178
аспанның тетіктері. Аспан кішілер мен үлкендерді, әйгілілер мен арамдарды
ажыратпайды; барлық адамдар — аспанның құлы; (адамдар) аспанға қошаметпен қызмет
ету үшін әркім енеке мен ешкі өсіреді, шошқалар мен жабайы қабандарды семіртеді,
шарап ішкізеді, мол астық береді. Мұның өзі аспанның жалпылығын көрсететін жайлар
емес пе? Расында, аспан бәрінде асырайды емес пе? Егер жалпы сипаттағы аспан бәріне де
сүйіспеншілікпен қарап, бәрін де асыраса, онда ол адамдардың бірін-бірі сүйгендігін, бір-
біріне пайда әкелуін қаламайды деп қалай айтуға болады.
Түйіндерім мынау: адамдарға кімде-кім жалпы сүйіспеншілікпен қараса, кімде-кім пайда
әкелсе, аспан оларды міндетті түрде бақытқа жеткізеді. Ал кімде-кім адамдарға зұлымдық
жасаса, адамдарды алдаса, аспан оларды міндетті түрде жазалайды. Тағы да айтарым:
кінәсізді өлтірген азапта өтеді. Әйтседе, аспан бірін-бірі өлтіретін адамдарды жазалайды,
сүйтіп адамдардың бірін-бірі сүйетінін және бір-біріне пайда істейтінін әйгілі етеді десек
те, бірақ оның табиғатына адамдардың бір-біріне зұлымдық жасауы және бірін-бірі
алдауы қарсы келеді деген дәлелдер бар ма? Бұрынғы жетік білгір әміршілер — Юй, Тан,
Вэнь, У,— бәрі де Аспан астындағы жүздеген тайпаның адамдарына бірдей
сүйіспеншілікпен қарады, аспанды құрметтеді және рухтарға қызмет етті. Олар адамдарға
көптеген пайда әкелді. Аспан оларды бақыт нұрына бөледі, бала етті, содан патшалықтың
күллі билеушілері оған құрметпен қызмет етті.
Бұрынғы Цзе, Чжоу, Ю, Ли сияқты мейірімсіз әкімшілер Аспан астындағы жүздеген
тайпаларға зұлымдықты жаппай таратты, аспан (әмірін) ескермеді және рухтарды алдады.
Олар адамдарға зұлымдықты көп жасады. Сондықтан аспан оларды жазалады,
патшалықтан қуып шықты, өмірден және ұрпағынан айырды, олардың Аспан астындағы
абыройы төгілді. Ұрпақтар оларды осы уақытқа дейін қарғайды. Сонымен,
рақымсыздықты жаза күтеді. Оған Цзе, Чжоу, Ю, Ли өмірлері айғақ. Кімде-кім жаппай
сүйіспеншілікте болса, адамдарға пайда әкелсе, (аспан) оларға бақыт сыйлайды. Оған Юй,
Тан, Вэнь, У өмірлері үлгі болады. Адамдарға жаппай сүйіспеншілігімен және пайда
әкелуімен бақытты болған немесе адамдарға зұлымдық жасап, оларды алдап, жаза тартқан
басқа мысалдар баршылық".
Тарау. "Жеті қырсықтар"
"Егер құдықтан су алып жатқан ана арқасындағы баласын құдыққа түсіріп алса, онда ол
баласын құтқару үшін ойланбай-ақ суға секіреді. Егер егінсіз жыл болса, онда адамдардың
аштығы мен аштықтан жол жағасында қырылғандар құдықта тұншыққан баланың
қазасынан да ауыр жаза болып көрінеді. Мұны түсінуге болмайды ма? Ойландыратын
себеп — жылдың берекелі немесе берекесіздігінде. Егер де өнімді жыл болса, онда
адамдар ізгілікті және рақымшыл келеді. Егер жыл егінсіз болса, онда адамдар рақымсыз,
мейірімсіз келеді..."
Тарау. "Даналықты құрметтеу"
Екінші бөлім
Ұстаз Мо-цзы айтты: "Қазіргі адамдардың үлкен қауымдастығы — вандар, гундар —
халыққа үстемдік етеді, жердің иелері, елді басқарады. Егерде олар ұзақ уақыт (елді)
сақтағысы және (билікті) жоғалтпағысы келсе, онда неге олар даналықты мемлекетті
басқарудың негізі ретінде пайдаланбайды? Даналықты құрметтеу мемлекетті басқарудың
негізі екені қайдан мәлім?