Page 183 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

183
рухтар оларды марапаттады, оларға аспан ұлдары деген атақ берілді, халықтың әкесі мен
шешесі деп қабылданды, ал бүкіл халық олардың соңына ерді, мұндай вандарды
мадақтады, оларды жетік білгір вандар деп ардақтады және жетік білгір вандар туралы
даңқ күні бүгінге дейін жойылған жоқ. Мұның бәрі данагерлер бай және ақсүйек
болғанда, (оның өзін) марапат ретіңде қабылданғанда тамыр жайды. Мынандай жағдай да,
жауыз адамдар байлық пен атақты иемденіп, (мұндай) қылмысты марапаттау деп
ұғынушылық болды. Кім осылайша істеді? Жауап берейін: мысалға, бұрынғы үш дәуірдің
қатыгез вандары — Цзе, Чжоу, Ю, Ли (осылайша істеді).
Олардың осылай істегендері қайдан мәлім?
Жауап берейін. Олар Аспан астында билік жүргізгенде бәрін де жек көрді, сүйтіп
адамдарға зиянын тигізді. Оның үстіне, олар Аспан астындағы халықты билеп-төстеп қана
қоймай, аспанға тіл тигізді, рухтарды қорлады, көптеген адамдардың көзін жойды.
Сондықтан аспан мен рухтар олардың жазасын берді: олар дарға асып өлтірілді, олардың
балалары мен немерелерін қаңғыртып жіберді, олардың үйлері мен ордалары күйретілді,
(шыққан тегі) жойылды, содан олардың рухына құдайы беретін жан қалмады. Бүкіл халық
оларды қарғады, мұндай құмарды жауыздар деп атады, сол қарғыстар күні бүгінге дейін
жетті. Мұндай озбырлықтың орын алу себебі, қылмыстары марапатталған қатыгез
(адамдардың) байлық пен атақты иемденуінде және (олардың бәрін) сый-құрмет деп
қабылдауында еді.
Қылмыс жасағаны үшін туысқанына жақсылық жасамаған мынандай жәйттер де болған.
Мұны кімдер істей алды?
Жауап берейін: мысалға, бұрын патшаның үлкен ұлы Бо Гун (таққа мұралыққа)
жарамайды деп (жарияланды), соңына күн сәулесі де түсе бермейтін Юшань тауының
өңіріне жер аударылды.
Бо Гунь патшаның баласы болса да) император оны сүймеді. (Мұның өзі) туысқанына да
жақсылық жасамағанның айғағы. Үйткені ол қылмыс жасады. Кімнің қабілетті екенін
Аспан көрсеткен мысал да бар. Ондай үлгілікке кім жарайды? Жауап берейін: мысалға,
бұрынғы Юй, Цзи мен Гау яо мұның бәрі де осы айтқанымызға дәлел. Мұның осылай
болғаны қайдан мәлім? Ол туралы ежелгі вандардың "Люй син" кітабында жазылған.
Онда Хуан-дидің өзі халықпен кеңескен делінген. Халық мяо тайпасын өте жек көрген.
(Патша) айтты: (Мяоның) жергілікті билеушілері қарамағындағы елдердің адамдарын
қамап қояды, онда данагерлерді қолдаудың тұрақты тәртібі жоқ. Жесірлер мен жетімдер
жек көрінбеді. Тек өнегелі билік құрметке бөленді, (тек) жоғары өнегелілік алыстан
жарқырайды. (Данагөй патшалардың) үш бірдей мұрагерлері өздерінің ынта-ықыласымен
халықтың құрметіне бөленді, осындай жарлық қалдырды. Бо И өнегелі үлгі көрсетті. Ол
халықтың өсиеттерін жазалау шараларымен доп ұштастырды".
Юй жердегі су тасқынымен күресті. Таулар ме өзендерге атау берді. Цзи (адамдарды) егін
егуге үйретті, егіншілер болса дәнді дақылдар өсірді. (Данагөй патшалардың) үш бірдей
мұрагерлері адамдардың игілігін көтермелеуді ойлады, содан еңбектері жанды. Дәл
осылайша бұл үш жетік білгірлер әрекеттенді: сөздерін пайымдап айтты, мінез-
құлықтарына сақ болды, (өз қимыл-әрекеттерін) терең және мұқият ойластырды, Аспан
астындағы лезде істелінетін жұмыстарды жөне қолдан шығарған пайданы анықтады,
сүйтіп аспанға аянбай қызмет етті. Аспан болса олардың ізетіне сыйды үйіп төкті, халыққа
рақымды болды, халық одан өмір бойы таусылмайтын пайда тапты.