175
—
Егер тәрбиелемей, асып атып өлтірсе,— мұны мейірімсіздік дейді; егер шешімді
алдын-ала ескертпей, орындауды талап етсе,— мұны күш көрсету дейді; егер
алдымен асықпауға шақырып, бірақ діттегенін тез орындатқызса,— мұны қорлау
дейді; егер марапаттауға уәде беріп, сыйды таратуға сараңдық етсе,— мұны
төрешілдік дейді.
20.3. Кун Фу-цзы айтты: — Көк Аспанның еркін білмей, асыл ақсүйек бола алмайсың.
Ережелерді білмей, қос аяғыңда нық тұра алмайсың. Сөздің мән-жайын ұқпай, адамды
талдай алмайсың.
(Л. С. Переломов. Кун Фу-цзы. Лунь Юй.
М.,1998, с. 140-174.)
Мо-Цзы
Патшалықты басқарғанда қызметкерлерге қам-қарекет жасалынбаса, онда ел тозып кетеді.
Дананы кездестіріп, (оның ақыл-кеңесін) пайдалануға асықпау — әміршінің
қамқорсыздығы. Егерде даналарға теріс қарап, олардың кеңесін пайдалануға ықылас
танытпай, мемлекеттік қызметті атқаратындарды қабылдамаса, онда мемлекеттік істерді
жетілдіру туралы кеңесті ешкімнен алаламай қалады.
Даналарды тартуға қамқорсыздық танытқан және мемлекет қызметкерлерін ұмытқан
әміршінің өз патшалығын сақтарлық жайы әлі тұрақтаған емес. Вэнь-гун (жазалаушы)
жорыққа шығып, (жергілікті басқарушыларды) тыныштандырды да, Аспан астын
басқарды. Хуан-гун қарамағындағы басшы - қосшыларға өзінің үстемдігін (мойындату)
үшін жорықтарға шығып тұрды. Юе патшалығының әміршісі Гоу Цзянь кемел де
мейірімді басқарушыны ұстаған У патшалығының әміршісінен ұятқа қалады. (Әйтседе)
бұл үш қайраткерлер қару-жарағымен ұсталынып, өздері үлкен қиыншылыққа ұшыраса
да, Аспан астында орнын тапты және өздерінің аттарын шытарды. (Сондықтан) олар
жеңіліске ұшырамады, тіпті алдында сүрініп жеңіліске ұшыраса да, кейіннен жеңіске
жетті; (бұл әміршілер) өзінің адамдарын пайдалана білді.
Тұрақты мекен-жайсыз қалған (адамдар) жоқ болса да, мен өз жүрегімді жұбата
алмаймын, деген олардың сөздерін есіттім. Байлықтың кемтарлығын басынан кешпеген
(адамдар) жоқ болса да, менің жүрегім қанағатты сезінбейді. Оның себебі, бекзат кісі
қиыншылықтың бәрін өз мойнына алады да, өзгелерге жеңіл (істерді) қалдырады, оның
үстіне тобырдан шыққан адамдар жеңілге жармасады да, қиынды басқаларға қалдырады.
Бекзат адам ілгеріге ұмтылса да, өз мақсатынан көз жазбайды. Жағдай туралы ойланып-
толғанады. Халықты бақытты ету қиын болса да, (халық) әйтеуір жүрегінде ашуланғанын
сақтамайды.
(Егер әмірші елдің қиын істерін шешсе), ол міндетті түрде мақсатына жеткізетін өзінің
сенімін арттырады. Бірақ жан-тәнімен қызмет етушілерді ығыстырып, бекзат адамдардың
мысын қайтарып, төмендегілерді жолдан тайдырып, жоғарыдағыларға зиян
келтіргендердің бірде-бірі апаттан арылып, діттегеніне жетіпті дегенді естімеппін.
Бекзат әмірші міндетті түрде ынталы, тура сөзді қызметкерлерді ұстауы керек. Егер ұзақ
талқылауда (кеңесшілер мен әміршілердің) пікірлері үйлеспесе, онда (әмірші) шындықты
көзге айтқандарды ілтипатпен тыңдау керек. Осындай жағдайда ғана (әмірші) ұзақ өмір
сүретін болады және елді сақтайды.