Page 155 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

155
4.2. Ұстаз айтты: — Адамды сүюден қалған ұзақ кедейлікке телінбейді, толқып қуанышқа
да енбейді. Адамды сүйетін сүйіспеншілікке сыйымды, данышпан пайдаға тыйымды.
4.3. Ұстаз айтты: — Адамды сүйетін ғана адамдардың (кейбіреуін) ұната, (кейбіреуін) жек
көре алады.
4.4. Ұстаз айтты: — Адамсүйгіштікке берілген, зұлымдық жасауға ермеген.
4.5. Ұстаз айтты: — Байлық пен беделге адамның бәрі де ұмтылады. Егер осы мақсатқа
жеткізетін Дао-Жол анықталынбаса, адамдар дегеніне жете алмайды. Кедейлік пен жек
көру — барлық адамдардың ұнатпайтыны осы. Егерде жағымсыздықтан құтылдыратын
Дао-Жол айқындалынбаса, онда адам кемтарлықтан құтыла алмайды. Егер бекзат
қайраткер адамсүйгіштіктен арылса, онда ол жоғары мәртебеге лайықты ма? Бекзат
қайраткер тамақ үстінде де адам сүйгіш ықыластан ықпайды. Ол асықса да, қиналса да
үнемі осы ықыласпен бірге.
4.6. Ұстаз айтты: — Мен адам сүйгіштікті ұнататындарды және адамды сүю қабілетінен
арылғандарды жек көрушілерді көрмеппін. Адамды сүйіспеншілікпен ұнататын сезімнен
жоғары ештеңе жоқ. Адамды сүю қабілетінен арылғанды жек көруші адамға сүйсінсе де,
оны адамды ұнатпайтындарға жақындатпайды. Кім күнбойы адам сүйгіш болып қалар
екен? Мен адамды сүюге күш-қуаты жетпейтін адамдарды көрмеппін. Мүмкін, мен
көрмеген ондай адамдар бар да шығар.
4.7. Ұстаз айтты: — Әрбір адамның қателіктері оның
данында
(қаралады). Тек
қателіктерді талқылағаннан соң, адамды сүюге (оның лайық екенін) білуге болады.
4.10. Ұстаз айтты: — Бекзат қайраткер, Аспан астындағы істер мен мінез-құлықтарды
бағалау арқылы біржақтылыққа ұрынбайды, ол әрқашан әділеттілікті көздейді.
4.11. Ұстаз айтты: — Бекзат қайраткер моральді сақтауға басымырақ көңіл бөледі;
кішкене адам мекен-жайын ғана ойлайды. Бекзат қайраткер заң бұзылмаса екен дейді,
кішкене адам қайырымдылықты ғана күтеді.
4.12. Ұстаз айтты: — Жеке басының қамынан туындаған қимыл-әрекет күшті наразылық
тудырады.
4.13. Ұстаз айтты: — Егер мемлекетті (Ережеге) сүйене отырып басқарса, онда қандай
қиыншылықтар болуы мүмкін? Егер (Ережені) икемдей мемлекетті басқаруға жаратпасақ,
онда мұндай (Ережелердің) қажеті неде?
4.14. Ұстаз айтты: — (Жоғары) шен атқармадым деп, қайғырма; егер қабілетің қызметке
сәйкес келмесе, соған қамық. Адамдар мені білмейді деп, қамықпа; оз қабілетіңді қалай
жетілдіре бастасаң, солғұрлым адамдар сені біледі.
4.15. Ұстаз айтты: — Шэнь! Менің Дао - Ақ жолым Бірлес пен тұтас. Цзэн-цзы жауап
берді: — Расында ма! Ұстаз шыққан соң, шәкірттері сұрады: — Бұл дегеніңіз не? Цзэн-
цзы жауап берді: — Ұстаз Жолы екі ұғымды — чжун – сенімді және шу – кешірімділікті
қамтиды.