17
2. Егер өмір оның бір-ақ бұтағын қалдырса, ол қурайды. Егер қараусыз екінші бұтағын
қалдырса, ол дағы қурайды. Осылайша үшіншісін қалдырса, үшіншісі де қурайды. Егер
бәрін де (күтімсіз) қалдырсаң, онда бүкіл (ағаш) қурайды.
3. Қымбаттым, есте болсын,— деді ол, қараусыз қалған нәрсе шынымен-ақ қурайды,
(бірақ) өмір жойылмайды. Осы нәзік нәрсе дегеніміз тұтас дүние, ол — шындық, ол —
атман, ол — сен өзің, Шветакету". —"Мәртебелім, мені әрмен үйретші!" — "Жарайды,
қымбаттым" — деді ол.
13.1. "Мына тұзды суға сал да, таңертең маған әкелерсің". Анау айтқанды істеді. Ол оған
айтты: "Мұнда кеше кешкісін суға салған тұзды әкеле ғой". Анау тұзды іздеді, бірақ судан
таппады: түз мүлдем еріп кеткендей". 2. "Суды ұрттап көрші. (Дәмі) қандай екен?" —
"Тұзды". — "Ортасынан ішіп көр". "(Дәмі) қандай?". — "Тұзды". — "Басқа шетінен ішіп
көр". "(Дәмі) қандай?". -"Тұзды". "Мұны төк те, маған кел". Анау айтқанды істеді.
Әрқашан осындай болады. Соңынан ол анаған айтты: "Мұндағы бар нәрсе нағыз мән, сен
оны байқамадың. Қымбаттым, бар сыр осында. 3. Осы нәзік нәрсе дегеніміз тұтас дүние,
ол — шындық, ол — атман, ол — сен өзің, Шветакету". — "Мәртебелім, мені одан әрмен
үйретші!" — "Жарайды, қымбаттым" — деді ол.
(Адамға ұстаз керек)
14.1. "Қымбаттым, егер гандхар елінен көзі байлаулы адамды айдалаға әкеп тастаса,
сондай-ақ мұнда әкелген адамның көзін де байлаулы күйде қалдырса, онда ол қайда барар
еді,— шығысқа ма, батысқа ма, әлде оңтүстікке ме, солтүстікке ме;
2. Егер де тіпті (оның көзінен) байламды алып: "Мына жақта гандхарлар тұрады, сол
жаққа барғын!" деп айтса, онда ол хабарланған және түсінігі бар адам ретінде елді аралай
ж үріп гандхарларға өзі-ақ жетер еді. Мұны дәл солай ұстазы бар анау да біледі: "Мен
мұнда (білмейтінімнен) арылғанша к.алып қояр едім де, сүйтіп (мәнге) жетер едім". 3. Осы
нәзік нәрсе дегеніміз тұтас дүние, ол — шындық, ол — атман, ол — сен өзің, Шветакету".
—"Мәртебелім, мені одан әрмен үйретші!" — "Жарайды, қымбаттым" — деді ол.
(Өлім)
15.1. "Қымбаттым, ауру адамды туған-туыстары қоршап отыр делік. "Сен мені таныдың
ба? Сен мені таныдың ба?" - деп жамыра сұрайды олар. Оның сөзі — ойына, ойы —
тынысына, тынысы — ыстық демге, ыстық демі жоғары құдіретке жеткенше, ол
(басқаларды) таниды.
2. Оның сөзі ойға, ойы тынысқа, тынысы ыстық демге, ыстық демі жоғарғы құдіретке
енгенде, ол (өзгелерді) танудан қалады.
3. Осы нәзік нәрсе дегеніміз тұтас дүние, ол — шындық, ол — атман, ол — сен өзің,
Шветакету". —"Мәртебелім, мені әрмен үйретші!" — "Жарайды, қымбаттым" — деді ол.
(Отпен сынау)
16.1. Қымбаттым, қолынан ұстап жетектеп келе жатқан адамға: "Ол тонады, ол ұрлады,
сол үшін балтаны қыздырыңдар!" деп бажылдайды делік. Осыны қайталаған сайын, ол