Page 156 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

156
4.16. Ұстаз айтты: — Бекзат қайраткер тек әділеттілікті ойлайды, ұсақ пенде пайданы ғана
ойлайды.
4.17. Ұстаз айтты: — Данышпанды көрсең, онымен теңелуге тырыс. Дарақыны көріп,
өзіңді-өзің талқылағын.
4.18. Ұстаз айтты: — Әкеңмен немесе анаңмен сөйлескенде жұмсақ та кішіпейіл болғын.
Егерде сенің ниетің олардың көңілінен шықпаса да, бәрібір құрметте,— олардың еркіне
қарсы келме. Сен өзің шаршасаң да, күңкілдеме.
4.19. Ұстаз айтты: — Әке-шешең тірі де, ұзаққа (көшіп) кетпегін. Егерде ұзап кетсең, бір
орында тұрақты өмір сүр.
4.20. Ұстаз айтты: — Егер (бала) әкесі (қайтыс болғаннан кейін) үш жыл бойы оның Дао -
Жолын жөндемесе, мұны ұлдың құрметі деуге тұрарлық.
4.21. Ұстаз айтты: — Әке мен шешенің жасын ұмытуға болмас, бір жағы,— қуанасың, бір
жағы,— мазаланасың.
4.22. Ұстаз айтты: — Бұрынғы кезде сөзде тұра алмай қалам ба деп, көп уәде бермеген.
4.23. Ұстаз айтты: — Ұстамды адамның қателесуі де сирек.
4.24. Ұстаз айтты: — Бекзат қайраткер уәде беруге асықпаса да, ісіне жылдам.
4.25. Ұстаз айтты: — Рақымды жалғыз қалмайды, отан міндетті түрде көршілер табылады.
4.26. Цзы Ю айтты: — Әміршіге қызмет етудегі беймазалық масқаралыққа ұшыратады.
Беймазалық достарыңды да өзіңнен алшақтатады.
5-тарау. "Гунье Чан..."
5.9. Ұстаз Цзы Гуннан сұрады: — Осы сен мен Хуэйдің қайсысын да қабілет басымдау?
Цзы Гун жауап берді: — Өзімді Хуэймен салыстыруға батылым жетпейді.Хуэй бір
нәрсені есітсе, оның он тармағын түгендеп береді. Ал мен болсам, бір нәрсені есітсем, тек
келесісін ғана айта алам. Ұстаз айтты: — Тең еместік айқын. Менде қосылам, сен оған тең
емессің.
5.10. Цзай Юй күндіз қалғып кетеді. Ұстаз айтты: — Шірік ағаш оюға жарамайды, көң
қоқыммен қабырғаны ағарта алмассың. Мен Юяны не үшін жазғырамын? Ұстаз (тағы да)
сөйледі: — Мен бұрын адамдар нені айтса, соны тыңдадым және олар өз сөзінде тұрады
деп сендім. Енді адамдардың айтқанын тыңдай отырып, мен оларды өз сөзін қалай
орындайтынын тексеретін болдым. Осы өзгеріс Юяның арқасында болды.
5.11. Ұстаз айтты: — Мен табанды адамды кезіктірген емеспін. Біреу сұрады: — Шэн
Чэн ше? Ұстаз жауап қайтарды: — Тән құмарлыққа ұрынады. Мұндайда табандылыққа
орын қала ма?
5.12. Цзы Гун айтты: — Адамдардың мені алдағанын ұнатпаймын және өзімде адамдарды
алдағым келмейді. Ұстаз айтты: — Алданба! Бұған сен ешқашанда жете алмайсың.