Page 185 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

185
адамдар отты, суды, уды пайдаланып, бір-біріне зиян келтірді, күштілер әлсіздерге
жәрдем бермеді, ешкімде артық байлығымен бөліспеді, артықты талан-таражға ұшыратты,
ақылдылар тәжірибесіз адамдарды үйретпеді, олардан оз білімін жасырды. Аспан
астындағы былық жабайы аңдар арасындағы ретсіздікке ұқсады. Былықтың бас бұйдасы
басқару мен төреліктің жоқтығынан екенін түсінгенде, адамдар Аспан астындағы нағыз
ізгілікті және біліктілерді таңдап, оларды аспанның ұлыңдай құрметтеді... Тек аспан ұлы
ғана оның астында әділеттіліктің бірдей үлгісін жасай алатынына үміт артты, сондықтан
Аспан астында тәртіп орнады...
Данагер әмірші нені дұрыс десе, басқалары да соны дұрыс деді; әмірші нені сөксе,
басқалары да соны сөкті. Адамдар жаман сөздерден қашқақтап, елдің данагөй әміршісінің
рақымды сөздерін есте сақтауға тырысты, жағымсыз қылықтарынан қашқақтап, данагер
әміршінің ізгілікті әрекет қылықтарына еліктеуге тырысты...
Тарау. "Бірлікті құрметтеу"
Екінші бөлім
Ұстаз Мо-цзы айтты: "Ертеде адамдар пайда болғанда басқару мен жазалау болмаған-ды..,
содан Аспан астындағы тәртіпсіздік жануарлар арасындағы ығы-жығыдай еді. (Адамдар)
былықтың себебі билікті басқарушының жоқтығынан екенін түсінді. Содан Аспан
астындағы дана мен лайықтыны таңдады, сүйтіп оны Аспан астындағы іс-әрекеттерді
басқаратын жөне тұтас бірдей әділеттілік орнататын көк аспанның ұлы етті..." Енді Аспан
астында мемлекеттік қызметті атқаратын және мейірбанды ұлы адамдар — вандар мен
гундар — өз елін байлыққа бөлейміз, халқын көбейтеміз, билік пен жазалауды реттейміз,
өз тағын күшейтеміз десе, бірлікті құрметтеуі керек...
Тарау. "Жалпыға бірдей сүйіспеншілік"
Бірінші және екінші бөлімдер
Егер жетік білгір адам Аспан астында тәртіпті реттеуді өзінің міндеті деп есептесе, онда
ол тәртіпсіздіктің неге пайда болатынын зерттеуі керек, сонда ғана ол тәртіпті туралай
алады. Егер де ол тәртіпсіздіктің неге пайда болатынын зерттемесе, онда ол Аспан
астында тәртіп орната алмайды. Мұның өзі адамның сырқатымен күресетін дәрігер
сияқты. Дәрігер әр сырқаттың неге асқынғанын білсе ғана, оны емдеуге кіріседі, егер де ол
аурудың не себептен пайда болғанын білмесе, онда сырқатпен күресе алмайды...
Мо-цзы айтады: "Елдегі тәртіпті реттеу үшін жөнсіздіктің себебін білу керек. Егер
тәртіпсіздіктің себебін біліп, оны болдырмай қойсаң, онда ел гүлденеді және тыныштыққа
бөленеді; егер жөнсіздіктің түбірін таппасаң, онда елге тәртіп ендіру мүмкін емес..."
Егер тәртіпсіздік неден басталады дегенді қарастырсақ, адамдар бірін-бірі ұнатпаған кезде
тәртіпсіздіктің ұшқындайтыны байқалынады. Ондайда қызметші мен ұл патшаны да, екені
де құрметтеуден қалады. Тәртіпсіздік дегеніміз не? Ол дегеніміз бала өзін жақсы көріп,
әкесін ұнатпауы, содан о л жеке басының пайдасы үшін әкесіне зардабын тигізеді; інісі
өзін сүйеді де, ағасын жақтырмайды, сүйтіп өзінің бас пайдасын қамтамасыз ету үшін
ағасына зиянкестік жасайды...
Ендігі патшалықтың билеушілері өзінің патшалығына деген сүйіспеншілікті ғана біледі
де, басқа патшалықты ұнатпайды, содан елінің бар күш-қуатын басқа елге соққы
бергізуден тартынбайды. Ендігі отбасы басшылары өз тегіне деген сүйіспеншілікті ғана