Page 143 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

143
жарық. Сондықтан ата-бабалардың рухтары мен құдайлар түнекте тұрақтап,
күн мен ай, ғаламшарлар мен жұлдыздар — өзінің тәртібімен қозғалады.
Мен шегі барларымен бірге тоқтадым, шегі жоқтармен бірге қозғалдым.
Мен олар туралы ой толғадым, бірақ жете алмадым; оларға қидым, бірақ оларды көре
алмадым; олардың соңынан ердім, бірақ қуып жете алмадым. (Мен) төрт бостықтың
жолында биік платан ағашына сүйеніп ойсыз тұрып ән шырқадым. Бәрін көруге тырысқан
кезімде көру қабілетім азайды, бәрін қуып жетем дегенде күшім азайды. Мен (барлығын)
қуып жете алмадым, денем бостыққа кенелді де тыншыды, соңдықтан (сен) тыншып,
әрекетсіздікке бой бердің. Мен ерінбей, әуенді табиғи тіршілікпен ұштастырып қайта
ойнадым. (Дыбыстар) тым-тырақай, ну орман әуені тоғайыңдағыдай нысансыз болып
шықты. Кең құлаш жайып, алайда созылмастан, тұнжырап, ойпаңдап, (азырақ) дыбыссыз
шыққан (ол) еш қайдан бастау алмай, қою қараңғылық ішіне кідірді. Біреулер оны өлімге
теңесе, басқалары — жаңғыруға теңеді, басқа біреулері — ұрыққа, қайсы біреулері —
гүлденуге теңеді. (Ол) қозғалыс пен ағым ішінде сейілді, ұдайылықты ұстанбай, орын
ауыстырды. Дана адамға (оны) зерттеу үшін тапсырып, әлемде одан күмәнданды. Ал дана
адам (оның) табиғатын зерделеді, алайда табиғилық жолымен жүрді. Табиғаттың
шығармашылық күшінен әлі сөз қозғалған жоқ, дегенмен бес сезім органының (бөрі)
қазірден бастап дайын тұрған болатын. Бұны табиғи әуен деп атайды: сөзі жоқ, алайда
жүрек қуаныш сезіміне бөленеді. Сондықтан оны От Иелерінің әулеті әнұранда
(мадақтаған) болатын.
Құлақ салшы — оның дыбысын ести алмайсың.
Қадала қарап, оның нысандарын көре алмайсың.
Аспан кенелтеді, жер де кенелтер,
Алты полюс өз-өзін құшақтай алар.
Сен оны естігің келсе де, қабылдай алмадың, сондықтан да толқыдың. Әуенді (мен)
қорыққанымнан бастадым, қорқыныш оз алдына дуалап еліктіріп әкетуге шақырады. Одан
соң мен тағы да еріне (ойнадым), (сен) әрекетсіздікке берілдің, содан кейін (бәрі) кейін
қарай шегінді. Соңында (мен) толқу ояндырдым. Толып ұялудан тұнжырауға келеді,
тұнжыраудан — жолға. Жолға кенеліп, онымен бірге тұру мүмкін. Кун Фу-цзы Батыстағы
Вэйде саяхаттап жүрген (кезінде) Янь Юань Алтын тәлімгерге сұрақ қойды:
(Сіз) ұстаздың іс-әрекеттері туралы не ойлайсыз?
(Сенің) ұстазың тұйыққа тірелді. Өкінішті-ақ! — деді Алтын тәлімгер.
Неге? — деп сұрады Янь Юань.
(Қазіргі уақытқа дейін рәсім барысында) иттің сабаннан жасалған тұлыбы
әлі көрсетілген жоқ,— деп жауап берді Алғың. — оны себетке салады, оны
оюлап жасаған орамалмен жабады, Мәйіт пен абыз оған жақындау үшін,
ораза тұтады.
Рәсім біткен соң, тұлыпты лақтыратын кезде, жолда кетіп бара жатқан адамдар оның басы
мен арқасын аяқтарымен таптайды, сабанды тамақ пісіретін жай отқа жағып жібереді.
(Егер біреу) иттің тұлыбын қайта алып, себетке салып, оюлап жасалған орамалмен жауып,
саяхат жасап жүрген кезде оның астында ұйықтаса, ол жаман түс көреді немесе (оның)
көзіне шаң-тозаң кіріп кетеді. Ал қазір (сенің) ұстазың тағы да көне (дәуірдегі) патшалар
заманынан қалған, ұзақ уақыт жатып қалған ит тұлыптарын қайта жинап жүр.
оқушыларды шақырып алып, (солармен) саяхат құрып, тұлыптың астында ұйықтайды.
Сондықтан да Сунда адамдар оның үстіне ағаш құлатты, (ол) ізін суытып Вэйдан қашып
құтылды, Шан мен Чжоуда бәлеге тап болды — мұның бәрі жаман түс емей немене? (Ол)