Page 151 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

151
2.5. Мэн Ицзы балалық қошеметтеушілік туралы ой-пікірді қалай түсінуге болатынын
сұрады. Ұстаз жауап берді:
Ережелерді бұзбағын. Фань Чи Кунд-цзы мінген арбаны айдайды. Ұстаз
айтты: — Мән Ицзы менен балалық қошеметтеушілік туралы сұраған еді.
Мен: Ережелерді бұзбағын,— деп жауап бердім. Фань Чи сұрады: — Бұл
сөздерді қалай түсінуге болады? Кунд-цзы жауап берді: — Ата-ананың көзі
тірісінде оларға Ережелер аясында (?) қызмет ет; олар қайтыс болғанда
Ережелердегі рәсім - салтты орындап жерге көмгін, ас бергін.
2.6. Мән Уби балалық қошеметтеушілік туралы сұрады. Ұстаз жауап берді: — Әке мен ана
балаларым тек ауырмаса екен деп тілейді.
2.7. Цзы Ю балалық қошеметтеушілік туралы сұрады. Ұстаз жауап берді: — Енді
(кейбіреулер) балалық қошеметтеушілікті өздерінің ата-анасын асырау ғана деп ұғынады.
Олай десек, иттер мен биелер де асырайды ғой. Егер ата-анаға деген қошамет терең
құрметсіз істелінсе, онда мұндай берілушіліктің айырмашылығы неде?
2.8. Цзы Ся балалық қошеметтеушілік туралы сұрады. Ұстаз жауап берді: — Үнемі
қуанышты жеткізу қиын-ақ. Егер кішілер жұмыстағы қамқорлықты өзіне алса, ал
үлкендер шарап пен тамақты иемденсе, мұны балалық қошаметтеушілікке жатқызуға
болады ма?
2.9. Ұстаз айтты: — Мен күні бойы Хуэеймен сөйлестім. Ол болса түк білмейтіндей маған
бірде қарсы келген жоқ. Ол кеткесін оның өмірлік жолын байқап пайымдасам, Хуэйдің
тіпті ақымақ еместігіне көзім жетті.
2.10. Ұстаз айтты: — Оның қылық әрекеттерін бақылаймын, іс-әрекетке түрткі болатын
себептерді талдаймын, оны жұбататын не екенін анықтаймын. Мұндай адам өзінің қыры
мен сырын жасыра алады ма?
2.11. Ұстаз айтты: — Кімде-кім ескіні қайталай, одан жаңаны таба алса, ол жетекші
болуға лайық.
2.12. Ұстаз айтты: — Бекзат қайраткер (ұлық) құрал емес.
2.13. Цзы Гун бекзат қайраткер туралы сұрады. Ұстаз жауап берді: — Ол алдымен сөзін
іске асырады, соңына іске ереді.
2.14. Ұстаз айтты: — Бекзат қайраткер шамданбай-ақ (адамдарды) топтастырады,
кішкентай талпынса да, топтастыруға дәрменсіз.
2.15. Ұстаз айтты: — Оқып ойланбау — пайдасыз, ойланып оқымау — (өзіңді) қауіпке
ұшырату.
2.16. Ұстаз айтты: — Өзінше ойлағанға тап беру — жойқыншылық.
2.17. Ұстаз айтты: — Ю, сені білімді қалай анықтауға болатынына үйретейік пе? Егер бір
нәрсе білсең, білемін деп үқ; ал егер білмесең, білмегеніңді мойында. Білім дегеніміз осы.