Page 176 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

176
Егер де төменгі шендегілер (әміршінің қасындағы) лауазымды кісілерге жағынайын деп
немесе одан үрейленіп жайды дұрыс баяндамаса, онда жақындағылар (шындықты)
жасырады, ал жамағайындар (бүлінген тәртіпке) ренжумен әлек. Егерде ашу-ыза
халықтың жүрегіне үймелесе, ал азғындар мен өсекшілер әміршінің қыр соңынан
қалмаса,онда ақ ниеттен шыққан ақыл-кеңестер (әмірші жолындағы) бөгетке батады да,
патшалық қауіп-қатерге ұшырайды.
Цзе мен Чжоу Аспан астындағы ықпалдан айырылып, қол астындағы лауазымдылардың
қолдауынсыз қалған жоқ па? Содан айтпағым: егер елдің бүкіл байлығын жинастырсақ та,
олар даналар мен мемлекет қайраткерлерінің құндылықтарымен теңеспейді. Тесетін
құрал-сайманның бес түрін алып көрелік. Мысалы, шанышқыны алалық. Шебер
шанышқыны пайдаланғанда, алдымен оның шеберлік өнері әлсіремейді, шанышқысы
мұқалады. Әйтпесе пышақтардың бес түрін алып көрелік. Олардың құндылығы
өткірлігінде. Алдымен өткірлік мұқалады. Сонымен таяз құдықтың суы алдымен
тартылады, ұзын ағаш алдымен кесіледі, ірі бұты мен тасбақа алдымен ұсталынады,үлкен
жылан алдымен кебеді.
Себепте осында, мысалға Би Гань күресте өзінің ымыраға келмейтіндігі үшін өлтірілді,
Мэн Бэнь жалтартпас ерлігінің құрбаны болды, Си Шидің көркемдігін көре алмағандар
оны суға батырды, У Ци мемлекеттік істерді шешудегі табыстарына бола азапталды.
Өздерінің керемет қадір-қасиеттері үшін өлмеген адамдардың кемде-кем болуының себебі
де осында. Үйіткені артық нәрсені сақтау қиын.
Әмірші қаншалықты рақымды және ақылды болса да, ол қасындағы еңбегі сіңбегендерді
ұната бермейді. Әке баласына аталық сезіммен қараса да, бәрі бір сандалбай баласын
жақтырмайды. Сонымен, (өзінің абырой-атағымен) осы орынға сәйкес келмесе де, сол
жұмыспен шұғылдана берсе, онда ол бұл қызметке лайықты емес, ал (абыройы)
лауазымына сәйкес келмесе де, тиесілі жалақысын алып жүрсе, онда бұл жалақы оған
арналмаған. Жақсы садақты тарту киын, бірақ одан атылған жебе биікке ұшады және
терең батады. Жақсы атты үйрету қиын, бірақ ол ауыр жүгінді алысқа апарады. Керемет
талантты табу қиын, десек те, білгір әміршіге кеңес беріп, оның абыройын бағалай алады.
Соңдықтан да үлкен және орташа өзендер өзіне құйылған кішігірім бұлақтар мен таулы
бастаулар арқылы толықсып, үлкен арнаға айналады. Бекзат адам істен тартынбайды,
заттардың (табиғатын) бұзбайды, сондықтан ол Аспан астындағы (бар даналықты бойына
сіңірумен) оның үлгісіне айналады, тіпті үлкен де орта өзендер бір емес алуан-алуан
қайнар көзден бастау табады, мың дорбалық (астықта) көп уыстардан құралады, әміршінің
тоны да түлкінің бір емес, көптеген сирақ терісінен тігіледі. Онда (ендігі әміршілер) не
себептен серіктестерін іздестірмей, тек өзінің жеке пікірімен келісетіндерді тыңдайды
және өздеріне жақындатады. (Мұның) өзі жалпылама сүйіспеншілік тудыратын
билеушінің жолы емес. Үлкен жер жарқылдамайтын, алып су айдыны мөлдіремейтін,
лапылдаған от жарқырамайтын сияқты әмірші мыңнан артық болса да, оның ізгілігі
айбынды емес. Оның туралығы садақтың жебесіндей тік, қайрақтай әділ болса да, мұның
өзі мән-жайды билеуге жеткіліксіз. Мұның өзі тау шатқалында тез бітелетін, тез
тартылатын ұсақ бұлақтың арнасындай. Үйілген тастар құнарсыз, онда мол өнім өсіруге
болмайды. Егерде әміршінің адамгершілігі жоғары қылықтары оның ордасынан тыс жерде
әйгілі болмаса, елді басқаруда нақ сондай табыстарға қол жетпеген болар еді. (Егер
даналарды басқаруға жақындатпаса), онда әміршінің іс-әрекеттері елде еліктеушілік пен
таратушылық тудырмайды.