Page 186 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

186
сезінеді де, басқаларды ұната бермейді. Сондықтан отбасының бар қиқарлығына ұрынып,
ешнәрседен тартынбай, өзге отбасыларын ұрлап тонауға ұмтылады. Егер адамдар
арасында өзара сүйіспеншілік болмаса, онда бір-бірін жеккөрушілік міндетті түрде
өршиді; егер әмірші мен оның қарамағыңдағылар өзара ілтипат танытпаса, онда
рақымдылық мен сенім нәр алмайды; егер әке мен баланың арасында өзара сүйіспеншілік
болмаса, онда әкелік сүйіспеншілік те, әке-шешені құрметтеушілік те болмайды; егер
ағайындар арасында татулық болмаса, олардың арасында келісушілік болмайды; егер
Аспан астындағы адамдар арасында өзара ілтипат болмаса, онда күштілер әлсіздерді
міндетті түрде бағындырады, байлар әрдайым кедейлердің намысына тиеді, ақсүйектер
қарапайым адамды міндетті түрде менсінбейді, қулар қарапайым адамды үнемі алдайды...
Тарау. "Жалпылама сүйіспеншілік"
Үшінші бөлім
Мо-цзы айтты: "Аспан астындағы адамдарды жек көретін зұлымдар жалпылама немесе
жеке сүйіспеншіліктің қайсысына іш тартады? Жауап берейін:әрине,жеке сүйіспеншілікті.
Сонымен, жеке сүйіспеншілікті қолдаушылар Аспан астында әрдайым таусылмас
зұлымдық тудырады. Сондықтан жалқының жеке сүйіспеншілігіне ұрынбаған жөн..."
Жалпылама табыс, жалпылама сүйіспеншілік ақырында Аспан астына үлкен пайда
әкеледі; жеке бастың жалпы табыстан алмақ олжасы Аспан астыңдағылар үшін сұмдық
қиянат. Ақиқат жалпы пайдаға жол ашады... Жалқы сүйіспеншілікті, жеке бастың
олжасын жалпылама сүйіспеншілікпен, өзара пайдамен алмастыру қажет... Адам сүйгіш
жан рақымды сөздерін есте сақтауға тырысты, жағымсыз қылықтарынан қашқақтап,
данагер әміршінің ізгілікті әрекет қылықтарына еліктеуге тырысты...
Тарау. "Шапқыншылыққа қарсы"
Екінші бөлім
Өткенге қарап болашақты танимыз, айқындыққа сүйеніп жасырынды танимыз...
Қарапайым адамдардың сансыз өлімі — жоғарыдағыны да, төмендегіні де түгел қамтитын
үлкен апат, жаулаған патша адамы жоқ қаңыраған жерге тап болады. Осылайша, онсыз да
жетіспейтіннен арылады, қосымша артық нәрсеге қайтадан батады...
Тарау. "Шапқыншылыққа қарсы"
Үшінші бөлім
Мо-цзы айтты: "Соғыстың қоқан-лоқы жолымен мемлекеттер арасындағы саяси айтыс-
тартыстарды шешпек, сүйтіп құдірет пен атаққа бөленбек үміт — о да Аспан
астындағылардың түрлі ауру-сырқаттарын емдеуге бір дәрі-дәрмекті, тіпті ол төрт-бес
адамға тана пайдалы болса да, күштеп ішкізушілікке ұқсайды..."
Шабуылға шыққан жақтың армиясы басқа мемлекеттің жеріне баса жаншып кіреді, оның
егінін таптайды, орманын шауып өртейді, қалалар мен елді мекендейді тас талқан етеді,
оның су қоймалары мен тоғандарын бұзады, малдарын қуып, талан-таражға ұшыратады,
ұрпақтары табынатын киелі орындарды қол тигізіп қорлайды және бүлдіреді, халқын өзіне
жұмыс істеуге зорлайды және өлтіреді, бөтен тайпалардың ақсақалдары мен әйелдерін
жәбірлейді, жаулаған патшалықтың байлығын бет-бетімен тасиды...