Page 177 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

177
Тарау. "Үлгілерге еліктеу"
Ұстаз Мо-цзы айтты: "Аспан астындағы істерді тиянақтағанда үлгіге еліктемей болмайды.
Үлгіге еліктемей бірде-бір іс тыңғылықты болған емес. Тіпті данагөй мемлекет
қайраткерлерінің өздері — болашақ қолбасшылар немесе әміршінің кеңесшілері бәрі
бірдей белгілі бір тәсілге сүйенген. Күллі қол өнерінің озат шеберлерінің де тәсілі болған.
Қол өнерінің шеберлері квадрат жасау үшін бұрыш өлшеуішті қолданған; шеңбер сызу
үшін циркульді пайдаланған; түзу сызық жүргізу үшін шой балғаның бауын пайдаланған;
затты тіке орнату үшін тіктеумет қолданған; Майталман шебер мен қарапайым өнерпаз
өздерінің жұмысында осы торт затты әрдайым тәсіл ретінде қолданған. Майталман шебер
бүл тәсілдерді өте жетік меңгерген, ал мұндай өнерді толық меңгермеген маман
жұмыстың тәсілдерін толық игере алмаса да, үлгіге еліктеу арқылы өзінің шеберлігін
әрдайым жетілдіре түскен. Сондықтан әрбір қол өнерін өлшейтін (өзіндік) әдіс
қалыптасқан.
Енді Аспан астын билейтін даңқты адамдардың, тіпті жеке патшалықтарды
басқаратындардың істерін өлшейтін (өздеріне) лайықты тәсілдері болмаса, онда оларды
жүздеген қолөнерінің шеберлерімен салыстырудың ыңғайы да келмес. Мұндай жағдайда
басқару үлгісі ретінде нені алуға болады? Өзіңнің әкең мен шешенді үлгі тұтуға болады
ма? Аспан астында әкелер мен аналар көп-ақ, бірақ олардың арасында адам сүйетіндер аз-
ақ. Содан, оз әке-шешелерімізді әйтеуір үлгі ретінде алатын болсақ, онда адамды
сүймеушілікті үлгі ретінде қабылдамақпыз. Адамды сүймеушілік еліктеудің үлгісіне жата
алмайды. Мүмкін, ұстазыңды еліктеудің үлгісі ретінде алуға болатын шығар? Аспан
астында адамды оқытатындар мың сан, бірақ адамды сүйетіндер некен-саяқ. Сондықтан
ұстаздарға еліктейтін болсақ, онда адам сүймейтін қылықтарды қолдамақпыз. Адамды
сүймеушілік еліктеудің үлгісіне жата алмайды.
Мүмкін, әміршіңді еліктеудің үлгісі ретінде алуға болатын шығар? Аспан астында
әміршілер көп, бірақ олардың арасында адамсүйгіштік аз. Сондықтан әміршінің (қимыл-
әрекетін) әйтеуір үлгі ретінде алатын болсақ,— онда адам сүймеушілікке еліктеу деген
сөз. Бірақ адам сүймеушілік үлгі бола алмайды. Сондықтан, әке мен шешені де, ұстазды
да, әміршіні де (елді) басқаратын үлгіге жарамайды деп есептеймін. Мұндай жағдайда
басқару үлгісі ретінде нені қарастыруға болады? Жауап берейін. Аспанды үлгі ретінде
алудан басқаның ыңғайы келмейді. Аспанның қимыл-әрекеттері шексіз және риясыз. Ол
жомарт және өзінің абыройымен (мақтанбайды), оның жарығы ұзақ және сөнбейді.
Сондықтан жетік білгір ваналар аспанға еліктеді, яғни оны өнеге тұтты. Іс-әрекетке
дайындалуда, өзіңнің қылықтарыңды аспан (райымен) салыстыру қажет. Аспанмен
ыңғайласты істеу керек, аспанмен ыңғайласпағанды істеуге тыйым сал. Бірақта аспан нені
қалайды және нені қаламайды? Адамды тұтықтыратын мәселе. Аспан қашанда
адамдардың өзара сүйіспеншілігін жөне бір-біріне пайда әкелуін қалайды, ал егерде
адамдар бір-біріне зұлымдық жасаса, бірін-бірі алдаса, ондай қылықтар аспанға жарамсыз.
Әйтседе адамдардың өзара ұнатуын, бір-біріне пайда әкелу керектігін аспанның
қалайтыны, ал адамдардың бір-біріне зұлымдық істеуін және бірін-бірі алдауын оның
қаламайтыны қалай мәлім болмақ? Сыр мынада: аспан жалпылама сүйіспеншілікті
қолдайды және бәріне де пайда әкеледі.
Аспанның жалпылама сүйіспеншілікті қолдайтындығы және бәріне пайда әкелетіндігі
қалай білінеді? Мұнысы аспанның бір тұтастығынан, оның бәрін асырай алатындығынан
туындайды. Аспан ендігі патшалықтарды үлкен және кіші деп бөлмейді, олардың бәрі де