152
2.18. Цзы Чжан мемлекеттік еңбек ақы алу үшін оқышы. Ұстаз айтты: — Көп тыңда,
ұстамды бол, күдіктенсең, өзгелер туралы байқап сөйле,— сонда ғана кекшілдік аз
болады. Үнемі бақылаудан жалықпа, қауіпті айналып от, қалғанын байқап істе,— сонда
өкінішке сирек ұрынасың. Егер сөзіңде кінәлаушылық аз болса және мінез-құлықтарына
сирек өкініп жатсаң, онда мемлекеттік еңбек ақы болады.
2.19. Ай-Гун сұрады: — Халық бағыну үшін нені қамдау керек? Кунд-цзы жауап берді:
—
Егер туралықты көтермелеп, оны қисық-қыңырдан жоғары қойсаң, онда
халықтың өзі-ақ бағынады. Егер қыңыр-қисықты қолпаштап, туралықты
жаншысаң, онда халық бет-бетімен кетеді.
2.20. Цзи Канцзы одан сұрады: — Халық ілтипатпен ізет, қошамет, сый-сияпат істей
білуі үшін және оны соған көндіру үшін — не істеу керек, қалай істеу керек? Ол айтты: —
Халыққа ұлы деп қара, сонда ол қастерлі құрметті болмақ. Өзіңнің балалық тақуалығың
(?) мен әкелік сүйіспеншілігіңді танытсаң, халық беріліп қызмет етеді. Жақсыларды
жарылқа, қолдағын, ал оқи алмағандарды үйрет,— сонда халық ақыл-кеңесіңе иланады.
2.21. Біреу Кун-цзыдан сұрайды: — Сіз неге (мемлекетті) басқаруға қатыспайсыз? Ұстаз
жауап берді: — "Тарих (Кітабында)" айтылған: "Егер балалық құрмет қошемет көрсетем
десең, оны көрсет, тек үлкен-кіші бауырларыңмен татулықта бол". Ел басқарудың мән-
жайы осында. Осы тұрғыдан, (менде) ел басқаруға тегі қатысып жүрген деймін. Ел
басқару үшін міндетті түрде қызметте болу шарт па?
2.22. Ұстаз айтты: — Адамда ар-ұяттың болмауы мүмкін бе, білмеймін. Мұның өзі,
үлкен арбаның мойынтұрығын ұстатқызуға жарамайтын келте оқ ағашына, әйтпесе
жарнасын көлденең шабақпен жалғастыратын шүберені жоқ кіші арбаға ұқсайды. Онсыз
олар қозғалады ма?
2.23. Цзы Чжан сұрады: — Он ұрпақтан кейін не болатынын білуге болады ма?. Ұстаз
жауап берді: — Инь (династиясы) Ся (династиясының) жөн-жобасын мұра етті. Мұрадан
нені қабылдамағанын, нені қосқанын білуге болады. Чжоу (династиясы) Инь
(династиясының) Ережелерін мұра тұтшы. Мұрадан нені қабылдамағанын, нені қосқанын
білуге болады. Сондықтан Чжоу (династиясын) жүз ұрпақтан кейін де кім
алмастыратынын білуге болады.
2.24. Ұстаз айтты: — Ата-бабаларың еместердің рухына құрбандық шалу —
жарамсақтық. Оз борышыңды өтердегі әрекетсіздік — қорқақтық.
3-тарау. "Сегіз қатарлар..."
3.3. Ұстаз айтты: — Адамды сүймейтін — адам! Мұнда қандай рәсім салт ұсталынбақ?
Адамды сүймейтін адамда, қандай өн мен сән болмақ?
3.4. Линь Фан Ережелердің мән-жайын сұрады. Ұстаз жауап берді: — Бұл мәселе өте
маңызды. Егер әңгіме тұрмыстағы күнделікті әдет-ғұрып туралы болса, онда артық
сәнділіктен бас тарт. Жерлеу шеруінде (рәсім салтты орындаудағы) мұқияттылықты
ойлаудан гөрі, қайғырып күйінген әсерлі.