144
Чэнь мен Цай арасында қоршауға алынып, жеті күн бойынша ыстық тамақсыз, өлім мен
өмір арасында (қалды) — бұл көзіне шаң-тозаң кірген емей немене? Былай қарасаңыз, су
бетімен жолға қайықпен шыққанға не жетсін, қара жолда — арбаға не жетсін. Қайықпен
су жүзінде жол жүруге болады, ал қара жолда қайықты итеру — ғұмырың бойынша еш
адым атпау демек емес пе? Әлде судың қара жолдан айырмашылығы бар болғанындай,
көне заманның біздің заманымыздан айырмашылығы жоқ па? Әлде қайық пен арба
арасындағы айырмашылық сияқты, Чжоу тәртібінің Лу тәртібінен айырмашылығы жоқ
па? Қазіргі заманда Луда Чжоу заңдарын қолдану — қайықты қара жолда итерумен пара
пар болмай ма? Қажытушы және пайдасыз, әрі денсаулыққа зиян. Кун Фу-цзы
қозғалыстың шексіз екендігін, нәрселерге сай болумен (бүкіл даму) шексіз. Әлде сен
(құдық) тырнасын көрмедің бе? (Суды) тартсаң — иіледі, жіберсең — жоғары көтеріледі.
Оны адам иілтіп отыр, керісінше ол адамды иілтіп отырған жоқ. Сондықтан оның иілуі
адамдарды ренжіте алмайды. (Сондай-ақ) рәсімдер мен парыз, үш әмірші мен бес бабаның
(замана) заңдары мен өлшемдерін олардың бірдей (болғаны) үшін құрметтеген жоқ,
олардың заңға сәйкес болғаны үшін құрметтеді. Сондықтан рәсімдер мен парызды, үш
әмірші мен бес бабаның (замана) заңдары мен өлшемдерін салыстыру резань мен
алмұртты, мандарин мен помелонды (бір біріне) ұқсатуға, олардың барлығын жеуге
болатындығына, бірақ дәмдерінің әр түрлі болғанына қарамастан, ұқсатуға тырысумен
пара пар. Осылайша рәсімдер, парыз, заңдар, өлшемдер уақытқа сай өзгереді. (Егер де)
қазір маймылға Чжоугунның көйлегін кигізсек, ол міндетті түрде тістелеп, кеміріп,
сүйрелеп, (көйлекті) жырта бастайды және (оны үстінен шешкенше) тыншымайды. Көне
заман мен қазіргі заманның арасындағы айырмашылықты қарастырған кезде, олардың
маймыл мен Чжоугун арасындағы айырмашылыққа (ұқсағандығын көреміз). Ерте заманда
Си Ши (сұлу) жүрек ауруы салдарынан ауыл арасында қабағын түйіп жүретін болды. Оған
Көріксіз деген біреу сүқтанып қарады да, (үйіне) қайтып келіп, ол да жүрек ауруы
салдарынан бүкіл ауылдың алдында қабағын түйіп жүре бастады. Алайда байлар оны көре
сала қақпаларын жақсылап жауып алып, көздеріне көрінбеуші еді, ал кедейлер оны көре
сала, әйелдері мен ұлдарын жетектей жөнеліп, қашқақтаушы еді. Көріксіздің (бар)
түсінгені — қабағын түюдің сұлулыққа жататындығы, бірақ неге сұлулыққа жататынын
түсінбеді. Өкінішті-ақ! (Сенің) ұстазың да (осындай) тұйыққа тірелді!
Кун Фу-цзы елу бір жасқа дейін өмір сүріпті, бірақ жол туралы естімепті. Содан (ол)
Оңтүстікке жол тартты, Пэйге ұласты, Лао-цзыға жолықты, Лао-цзы (одан) былай деп
сұрайды:
—
Сен бе келген? Мен сенің Солтүстіктен келген әдепті адам екеніңді естідім.
Сен де жолға ұласа алдың ба?
—
Жоқ, әлі ұласқан жоқпын,— деп жауап берді Кун Фу- цзы.
—
Сен оны қалай іздедің? — деп сұрады Лао-цзы.
—
Мен оны өлшемдер мен сандардан іздедім, бірақ осы бес жылдың ішінде
(әлі) таппадым.
—
Сен тағы да қалай іздедің?
—
Мен оны ыстық пен суық (күштерінен) іздедім, бірақ осы он екі жыл ішінде
(өлі) таппадым.
—
Иә,— деді Лао-цзы.
—
Егер жолды сый ретінде тарту мүмкін болса еді, онда бәрі оны өзінің
патшасына сыйлайтын еді; егер жолды ұсынуға болатын болса еді, онда бәрі
өзінің әке-шешесіне ұсынатын еді; егер жол туралы баяндап беру мүмкін
болса еді, онда бәрі ол туралы өзінің ағалары мен інілеріне баяндап беретін
еді; егер жолды басқаларына тапсыру мүмкін болса еді, онда бәрі оны өзінің