14
4.1. Оттың қызарған жалыны — ыстықтың жалыны, ақшамы — судың (шағылысы),
қарасы — қатты нәрсенің (шағылысы). Оттан ыстық жалын сөнді. ("От") атауы — бұл
(тек) сөздің айналымы, өзгерістері, шындық осы үш көрініс қосындысында.
2. Күннің қызыл арайы — ыстықтың жалыны, ақшамы — судың (шағылысы), қарасы —
қаттылықтың (шағылысы). Күннен жарық сөнді. ("Күн") атауы — бұл (тек) сөз айналымы,
түр өзгерісі, шындық осы үш көрініс қосындысында.
3. Айдың қызыл арайы — ыстықтың жалыны, ақшамы — судың (шағылысы), қарасы —
қаттылықтың (шағылысы). Айдан айдын сөнді. ("Ай") атауы — бұл (тек) сөз айналымы,
түр өзгерісі, шындық осы үш көрініс қосындысында.
4. Найзағайдың қызыл арайы — ыстықтың жалыны, ақшамы — судың (шағылысы),
қарасы — қаттылықтың (шағылысы). Найзағайдан жай түсті. ("Найзағай") атауы — бұл
(тек) сөз айналымы, түр өзгерісі, шындық осы үш көрініс қосындысында.
5. Андасақ, мұны бұрынғы үлкен үйлердің иелері білгенді, көпті білген (данагөй) олар
айтты: "Бізге ешкімде есітпегенді, ойланбағанды, танымағанды айта алмайды". Олар осы
(үш құдіреттен) бәрін де білген.
6. Олар: "Қызыл дегеніміз ыстықтың жалыны" екенін білді. Олар: "Ақ дегеніміз судың
шағылысы" екенін білді. Олар: "Қара дегеніміз қаттылықтың шағылысы" екенін білді.
7. Олар: "Танымағандық дегеніміз осы үш құдіреттіліктің қосындысы" екенін білді. —
Қымбаттым менің, (олардың) әрқайсысы адамға жеткенше қалайша құдіреттілікке
айналғанын менен білерсің.
(Ой, тыныс, сөйлеу)
5.1. Бойға сіңетін ас үшке бөлінеді: сасық қиы — нәжіске, орташа түрі — етке, ең нәзігі —
ойға айналады.
2. Суларды ішкен кезде, олар да үшке бөлінеді. Оның лас бөлігі — сідікке, орташа
қорытпағы — қанға, ең нәзігі — тынысқа айналады.
3. Қызуды сіңіргенде үш бөлікке бөлінеді. Оның қатқыл түрі — сүйектерге, орташа түрі —
етке, ең нәзігі — тынысқа айналады.
4. "Қымбаттым менің, тамақтан — ой, судан — тыныс, қызудан — сөйлеу нәр алады". —
"Мырза, мені тағы да үйретіңізші". — "Жарайды, қымбаттым" — деді ол.
6.1. "Қымбаттым! Сүтті піскенде, оның көбіктеніп жоғары көтерілгені майға айналады.
2. Дәл осылайша, қымбаттым, тамақтың нәрін бойға сіңіргенде, ол жоғары көтеріліп ойға
айналады. 3. Қымбаттым менің! Судың да таза бөлігін ішкенде, ол жоғары көтеріледі де
тынысқа айналады. 4. Ыстықтың нәзігі бойға сіңгенде, ол жоғары көтеріледі де сөзге
айналады. 5. Қымбаттым, ішкен тамақтан — ой, судан — тыныс, ыстықтан — сөз
туындайды". — "Мырза, мені тағы да үйретіңізші". — "Жарайды, қымбаттым" — деді ол.