Page 146 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

146
(күштерімен) қоректенді. Мен ауызымды ашып қарап қалдым, (оны) қайта
жаба алмадым. Мен қалай Лао-цзыға еліктеймін!
Мұндай жағдайда,— деп сұрады Цзыгун,— ол адам Мәйіттің қозғалыссыз
күйіне, Аждаһаның кейпіне кірмей ме, найзағайдың күркіреуімен және су
иірімінің үнсіздігімен аспан мен жерге ұқсап әрекет етпей ме? Сы, (мен) де
(оны) көре аламын ба? — Кун Фу-цзының атынан (Цзыгун) Лао- цзымен
жолықты.
Лао-цзы залда тізе бүгіп отыра қалды да, әлсіз дауыспен былай деді:
Жасым жер ортасынан ауды, (мен) қайтып барамын. Сендер мені неден
сақтандырғыларың (келеді)?
(Сіз), Бұрын туылған, неге үш патша мен бес баба дана болмады деп
ойлайсыз? — деп сұрады Цзыгун. — (Олар) Аспан астында эр түрлі билік
жүргізді, бірақ бірдей атақ-даңққа ие болды.
Жақынырақ кел, бозбала,— деді Лао-цзы. — Сен неге оларды (әр түрлі)
билік жүргізді деп ойлайсың?
Жоғары мәртебелі Арашалаушыға (билікті) өткізді, Арашалаушы — жас
Аждаһаға,— деді Цзыгун. — жас Аждаһа білек күшін жұмсады, ал сынаушы
— әскери күшін. Әсем патша Адамгершілік сізге бағынып, оған қарсы келе
алмады. Батыр патша Адамгершілік сізге қарсы келіп, (оған) бағынғысы
келмеді. Сондықтан әр түрлі деп тұрмын.
Жақынырақ кел, бозбала,— деді Лао-цзы.
Мен саған үш патша мен бес бабаның Аспан астын (қалай) билегенін баяндап берейін.
Аспан астын билеген Сары Баба адамдардың жүректерін бірлестірді. Ата-анасы өлген
(кезде) (балалары) оларды жоқтап жылады, халық (оларды) сөккен жоқ. Жоғары
Мәртебелінің заманында Аспан астындағы адамдардың жүрегінде туысқандық сезім
(пайда болды). (Егер) өз ата-анасының өлгені үшін адамдар бөтен (ата-аналардың) өліміне
аз (мағына) беріп жатқанда, халық оларды сөкпеді. Арашалаушының заманында аспан
астындағы адамдардың жүрегінде бәсекелестік (пайда болды). Әйелдер он ай жүкті болған
соң босанатын болды; туғанына бес ай толған балалар сөйлей бастайтын болды; (күлуді)
үйренбей жатып адамдарды тани бастады және сол кезде кішкентай жаста өле бастады.
Жас Аждаһа заманында Аспан астындағы адамдардың жүректері өзгерді. Адамдарда
құштарлық пайда болды, ал қару (қолдану) үшін — негіз: қарақшыны өлтіруді адам өлтіру
ретінде (санамайтын болды). Адамдар мен Аспан астын (әр қайсысы үшін өзінің) ру
тайпаларға бөлетін болды. Сондықтан аспан астын үлкен кесапат орап алды. Кун Фу-
цзышілер мен моисттер көтерілді. Адамдар арасындағы қарым-қатынас ережелері
солардан бастау алды, ал қазір тіпті жұбайлық (қатынастар) да. Басқа не айтуға болады!
Мен саған үш патша мен бес бабаның аспан астында қалай тәртіп орнатқанын айтып
берейін. Аты — тәртіп орнатты болды ғой, бірақ бұдан асқан былық осы күнге дейін
болған емес. Үш патша өздерінің білімдерімен жоғарыда күн мен айдың сәулесін бұзды,
төменде — тау мен өзендердің мәнін бұзды, ортада — жылдың төрт мезгілінің берекесін
азайтты. Олардың білімдері шаян құйрығының уынан, сянь-гуй деген аңнан бетер еді.
Олардың ұялулары керек емес пе еді? Өзінің табиғатында тыныштық таба алмаған (олар)
өздерін тағы да ақылды санайтын. Олар — арсыздар! Цзыгун сасып әрі ұялып (орнында)
мелшиіп тұрып қалды.
Кун Фу-цзы Лао-цзыға былай деді: