Page 179 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

179
Жауап берейін: егер де бекзат және дана кісілер ақымақтар мен арам ниеттілерге билігін
жүргізсе, онда тәртіп орнатылады. Егер де ақымақтар мен арам ниеттілер бекзаттар мен
даналарға үстемдік етсе, онда былық болады. Осыдан даналықты құрметтеу елді
басқарудың негізі екенін білеміз. Сондықтан ежелгі жетік білікті вандар даналықты
құрметтеушілерді жоғары бағалаған, қабілеттілерді қызметке алған, туыстарынан бөлек
топ жасамаған, ақсүйектер мен байларға бас ие бермеген, сыртқы көрініске әуестенбеген.
Біліктілерді лауазымға тартты, бай және беделді етуге жағдай жасады, департамент
бастықтығына тағайындалды. Егер адам қабілетсіз болса, ван оларға қырын қарады, тіпті
оны қашықтатқан, кедей және мүсәпір еткен, құл ретінде жұмсаған.
Сондықтан қара халық ванның құрметінен шығуға тырысты, оның жазасынан қорықты.
Олар жақсы істерде бірін-бірі қолдады. Осыдан мемлекетте біліктілер көбейе түсті, ал
қабілетсіздер мен нашар адамдар азайды. Осылай істеу — даналықты құрметтеу деген сөз.
Осыдан жетік біліктілер даналардың сөздеріне құлақ түреді, олардың қимыл-әрекеттеріне
қарайлады, оның қабілеттерін зерделеді жөне осы негіздерді бетке ұстап, оны сақтықпен
қызметке тағайындады — мұның өзі қабілеттілерді (қызметке) тарту еді.
Кім елді басқаруға икемді болса, ол ел басқаруға тағайындалынды; кім департамент
басқаруға қабілетін танытса, ол департамент бастығы болып тағайындалды; кім мекен-
жайдың тұрғындарымен тіл табысуға бейімділік танытса, ол елді мекеннің (ауылнайы)
етіп тағайындалынды. Кім елді немесе департаменті, немесе мекен-жайды басқаруға
тағайындалса, ол данагер адам деп есептелінді. Данагер, елді басқаруда, таң шапағымен
бірге тұрады да, үйге кешкі ымыртта оралады. Ол арыздарды тыңдап, нұсқаулар
беретіндіктен, мемлекетте тыныштық ал жазалар дұрыс орындалады. Егер данагер
департаменттің бастығы болса, онда ол демалуға кешқұрым қайтады және ала кеуімде
тұрады, базардың алым-салығын жинайды, тауды, орманды, су қоймаларын, каналды
пайдалану үшін қаражат қоры жиналады. Осындай әрекеттен кейін қазынаның қоймалары
азық-түлікке толды, қазына берекесі мен байлықтар шашылмады. Егер данагер жұртты
басқарса, ол ерте тұрады, демалуға кешқұрым оралады. Даладағы егіндік жұмыстарды
басқарады, егін және бау-бақшаны күтуді бақылайды, жеміс-жидек пен астықты
жинатқызады. Осындай талпыныстан кейін (қазынаның қоймасында) жемістер де, азық-
түлік те мол, ал халықтың тамағы тоқ. Содан ел тыныш, ал жазалау мен басқару дұрыс
(жүргізіледі).
Егер қазына қоймалары толық болса, оны адамдар бай, жоғарыдағылар көк Аспан мен
рухқа құрбандық жасау үшін хош иісті шараптар мен тазаланған ірі күрішті пайдаланады.
Сыртқы істерге қажетті тері-терсектер, көрші әміршілерге айырбастайтын және оларға
сый-сияпат ететін сәйгүліктер (жеткілікті түрде) қорланады. Ішкі іс-әрекетте барлық
адамдарды тамақтандыруға, аш-жалаңаштың қажетін өтерлік азық-түлік және Аспан
астындағы данагерлерге қамқорлық ететін (тәртіп), шаршағанға тыныштықты
орнықтыратын (тәсілдер) жасалынды.
Сонымен, жоғары да аспан мен рухтар ванды бақуатты етті, патшалықтың әміршісі
онымен байланысты үзбеу үшін сыртқа ұмтылды, ел ішінде барлық адамдар оған
жақындауға тырысты, білікті адамдар оның төңірегіне топталды. Осыған орай, ванның
ниеттері (қолдау) табады, егер (ван) бір істі басқарса, ол жүзеге асады. Оның елінің
қамалы берік. Егер (ван) жазалаушы жорыққа шықса, оның әскері қаһармандық көрсеткен.
Өткен үш дәуірдегі вандардың жетік біліктілері Яо, Шунь, Юй, Тан, Вэнь, У не себептен
көк Аспанды басқара алды және патшалар әміршілерінің арасында бас рол атқарды десек,
олар (даналықты құрметтей) алды. Егер жақсы әдіс болса да, оны қолдану тәсілін