Page 166 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

166
13.5. Ұстаз айтты: — Егерде үш жүз өлеңді түгел жатқа білетінге басқаруды тапсырсаң,
ондайлар бүл жұмысты алып кете алмайды, сондай-ақ оны көрші патшалыққа жіберсең де,
онда да істі өзінше шеше алмайды, сонда өлеңді көп жаттағанның қажеті қандай болмақ?
13.6. Ұстаз айтты: — Егер басшы өзін дұрыс ұстаса, онда істер бұйрықсыз-ақ жөнделеді.
Егер де басшы өзін дұрыс ұстай алмаса, онда қанша бұйрық болмасын, халық отан
бағынбайды.
13.9. Ұстаз Вэйга бара жатты, арбаны Жань Ю сүйреді. Ұстаз айтты: — Мұнда халық
қандай көп еді! Жань Ю сұрады: — Халық осындай коп болғанда, оны қалай қаратуға
болады? Ұстаз жауап ерді: — Алдымен оны байыту керек. Жань Ю таты да сұрады: — Ал
ол байысын-ақ, сонда оның мінез-құлығы әрмен қайтіп бағытталынбақ? Ұстаз жауап
берді: — Оны тәрбиелеу керек.
13.10. Ұстаз айтты: — Егер де (әмірші) мені (қызметте) пайдаланса, онда мен бір жылдың
ішінде тәртіп орнатар едім, ал үш жылдан кейін табысқа жеткізер едім.
13.13. Ұстаз айтты: — Егер адам өзін-өзі жөндей алса, онда оған басқару жұмысын атқару
қиын ба? Егер де өзін жөндей алмаса, онда өзгелерді қайтіп жөндемек?
13.18. Шэ-гун Кун-цзыға қарап айтты: Менің донымда (қауымдастығымда — Ж.М.)
турашыл адам бар. Оның әкесі қойды ұрлағанда, баласы ол туралы (билеушілерге) хабар
жеткізді. Кунд-цзы айтты: — Менің дянымда тіке адамдар сіздерден өзгеше, әкесі
балаларының кемшілігін, балалары әкесінің кемшілігін жасырады — туралық тұтқасы
осында ғана.
13.19. ФаньЧи адамсүйгіштік туралы сұрады. Ұстаз жауап берді: — Үйіңде өзіңді
қарапайым ұста, адамдармен шыншыл бол. Тіпті жабайыларға барсаң да, осы
(ұстанымдардан) бас тартпа.
13.20. Цзы Гун сұрады. — Кім мен – книжникпін (маңғазбын — Ж.М.) деп айта алады?
Ұстаз жауап берді: — Ар-ұятты кім (лайықсыз) қылықтан сақтай алса,— соны, және кім
басқа патшалықта жүріп-ақ тапсырманы орындаса,— соны, ши — книжник деп атауға
тұрарлық. Цзы Гун сұрады: — Кім оның соңынан ере алмақ, соны білгім келеді? (Ұстаз)
жауап берді: — (Кімде-кім оны) цзун-цзу ұлдық қадірлеушілікті (иемденді) деп
жариялайтын жөне (кімде-кім оны) сян-дан үлкен аталарының сүйіспеншілігіне (бөленді)
деп жариялайтын, солар ғана ермек.
(Цзы Гун) айтты: Кім оның соңынан ермек, соны білгім келеді. (Ұстаз) жауап берді: —
Сөзіне адал, ісіне батылдар, сондайлар тіпті кішкентай жас болса да, оның соңынан ере
алады. (Цзы Гун) сұрады: — Басқару жұмыстарымен ендігі шұғылданатындар, кімдер
олар? Ұстаз жауап берді: — Өкінішке орай, қабілеті өте төмен адамдар туралы не айтуға
болады?
13.21. Ұстаз айтты: — Ортасын шамалайтын адамдарды таба алмадым, соңдықтан өз
дегенін істейтін немесе сақтықпен қарайтын (адамдармен) жарасуға мәжбүрмін. Өз
дегенімен жүретін (кез келген іске) кіріседі, сақшыл жағымсыздықты айналып өтеді.