169
15.1. Вейлық Лин-гун бірде Кунд-цзыдан әскер жарақтың сап құруы туралы сұрады. Кунд-
цзы жауап берді: — Мен құрбандық аспаптарына қатысты әрекеттерді көп есіткен едім, ал
әскердің сап құру өнерін әзірге зерттемеппін. Келесі күні (Кунд-цзы) Вәйден кетіп қалды.
Чэньде тұрғанда (Кунд-цзы мен оның оқушыларының) бірде ішер тамағы бітеді. (Кунд-
цзыға) еріп жүргендердің бәрі де аштықтан тұра алмай қалады. Тынышы кеткен Цзы Лу
сұрайды: — Бекзат кісі лажсыз жағдайда қала береді ме? Ұстаз айтты: — Бекзат кісі
лажсыз жағдайға ұшыраса, төзімділік көрсетеді, босаң адам — амалсыздықта есінен
таниды.
15.3. Ұстаз сұрады: — Цы! Сен мені көп оқиды және бәрінде есінде сақтайды деп
ойлайсың ғой? Анау жауап берді: — Әрине, не олай емес пе? — Жоқ,— деп жауап берді
Ұстаз. Менде бәрі біртұтас пен үйлескен, (тек шындық арқылы бәрін де танимын — Ж.М.)
15.4. Ұстаз айтты: —Ю! ізгіліктің не екенін білетін адамдар өте аз!
15.5. Ұстаз айтты: — Егер ешнәрсе істемей (Аспан астында) тәртіп орнатқан әмірші
болды десек, онымыз Шунь. Ол немен шұғылданды? Ол тек кейпін оңтүстікке бұрған
күйде ұзақ отыратын-ды.
15.7/8. Ұстаз айтты: — Әңгімелескісі келген кісімен сөйлеспесеңіз, адамнан айырыласыз.
Сөйлескісі келмейтін адаммен әңгімелесемін десеңіз, сөзден айрыласыз. Данагер адамды
да, сөзді де жоғалтпайды.
15.8/9. Ұстаз айтты: — Мақсатты ши - кітап құмар жөне адам сүйгіштігін сақтаған адам
құнын (жою) арқылы өмірді сақтап қалуға тырыспайды, оның үстіне олар адамсүйгіштікке
жету үшін өздерін құрбан етеді.
15.10. Цзы Гун қайтіп адам сүйгіш болады деп сұрады. Ұстаз жауап берді: — (Кезкелген)
шебер өз жұмысын жақсылап істегісі келсе, алдымен құрал-саймандарын әзірлейді.
(Сондықтан) сен қай патшалықта өмір сүрмегін, мемлекеттік шенеуніктердің тек
данагерлеріне қызмет ет, ши – кітап құмардың адам сүйгішімен ғана татулас.
15.12. Ұстаз айтты: — Болашақта не күтіп тұрғанын ойламаған адам ертерек сәтсіздікке
ұшырайды.
15.18. Ұстаз айтты: — Бекзат кісі әрдайым әділеттілік сезімін ескереді. Мұнысы
Ережелерді сақтайтын іс-әрекетінен, байыпты сөзінен, ісіндегі ақтық мінезінен білінеді.
Нағыз бекзат кісі осы.
15.19. Ұстаз айтты: — Бекзат кісі өз қабілетін көрсете алмағанына қайғырады, бірақ
адамдар оны білмеді деп мұңаймайды.
15.20. Ұстаз айтты: — Бекзат кісі өзі өмірден өткесін оның аты ескерілмей қалады ма деп
тынышы кетеді.
15.21. Ұстаз айтты: — Бекзат кісі өзінен талап етеді, ұсақ адам өзгеден талап етеді.
15.22. Ұстаз айтты: — Бекзат кісі қатал, бірақ дау-дамайға бейім емес, адамдармен тез тіл
табысады да, жікшілдікке бармайды.