167
13.22. Ұстаз айтты: — Оңтүстіктегілер айтады: "Кімде тұрақтылық болмаса, ол болжай
да, емдей де алмайды". Тауып айтылған сөздер! "Өзіңнің қасиеттеріңе тұрақты болмасаң,
онда ыңғайсыздыққа ұшырарсың". Ұстаз айтты: — Ондайлар болжамға бейімсіз.
13.23. Ұстаз айтты: — Бекзат кісі пікір таластырып бірлікке ұмтылады, бірақ құлақ салу
арқылы бірлікке ұмтылмайды. Кенже адам бірлікке пікір таластыру арқылы ұмтылмайды,
тек тіл алумен жеткісі келеді.
13.25. Ұстаз айтты: — Бекзат кісіге қызмет ету жеңіл, жағыну қиын. Егер оған жағынам
деп "тіпті) Дао-Жолды бұрмаласаң да, оның көңілі толмайды. Ол адамдарды қабілетіне
қарай (қызметке) пайдаланады. Кенже адамға қызмет ету қиын болса да, жағыну жеңіл.
Егер оған жағынам деп Дао-Жолды бұзсаң да, ол бәрі бір ырзалықта қалады. Адамдарды
(қызметте) пайдаланғанда, ол тек олардан толық бағынуды талап етеді.
13.26. Ұстаз айтты: — Бекзат кісі өзін, тәкаппарланбай-ақ, бірқалыпты және абыроймен
ұстайды. Кенже адам тәкаппар, әрі өзін бірқалыпты да абыроймен ұстай алмайды.
13.27. Ұстаз айтты: — Егер адам қатаң, батыл, қарапайым болса, сөзін жерге тастамайды,
содан ол адамсүйгіштікке жақын болады.
13.30. Ұстаз айтты: — Соғысқа үйретілмеген адамдарды жіберу, оларды өлімге қиғанмен
бірдей.
14-тарау. "Сянь сұрады..."
14.3. Ұстаз айтты: — Дао-Жол үстемдік ететін мемлекетте тура айтып, батыл әрекеттену
жон; Дао-Жолдан айрылған мемлекетте қимылға батыл, сөзге абай бол.
14.4. Ұстаз айтты: — Кім игілікті игерсе, ол міндетті түрде (көңілден шығатын) сөз
айтады, әйтседе кім (көңілден шытатын) сөз айтса да, әркез игілікті бола бермейді.
Адамсүйгіштікке берілген әрдайым батыл келеді, ал батыл жан міндетті түрде адам
сүйгіш бола бермейді.
14.6. Ұстаз айтты: — Бекзат кісілердің арасында да адамсүйгіштіктен арылғандар болады,
ал кенже адамдар арасында адам сүйгіштер кезікпейді.
14.10. Ұстаз айтты: — Кедей болып, жүрексінбеу — қиын, бай болып, дандайсымау —
жеңіл.
14.16. Цзы Лy айтты: — Хуань Гун өзінің ағасы Гунцзы Цзюді өлтірген де, (ағасының
тәлімгері) Шао Ху өзін-өзі өлтірді, бірақ (басқа тәлімгер), Гуань Чжун тірі қалды. Ол тағы
да сұрады: — Мүмкін, ол адам сүйгіш болмаған шығар? Ұстаз жауап берді: — Хуань-гун
патшалықтар басқарушыларының басын тоғыз рет күш көрсетпей-ақ біріктірді,— бұл
Гуань Чжунның еңбегі. Оның адамсүйгіштігімен кім теңесе алады! Кім оның
адамсүйгіштігімен теңесе алады!
14.17. Цзы Гун айтты: — Әйтседе, Гуань Чжун адам сүйгіш болған емес қой? Хуань-гун
Гунцзы Цзюді өлтірген де, ол (Гуань Чжун-Ж.М.) өзін-өзі өлтірмек түгіл, (Хуань-гунның)
бірінші кеңесшісі болды ғой. Ұстаз жауап берді: — Гуань Чжун Хуань-гунның бірінші
кеңесшісі ретінде оған (патшалардың) бастаушысы болуына көмектесті, Аспан
астыдағыларды біріктірді және жөндеді. Халық осы уақытқа дейін оның жақсылығын