145
ұлдары мен немерелеріне тапсыратын еді. Бірақ мына себептермен буларды
жасау мүмкін емес: (жол) ішінде (маңыздысы) болмаған (адамдарда)
тұрақтамайды; сырт пішіні (оған) сай келмейтін (адамдарға) ол жоламайды.
(Егер жол) шен бастау алып жатса, (онда) сырттан қабылданбайды, дана
адам(нан) бастау алмайды; (егер) сырттан кірсе, (онда) ішінде маңызды
болмайды, және де ақылды адам (оны) жасырмайды.
Атақ-даңқ — ортақ жетістік, (оның) көбісін алуға болмайды. Мейірімділік пен әділдік —
(бұл) көне патшалардың арасындағы мекен сияқты, (ол жерде) бір рет түнеп шығуға
болады, бірақ ұзақ өмір сүруге болмайды, көптеген қарсыласқан адамдар азарлайтын
(болады). Көне заманның шын адамдары ұшсыз - қиырсыз бостықта саяхат жасау үшін,
кішірек жайылымда қоректену үшін,— қарызға алынбаған — кепілдікке берілмеген —
егінжайды өңдеу үшін, (еркіндікте), әрекетсіздік ішінде өмір сүру үшін, мейірімділік
жолынан өтіп, әділдіктің жанында түнеп шығу үшін тоқтайтын. Кішірек жайылымда
қоректену оңай, кепілдікке берілмеген — қарызға алынбаған егінжайдан — қарыз бермеу.
Көне адамдар бұған шынайылық жинау үшін саяхаттау дейтін. Шынайылықты байлық деп
есептейтін адам жалақысын басқаларға беруге жол бере алмайды; шынайылықты атақ-
даңқ деп есептейтін адам басқаларына атақ-даңқын бере алмайды; шынайылықты билік
деп санайтын адам (оның) тізгінін басқаларына бере алмайды. Мұның (бәрін) қолында
ұстап тұрған (адам) — қалтырайды; оларды берген (адам) — азап шегеді. Бұлардың еш
(қайсысында) (өзін өзі) көретін айна жоқ: тоқтату жасамаған адам табиғатты өлтіруші
(болып шығады). Ашу мен кешірім, алыс-беріс, кеңес пен үйрету, өмір мен өлім жазасы —
бүл сегіз (әрекет) — қатені түзелтудің құралдары. Алайда бұны тек қана ұлы өзгерістердің
соңынан еріп, еш нәрсеге кедергі жасамайтын адам ғана қолдана алады. Сондықтан да
былай деп айтылды: "Қатені түзелтуші адам — дұрыс (әрекет жасайтын) адам". Жүрегі
бұған келіспейтін адамның алдында табиғат қақпасы ашылмайды. Кун Фу-цзы Лао-цзыға
кездесіп, мейірімділік пен әділдік туралы әңгіме-дүкен құрды.
(Егер) жарманы желде елеп тұрып көзіңе тозаң кіргізіп "аң,— деді Лао-цзы,— аспан мен
жер, дүниенің төрт лас орындарын ауыстырады. (Егер) маса мен шіркейін тастаса, түні
бойы үйықтай алмайсың. (Дегенмен) мейірімділік пен әділдікке байланысты қайғы-
қасіреттен артық ылаң жоқ — (ол) жүрегімді күйдіреді. Егер сендер Аслан асты өзінің
қарапайымдылығын жоғалтпауы үшін тырысып баққан болсаңыз, сендер желге еліктеп
қимылдаған болар едіңдер, (табиғи) қасиеттерге қайта оралып тоқтаған болар едіңдер.
Неге соншама жан ұшырып, жоғалып кеткен ұлыңызға іздеу салған кісіше (барлық)
қимылсыз және қозғалмалы дабылдарды қағып жатырсыз? Аққу күн сайын шомылғаннан
аппақ болған жоқ қой, қарға да күн сайын кір болғаннан қара болған жоқ. Ақ пен қараның
қарапайымдылығы бұл туралы сөз тартысудың керегі жоқ; ат пен атақ-даңқтың сұлулығы
оны арттырудың керегі жоқ.
Су бастауы кеуіп қалған кезде балықтар бірін бірі демеп, бір-біріне демімен, сілекейімен
ылғал беруге (тырыс) таяздау жерге жиналады. (Бірақ) олардың өзен-көлдің (кең
суларында) бірін бірі ұмытып кеткені артық еді. Кун Фу-цзы Лао-цзымен жолығып үйіне
қайтып келген соң, үш күн бойы үндемеді.
—
Ұстазым, (сіз) Лао-цзыдан не алып қайттыңыз? — деп сұрады оқушылары.
—
Қазір мен оның Аждаһа екенін көрдім,— деді Кун Фу-цзы. — Аждаһа
(дөңгеленіп) ширатылып еді, дене пайда болды, түзу жатып еді ою-өрнек
пайда болды, бұлттың үстінде, эфирде ұшты, ыстық пен суықтың