180
білмесең, оның нәтижесі ешнәрсе болмағандай білінбей қалады. Сондықтан үш негізді
ұсыну қажет.
Үш негіз дегеніміз не?
Жауап берейін: егер (данагөйлерге) жоғары лауазым берілмесе, онда халық оларды
сыйлай бермейді; егер данышпанға аз жалақы төленсе, онда халық (бүл шенді маңызды)
деп қабылдамайды; егер оның қарамағына адамдар бөлінбесе, онда халық одан
сескенбейді. Ежелгі жетік білгір әміршілер сондықтан данышпандарға жоғары шен
тағайындаған, үлкен жалақы төлеген, қызметке алған, қарамағына адамдар бөлген. Мұның
бәрі өзінің қызметкерін марапаттау үшін істелінді дейсің бе? Жоқ, бұл (жетік білгір
вандардың) істері табысты болсын деген ниетпен жасалынған.
"Ши цзинде" айтылған:
Сен дедің мұңдарыңды ашып айтам,
Өзіңе данышпанды біліп тартасың.
Алақаннан ыстығын кім жеткізбес,
Суға малған қол күші болса теңдес.
Сонымен, бұл сөздер де патшалықтың бұрынғы әміршілері рақымшыл шенеуніктерді
өздерінің кеңесшісі мен көмекшісі ретінде пайдаланып, оларды жоғарылатуға мәжбүр
болғаны, мұнысы ыстық нәрсені қолға алардан бұрын оны суға салып, өз қолының жайын
жеңілдеткенге ұқсайды.
Иә, бұрынғы жетік білікті әміршілер данышпан адамдардан қолдау тапты. (Олар)
данышпандарды қызметке тартты, марапаттады, оларға жоғары лауазым атақ беріп, әйгілі
етті, жерді бөліп оларға үлестірді, осылайша данышпандарды өмір бойы қасында ұстады.
Тек данышпандар ғана бекзат қайраткерлердің ниетін түсінді жөне жүзеге асырды.
Данышпан әміршінің тапсырған ісін орындауға бар күш-қуатын аямады, әрі өмір бойы (іс-
әрекеттерде) шаршап жүйкелеуді білмеді. Егер (данагер) ізгілікті (адамды) кезіктірсе, ол
туралы ойын жоғарыдағыларға жеткізді, одан ізгілік артты да, зұлымдық пен
жақтырмаушылық басылды, ығыстырылды. Данагер әміршінің қуаныш пен тыныштықта
өмір сүруіне барын аямады да, қайғы-мұңды өзіне алды. Сондықтан ежелгі жетік білікті
вандар билікті жоғарыда айтқандай жүргізген.
Енді әйгілі адамдар — вандар мен гундер — бұрынғылардың даналықты құрметтеткізетін
тәсілдерін үйренгісі келді, қызметке тәртіпті сақтауға қабілеттілерді тартуға тырысты.
Олар (данагерлерді) тіпті жоғары лауазымға тартса да, бірақ оларға жалақы төлемеді. Не
десек те, егер де жоғары лауазымға лайық жалақы болмаса, онда адамдар (мұны маңызды
шен) деп сенбеген.
Мұндай адамдар айтады: "Бұл маған деген нағыз сүйіспеншіліктің нышаны емес, ван мені
пайдаланбақ сыңай білдіреді, сондықтан мен қарапайым халықты басқаратын (адам)
ретінде сезінемін". Осындай күймен данагерлерді жоғарыдағыларға жақындатуға болады
ма? Содан шығар бұрынғы вандар айтыпты: "Билікке тоймайтындар басқару қызметін
адамдар арасында бөлісе алмайды, байлыққа ашкөздер адамдарға жалақы бермейді.
Мұндай жағдайда істер орындалмайды, ал жалақы бөлінбейді".