15
7.1. "Қымбаттым, адам он алты бөліктен тұрады. Он бес күн тамақ ішпе. Қажетіңе орай су
ішкің. Судан тыныс құралады; су ішкенде де тыныс тарылмайды".
2. Ол он бес күн бойы дәм-тұз татпады. Содан соң ол оған келді де айтты: "Мен нені
айтуым керек?". — "Қымбаттым, риг (өлеңдерін), яджус (дуасын), саман (өлең-
жырларын)" — деді ол. "Олар менің басыма әйтеуір кірмейді".
3. Ол оған айтты: "Қымбаттым менің! Үлкен оттан қалған шоқ шалысындай ұзақ
жанбайды, сол сияқты, қымбаттым, сен денеңнің он алты бөлігінің біреуі арқылы Веданы
есіңе түсіре алмайсың. Тамақтан! Соңына менен тағы да есітесің".
4. Содан кейін ол (Шветакету — ред.) тамақтанды. Соңынан ол оған келді. Ол не сұраса
да, оған жауап алды. 5. Ол (Уддалака — ред.) оған айтты: "Лапыл оттан қалған шоқтай
көмірді шөп-шалам арқылы тұтандырып жағуға болады жөне ол ұзақ маздап жануы да
ықтимал.
6. Дәл осылайша, қымбаттым, қолындағы он алты бөлшектен қалған жалғызды тамақ
арқылы жебелеуге болады. Енді сен сол арқылы Веданы еске түсіресің. Үйткені, тамақтан
— ой, судан — тынысы, ыстықтан — сөйлеу құралады". Мұны ол (Шветакету — ред.)
одан біліп алды.
(Ұйқы. Аштық. Шөлдеу)
8.1. Арунның ұлы Уддалака өзінің баласы Шветакетке айтты: "Қымбаттым, түс туралы
менен білерсің. Адам ұйықтаған кезде, қымбаттым, ол өзіне шоғырланып мәнге жетеді,
мұны мән деп айтады. Сондықтан ол туралы өзі өзіне жетіп ұйықтап жатыр дейді.
2. Жіпке байланған құс қонарға жер таппай, бір орыннан екінші орынға ұшып қонса, ойда,
қымбаттым, дәл солай, тұрақтар нұсқау таппай шоршиды да, тынысқа оралады. Үйіткені
ой дем алыста тыныстайды.
3. Аштық пен шөлдеу туралы да, қымбаттым, менен білерсің. Адамның қарны ашқан
кезде, сулар (оның) ішіп-жеген тамақ қалдықтарын жуып-шайып кетеді. "Жол бастаушы
сиыр", "жол бастаушы ат", "жөн айтушы адам" демекші, су туралы да оны тамақ айдар
арна деп айтады. Сондықтан, қымбаттым, бүл (аштық — ред.) — өскен көшеттей, түп-
тамырсыз болмайтынын ұғарсың.
4. Оның қоректенбейтін тамыры бола ма екен? Қымбаттым, көшетке дәл түп-тамыр
болатын тамақ арқылы суды ізде. Көшеттік ылғал арқылы, қымбаттым, ыстықтың түбірін
ізде. Ыстықтың қайнар көзі арқылы, қымбаттым, мәннің түйінін ізде. Қымбаттым, мән —
күллі жасалынғанның түп-тамыры, мән — олардың тұрақтауы, мән — олардың тірегі.
5. Одан кейін. Адам шөлдегенде, ыстық (оның) ішкен - жегенін бойға тартып сіңдіреді
дейді. "Жол бастаушы сиыр", "жол бастаушы ат", "жон айтушы адам" демекші, дәл солай,
ыстықты судың қайнары деп айтады. Сондықтан, қымбаттым, біліп қой, бұл (шөлдеу —
ред.) — өніп-өскен көшеттей, ол түбірсіз болмайды.
6. Сусыз жерде оның түбірі болуы мүмкін бе? Бұлақ қуған судан, қымбаттым, ыстықтың
қайнар көзін іздерсің. Ыстықты бойлаған көшеттен, қымбаттым, мәннің түп-тамырын ізде.
Мән — күллі жасалынғанның түп-тамыры, қымбаттым, мән — олардың тұрақтауы, мән —