168
пайдалануда. Егер Гуань Чжун болмағанда, онда біз шашымызды арқамызда жалбыратып
және (жабайылар құсап) киімімізді сол жағымызға қаусырып жүрген болар едік. Ол
белгісіз қара адамдай қалайша жолдың жағасында (өзін-өзі өлтіруге) барады?
14.23. Ұстаз айтты: — Бекзат кісі өрлеуге ұмтылады, әлсіз құлдырауын қоймайды.
14.24. Ұстаз айтты: — Бұрынғылар өздерін (жетілдіру үшін) оқыды, ендігілер
басқалардың алдында (мақтану) үшін оқиды.
14.27. Ұстаз айтты: — Бекзат кісі айтқанында тұра алмағанда, ұялғанынан жерге қарайды.
14.28. Ұстаз айтты: — Бекзат кісіде тоғысатын үш бірдей Дао - Жолының — адам
сүйгіштің қайғырмайтын, дана күдіктенбейтін, батыл қорықпайтын күйдің біреуінде
аяқтап өткере алмадым. Цзы Гун айтты: — Бұл Ұстаздың (аяғына дейін өткен) Дао -
Жолдары ғой.
14.29. Цзы Гун адамдарды бағалауды ұнататын. Ұстаз айтты: — Сен қандай данасың, Цы!
Менің бұған уақытым жете бермейді.
14.30. Ұстаз айтты: — Адамдар сені білмесе, уайымдама. Өзіңнің қабілетіңді көрсете
алмасаң, соған мұңайғың.
14.34. Біреу сұрады: Сіз "жамандыққа жақсылық жаса" деген туралы не ойлайсыз? Ұстаз
жауап берді: — Қалайша, жақсылық жасау керек? Жамандыққа әділдікпен қарағын,
жақсылыққа жақсылық жасағын.
14.35. Ұстаз айтты: — Мені ешкім білмейді. Цзы Гунь сұрады: — Сізді ешкімнің
білмейтіні қалай? Ұстаз жауап берді: — Көк Аспанға қарап күңкілдемеймін, адамдарды
кінәламаймын. Төмендегіні қызықтап, биікке көтерілемін. Көк Аспан ғана мені білетін
сияқты.
14.36. ... Ұстаз айтты: — (Менің) Дао-Жолым (елде) жүзеге асырыла ма — тағдырға
байланысты, (менің) Дао-Жолым (елде) күйреуге ұшырайды ма,— тағдырға байланысты.
Тағдырмен кім бәстесе алады?
14.37. Ұстаз айтты: — Даналар (әділ емес) дүниеден қашады; одан кейінгілер
(тұрақтылығы жоқ) жерден қашады; одан кейінгілер — (жәбірлейтін) сөздерден қашады.
Ұстаз айтты: — Дәл осындай жеті адам болған.
14.41. Ұстаз айтты: — Егер жоғарыдағылар Ережелерді қолдаса, онда халықты оңай
пайдаланады.
Цзы Лy бекзат кісі туралы сұрады: Ұстаз жауап берді: Құрметті болу үшін, өзіңді
жетілдір. (Цзы Лy) сұрады: Айтарың осы ма? Ұстаз жауап берді; — Басқаларға тыныштық
әкелу үшін, өзіңді жетілдір. — Осы ма, бәрі? Жауап берді: — Өзіңді халыққа тыныштық
әкелу үшін жетілдір. Өзіңді халыққа тыныштық әкелу үшін жетілдіру — осы нәрсе емес
пе, Яо мен Шунды толғандырған?
15-тарау. "Вейлық Лин-гун..."