181
Осыдан кейін кім әйгілі адамдарға — вандарға, гундерге өзінше жақындағысы келетінін,
аспан астындағы данышпандардан сұраңызшы. Егер де данагерлер әйгілі топтардың —
вандар мен гундердің қасында болғысы келмесе, мұндай жағдайда оларды жауыз да нашар
адамдар қоршайды. Егер жауыз адамдар оны қоршап алса, онда олар даналыққа
жатпайтын нәрсені істейді, әрі қылмыскер еместі де жазалайды. Егер әйгілі топтар —
вандар, гундер елді басқаруда осы рәсімге ұрынса, онда данагер еместер де
марапатталынады да, жазалауға қатаң еместер де ұшырайды. Сонымен данагер еместер
марапатталынып, ал мейірімділер жазаланса, онда мұндай келімсіздік данагерлікті
қолдамайды, ал мейірімсіз жандарға кедергілік жасамайды. Озбырлық шырмауында
(мұндай адамдар) өз үйінде әке-шешесін құрметтемейді, өзге адамдармен достықты
жалғастыра алмайды, үлкендерді тұрғылықты сыйламайды, тіпті кішілер мен әлсіздерге
қамқорлық жасамайды да. Отбасында рәсім тәртібі әрқалай ығысады, ал әміршінің жүріс-
тұрысы өлшемге де, заңға да үйлеспейді, еркек пен әйел арасындағы айырмашылық
ескерілмейді. Департамент пен қазынаны басқаруға ұрылар мен қарақшыларды
жұмсалынды, қаланы қорғау сатқындар мен бұзақыларға жүктелінді. Егер бекзат кісі
жамандыққа ұшыраса, (оны құтқару үшін) ешкім де өлімге бармайды; егер әмірші елді
тастап кетуге мәжбүр болса, оны ешкім де шығарып салмайды. Егер де (ырың-жырыңда)
үкім шығарылса, онысы заңдарға сәйкес келе бермейді; байлық тең бөлінбейді;
(билеушілер) қажет кеңес ала алмайды; орындауға тиісті істер дер кезінде істелінбейді;
астананың қорғаны берік болмайды; егер ван жауды жазаламақ жорыққа аттанса, оның
әскеріне (қажетті) күш жетіспейді.
Міне сондықтан өткен үш дәуірдің Цзе, Чжоу, Ю, Ли сияқты мейірімсіз вандар өз
елдерінен айрылды, олардың үрім-бұтақтары тарап кетті, олардың таққа деген құқығы
жойылды. Мұның бәрі де әлгі себептерден туындады. Заттардың ұсақ-түйегіне үңілдірген,
ал бас құндылығына көз аштырмаған бұл қандай ұстаным еді.
Ендігі үлкен топтардың — вандардың, гундардың киімге кездемесі болса да, оны өздері
тіге алмағасын сырттан жақсы шеберлерді шақырады; тіпті өгізі немесе қойы болса да,
оларды вандардың өздері бауыздай алмай, жақсы қасапшыны жалдады. Бүл екі жағдайды
дұрыс пайдаланды. Бірақ үлкен топтар — вандар, гундар елді данагерлердің билейтінін
түсінбеді. Еліне әйтеуір тәртіпсіздік үйірілгенде, таққа қауіп төнді, сондайда данагерлер
елді тәртіпке шақырып, қауіпті төндірмейтінін олар біле бермеді. Олар қызметке тек
өздерінің туыстары мен таныстарын тартып, еңбегі сіңбесе де соңғыларды бай және
атақты етті. Сырт көрінісі сүйкімділерді жоғары лауазымға тағайындап, оларды еңбегі
сіңбесе де бай және атақты етті. Егер лауазымды қызметке көрінісі көрікті адамдар
тағайындалса, онда мұндайлар білім мен даналықты міндетті түрде меңгере алады ма?
Егер ондайға ел басқаруды тапсырса, ақымақ елді басқара алмайды да, ақыры мемлекетті
былыққа батырады. Мұны (келесі мысалдан) көруге жөне түсінуге болады.
Егер үлкен топтар — вандар, гундар — жоғары лауазымға сырт көрінісіне көңілі ауған
адамдарды, олардың ақыл-парасатын (алдын-ала) жүректен өткізбей, ұсынса, онда
жүздеген адамдарды басқара алмайтындар қарамағында мыңдаған адамдары бар
департамент бастығы етіп тағайындалады. Кейде тіпті мың адамды басқара алмайтынды
ондаған мың адамдарды басқаратын департаментке қызметке тартылды. Неге осылай
болды? Жауап берейін: департамент қызметіне былайша тартылған еді: әдемі көркі үшін
жоғары шен және үлкен жалақы берілді, тек сол үшін қызметке алынды. Содан мың
адамды басқара алмайтын кісіге ондаған мың адамды басқаратын департамент қызметін
тапсырды. Соңғы қызмет оның қабілетінен он есе басым түсті. Сондықтан жұмыстағы күн
бойындағы қыбыр-жыбыр оның басқару тәсілін құрады, ал бұдан жұмыс күнін он есе