153
3.5. Ұстаз айтты: —
И
және
ди
сияқты (жабайылардың) тіпті өз көсемдері болса да, олар
әміршісінен айрылған тұтас
сямен
теңесе алмайды.
3.7. Ұстаз айтты: — Бекзат қайраткер ешқашан да бақталаспайды. Қажет дегенде, тек
садақ атысар жарыстан қалыспайды. Ол (садақ ататын) залға ілтипатпен сәлемдесіп, жол
бере кіреді, ал шығарда бір чарқа шарап ішеді. Мұндай бәсекелестік бекзат қайраткерге
жарасымды.
3.8. Цзы Ся сұрады:
— "Ой, күлкің қандай керемет, нәзіктеу,
Жарқын көзің назыменен кәніктеу,
Түсті өрнек аппақ жүзге сезіктеу!"
Бұл өлеңдердің мағынасы қандай? Ұстаз жауап берді:
—
Бет келбетті алдымен ақтайды, соңына түрлі түске бояйды. Цзы Ся тағы
сұрады:
—
Мұндай жағдайда Ережелер (адамсүйгіштікке) негізделген бе?. Ұстаз жауап
берді:
— Шан, сен ғана мені түсінесің! Енді сенімен "Өлеңдер" туралы пікір алысуға
болады!
3.9. Ұстаз айтты: — Мен Ся династияның салт-жоралары туралы айта аламын, ал Цзи
(тағдырының) жораларын алсақ, оған дәйектер жеткіліксіз. Инь династияның салт-
жоралары туралы айта аламын, ал Сун (тағдырының) жораларын алсақ, оған да дәйектер
жеткіліксіз. Себеп — мәтін мен даналардың аздығында. Егер (салт-жора) бар болса той,
оларды пайдалана алар ем.
3.10. Ұстаз айтты:
Ди
-гe құрбандық шалу рәсіміндегі (жерге) төгілген шараптың
ысырабына тіптен қарап тұрғым келмейді.
3.11. Біреу, ди құрбандығының мән-жайы неде,— деп сұрады. Ұстаз жауап берді: —
Білмеймін. Кім (мұны) білсе, көгілдір Көкті басқару (қиын емес) — ол үшін бұған қарау
бәрі бір. Сөйтіп өзінің ашылған алақанын корсетті.
3.12. (Ұстаз) ата-бабаларға көзі тірісіндегідей құрбандық шалады; аруақтарға да, олар
қасында тұрғандай, құрбандық шалады. Ұстаз айтты: — Егер мен құрбандық шалуға
араласпасам, онда мұным тасаттық әкелмеген сияқты көрінеді.
3.13. Вансунь Цзя сұрады: — Мәтелде: "Батыс аймағындағы ао (деп аталатынға) бас
игенше, Цзао әулетінің аруағына дұға оқыған артық"— дейді. Солай ма? Ұстаз жауап
берді: — Олай емес. Егер көгілдір Көк алдында күнәлансаң, онда жалбарынғаның
пайдасыз.
3.14. Ұстаз айтты: — Чжоудың ордасын екі династия тұрғызған. (Оның жоралғысы)
қандай көрікті де жарасты! Мен Чжоудың рәсімін құптаймын.
3.15. Ұстаз (Чжоу-гуннің) Үлкен ордасына кірісімен, не істелініп жатқаны туралы бәрін де
тәптіштеп сұрай бастайды. Біреуі айтты: — Цзоуда тұратын адамның баласы Ережелерді
жақсы біледі, деп осы кім айтқан еді? Үлкен ордаға кірісімен, ол ұсақ-түйекті түгел