182
ұзартуға болмайды той. Жұмыстағы істер адамның өз білімінің көлеміне орай
басқарылатыны айғақ. Оның білімі он есе өспесе де, қызметтегі жұмыс қарқыны он есе
артты. Ол он жұмыстың біреуін тана істей алды да, тоғызын аяқсыз қалдырды. Егер де
шенеунік департамент жұмысымен күндіз-түні үздіксіз айналысса да, онымен ешкім
шұғылданбағандай, бүл жұмыстар бәрібір бұрынғыша аяқсыз қалды.
Мұның себебі неде?
Осалдықтың түбірі мынада: үлкен топтар — вандар, гундар — (мемлекеттік) істерді
басқаруда даналықты құрметтей отырып, қабілеттілерді отан тарту керектігін түсіне
бермеді. (Ертедегі жетік білгір вандар) данагерлерді құрметтеді, елді басқаруға
қабілеттілерді тартып, (содан мемлекетте) тәртіп орнады. Ол туралы алдында толығырақ
айтылды. Даналықты құрметтемеу, қызметке қабілетсіздерді тағайындау, соның
барысындағы елдегі былықтар — мұның бәрі де әлгі айтылған тоқтамның айғағы.
Егер де қазіргі үлкен топтар — вандар, гундар — шынымен-ақ өздерінің мемлекеттерінде
берік тәртіптің болуын қаласа, тақты сақтағысы келсе және қарапайым халықты
(қолдаудан) тартынбаса, онда даналықты құрметтеу — басқарудың негізі екенін олар неге
зерттемеген? Оның үстіне, даналықты құрметтеу басқарудың негізі екендігі тек бір ұстаз
Мо-цзының ғана сенімі ме? Бұл — жетік білгір вандардың жолы, ол туралы ертедегі кемел
дана вандардың кітаптарында жазылған. "Чжуаныда" айтылған: "Өзіме жәрдемші болатын
данагер адамдарды іздеу демін".
"Тан шиде" жазылған: "ұлы да, жетік біліктілерге қарайлатын, олардың күш-қуаты мен
біртұтас жүрегі арқылы Аспан астын реттеуге талпын". Даналықты құрметтеген, (елді)
басқаруға қабілеттерді тағайындаған жетік білгір вандардың осындай сенімдері (Аспан
астындағы) тынысты тарылтпады. Сондықтан ертедегі жетік білгір вандар даналықты
құрметтеу дәстүріне еріп, (елді) басқаруға қабілеттілерді алдымен (қалай) ұсынуға
болатындығын іздестірді. Бұл ниетті ешнәрсемен шатыстырмады. Оны басқарудан бүкіл
Аспан асты пайда тапты...
Мұның себептері неде? Алдымен ұсақ-түйек адамдар қызметте жоғарылатылды, әйгілі
болды. Алдымен кедей көтерілді және байлығын (өсірді). Мұның себептері мынада:
Үлкен топтар — вандар, гундар даналықты құрметтеу арқылы дұрыс басқаруды іске
асыруға болатындығын анық түсінді. Халық арасында аштар азықсыз, жалаңаш пен
тоңған киімсіз, шаршаған демалыссыз, адасқандар нұсқаусыз қалмады.
Осыдан ертедегі жетік білгір вандар даналықты құрметтеу арқылы мемлекетті (байсалды)
басқару ісін және аспан үлгісін қолдануды дұрыс бағалай алды. Аспан сияқты байлар мен
кедейлерді, беделді мен белгісіздерді, алыстағы мен жақындағыны, туыстар мен
бөгделерді ажыратпады. Егер данышпанды көрсе, оны жоғарылатты және құрметтеді, ал
әлсіз адамдарға ван қисық қарады, оларды қызметінен кетірді. Байлық пен беделді сый
ретінде алған данышпандарды мысал ретінде келтіре аласыз ба? Кім солай істей алды?
Жауап берейін: мысалы, өткен үш дәуірдің жетік білгірлері — Яо, Шунь, Юй, Тан, Вэнь,
У — олардың бәрі де осылай істеген. Сондықтан олар (аспанның) рақымына бөленді.
Неге? Жауап берейін. Үйіткені, олар Аспан астын басқару арқылы (сондағы адамдарға)
жалпылама сүйіспеншілік танытты, сүйтіп оларға пайда әкелді. Оның үстіне, Аспан
астындағы адамдарға жетекшілік жасай отырып, көк аспанды жоғары құрметтей қадірледі,
рухтарға табынды, бүкіл халықты сыйлады, оларға пайда әкелді. Сондықтан аспан мен