяқтың
аңғыртты алдауын, ақсүйектің атақты еместер алдында дандайсуын ұнатпайды. Мұның
бөрі де аспанның еркіне қарсы кедергілер. (Аспан) адамдардың бір-біріне, күштілердің
әлсіздерге жәрдем беруін, сондай-ақ адамдардың бірін-бірі үйретуін, білетіндердің
білмейтіндерді үйретуін, бір-бірімен мүліктерді бөлісуін тілейді. Аспан сондай-ақ
жоғарыдағылардың елді басқаруға ынта-ықыласын аямауды, Аспан астында тәртіптің
болуын, төмендегілердің іс-әрекетке бейімділігін тілейді. Егер жоғарыдағылар басқаруға
ықыласты болса, елде тәртіп күшеймек, егер төмендегілер іс-әрекетке бейім болса, ел
заттар мен азық-түліктің молшылығына бөленбек. Егер елде тәртіп те, молшылық та
орнықса, онда аспан мен періштелерге құрбандық ететін ішкі істерді тындыратын таза
шарап та, рәсімге арналған ыдыс-аяқ та табылады. Сыртқы іс-әрекеттерде торт
жақтағыларға сый-құрметтер жасау үшін яшмалық шеңберлер, маржан, нефриттер
жарайды, сондықтан билеушілер арасында дүрдараздық, шекарада әскери шектігісу бола
бермейді. Ел ішінде ашыққандарға ас тұз, шаршағандарға демалыс болады, әмірші бүкіл
халыққа қамқорлық жасай алады, сондықтан билеушілер мен мемлекет қызметкерлерінің,
жоғарыдағылар мен төмендегілердің арасында рақымдылық пен сенімділік орнығады,
әкелер мен балалар, алыс-жақын ағайындар қарым-қатынасына сүйіспеншілік пен
сыйластық демеулік етеді. Бұл түсінікті емес пе? Егер көк аспанның еркіне көнсек, оны
қолдасақ, Аспан астындағы барлық істерді аяғына жеткізетіндей жүргізсек, онда сотта,
елде, басқаруда тәртіп болады, халықтың бәрі де келісімде өмір сүреді, ел пайдаланбақ
мүліктердің молшылығына кенеледі, қара халықтың бәрі де киім мен тамаққа қарық
болады, адамдар тыныштықта уайымсыз өмір сүреді...
Егер аспан еркі айқын болса, оған ермеуге болмайды. Аспан еркіне еру дегеніміз адамдар
арасындағы жалпылама сүйіспеншілік пен өзара пайданы қолдау. Кім аспан еркіне ерсе,
ол міндетті түрде құрметке бөленеді. Кімде-кім аспанның еркіне қарсы келсе, ол өзара
өшпенділікті үрлейді, адамдарды бір-біріне қастандық жасауға итермелейді, содан
міндетті түрде жаза тартады...
Кім аспанның әміріне ерсе, ол даусыз құрметке бөленеді. Кім аспан еркін бұзса, ол
міндетті түрде жазаға тартылады...
Енді көк аспан бүкіл Аспан астын қамтиды және оны әуестене бақылайды. Ол күллі мәнді
тудырып өркендетеді және оған пайда әкеледі, ол шаптай өсіп-өнетін мәндік түбірді