Page 157 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

157
5.13. Цзы гун айтты: — Ұстаздың вэнь - мәдениет туралы ой-пікірін естуге болады. Ал
Ұстаздың адамның табиғаты және Аспан Даосы - Жолы туралы ой-пікірін есітуің мүмкін
емес.
5.14. Цзы Лy бірдеңені есітіп, оны орындай алмағанда, тағы да осыған (ұқсас) бірдеңені
есітіп қалам ба деп қауіптенетін,
5.15. Цзы Гун сұрады: — Кун Вэнь цзыны өлгеннен кейін неге Вэнь деп атап кеткен?
Ұстаз жауап берді: — Ол ақылды да, іскер болды. Оның үстіне ол оқығанды ұнатты және
өзінен кішілерден әрдайым кеңес сұрағанды ұятқа жатқызбады.
5.16. Ұстаз Цзы Чан туралы айтты:Ол бекзат қайраткердің төрт бірдей Даосын иемденді:
қимыл-әрекетте өзін-өзі сыйлауды көздеді, мәртебелі қызметте жауапкершілікті бетке
ұстады, халық өсиетінен мейірімділікті ескерді, халықты басқаруда әділеттілікке жүгінді.
5.20. Цзы Вэнь цзы әрбір іске кірісер алдында, оны үш қайтара саралайтын. Ұстаз мұны
есітіп айтты: — Екі ретте жетеді.
5.21. Ұстаз айтты: — Дао-Жол мемлекетте үстемдік еткен кезде, Нин Уңзы (өзін)
білетіндей көрсетті; мемлекет Дао-Жолдан арылған кезде, ол (өзінің) ақымақтығын
көрсетті. Онымен білім жағынан жарысуға болар еді, бірақ ақымақтықпен жарысу —
орынсыз - ақ.
5.26. Янь Юань мен Цзы Лy Ұстаздың қасында тұрды. Ұстаз айтты: — Әрқайсыңа өз
ниеттерің туралы неге айтпасқа? Цзы Лу айтты: — Менің жолдастарым да күйме арбаны,
аттарды, тон шапанды менімен бірдей пайдаланса деймін. Егер олар мүлікті бүлдіріп
қойса да, мен ашуланбас едім.
Янь Юань айтты: — Менде өз абыройымды дәріптегім және сіңген еңбегімді тізгім
келмейді. Цзы Лу айтты: — Енді Ұстаздың тілегін есітсек. Ұстаз айтты: — Үлкендердің
тыныштықта өмір сүруі, дос-жарандардың шыншыл болуы, кішілердің (үлкендерге)
қамқорлық жасауы жөн-ақ.
5.27. Ұстаз айтты: — Гәп осында! (?) Мен (әлі) өз қатесін көріп, өзін-өзі cөге алатын
адамды кезіктірмедім.
5.28. Ұстаз айтты: — Тіпті он үйден тұратын қоныста да тура сөзді, адал жандар табылуы
әбден мүмкін, бірақ мен олардан (бәрібір) ілімге деген талпынысыммен асып түсем.
6-тарау. "Юнге байланысты..."
6.3(1). Ай-гун сұрады: — Сіздің шәкіртіңіздің қайсысы оқуды бәрінен де жақсы көрді?
Кун-цзы жауап берді: — Янь Хуэй оқығанды бәрінен де жақсы көрді. Ол ашуланбады,
қателігін қайталамады. Өкінішке орай, ол өмірден ерте қыршын кетті. Қазір ондай
ынталылар жоқ. Біреудің оқуды сондай ұнатқанын есіткен емеспін.
6.8. Цзы Канцзы сұрады: — Чжун Юді (мемлекетті) басқаруға тартуға болады ма? Ұстаз
айтты: — Ю батыл. Басқаруға отан рұқсат беру туралы қандай күмән болуы мүмкін? (Цзи