Page 16 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

16
олардың тіреді. Осы үш құдіреттің әрқайсысы адамға жеткенде қалайша үш қайтара
қайталанатыны туралы, қымбаттым, бұрынырақ айтылған болатын. Өлер адамның сөзі —
ойға, ойы — тынысқа, тынысы — ыстық лепке, лебі — құдіреттің жоғарысына айналады.
7. Бұл нәзік бөлім (бәрінің "түбірі" — ред.) тұтас дүниені құрайтын, ол — шындық, ол —
атман, ол — Шветакет, өзіңсің". — "Мырзам, мені тағы да әрмен қарай үйретші!" —
"Жарайды, қымбаттым" — деді ол.
(Ішкі атман)
9.1. Аралар, қымбаттым, балын жасау үшін әртүрлі ағаштардың шырынын қалайша бір
тұтасқа жинайды, және де бұл (шырындар) қалайша бөлінбейді: "Мен — мына ағаштың
шырынымын", "Мен — ана ағаштың шырынымын" (деп айтпайды), дәл сондай-ақ,
қымбаттым, бұл жаратқандардың бәрі де (түсінде) мәнге ене: "Біз мәндікке енеміз" (деп
айтпайды), расында мұны білмейді де.
Олар (оянғасын) тағы да бұл дүниедегі баз қалпына келеді. Олар арыстанға, жолбарысқа,
қасқырға, шошқаға, шылаушынға, күйеге, сонаға немесе масаға айналады. Бұл нәзік бөлім
дегеніміз бүкіл осы дүние, бұл — ақиқат, бұл — атман, бұл сен, Шветакету". "Мырза, мені
тағы ормен үйретші!" — "Жарайды, қымбаттым менің" — деді ол.
10.1. "Қымбаттым, мына өзендердің шығыстағылары шығысқа, батыстағылары батысқа
ағуда, олардан теңізден теңізге құйылады, олардың өздері теңізге айналады. Мұны олар
білмегендіктен: "Мен — мына (өзенмін)", "Мен — ана (өзенмін)" деп айтпайды.
2. Дәл сол сияқты, қымбаттым, барлық бұл жасақтар мәннен шықса да, оны біле бермейді:
"Біз біртұтас мәннен шығамыз" деп (және айтпайды). (Оянғасын) олар бұрынғыша бұл
дүниедегі — арыстанға, жолбарысқа, қасқырға, шошқаға, шылаушынға, күйеге, сонаға
немесе масаға айналады.
3. Олар (оянғасын) тағы да бұл дүниедегі баз қалпына келеді. Олар арыстанға,
жолбарысқа, қасқырға, шошқаға, шылаушынға, күйеге, сонаға немесе масаға айналады.
4. Бұл нәзік бөлім дегеніміз бүкіл осы дүние, бұл — ақиқат, бұл — атман, бұл сен,
Шветакету". "Мырза, мені тағы әрмен үйретші!" — "Жарайды, қымбаттым менің" — деді
ол.
10.1. "Қымбаттым, мына өзендердің шығыстағылары шығысқа, батыстағылары батысқа
ағуда, олардан теңізден теңізге құйылады, олардың өздері теңізге айналады. Мұны олар
білмегендіктен: "Мен — мына (өзенмін)", "Мен — ана (өзенмін)" деп айтпайды.
2. Дәл сол сияқты, қымбаттым, барлық бүл жасақтар мәннен шықса да, оны біле бермейді:
"Біз біртұтас мәннен шығамыз" деп (және айтпайды). (Оянғасын) олар бұрынғыша бұл
дүниедегі — арыстанға, жолбарысқа, қасқырға, шошқаға, шылаушынға, күйеге, сонаға
немесе масаға айналады.
11.1. "Егер де үлкен ағаштың тамырынан шапса, онда, қымбаттым, өсіп тұрған сол
ағаштан шырын ағады. Егер де өсіп тұрған ағаштың ортасын шапса, онда да шырын
ағады. Егер оның сабақтарын кессе, онда да өсіп тұрған ағаш шырынын шығарады.
Осылайша тірі атман сіңген ағаш ырғалады.