142
Баланың ата-анаға деген құрметінен (жолға шығып) бұл туралы айтудың, әрине, керегі
жоқ. (Сенің) сөздерінде балалық құрмет асыра сілтеушілік пен айтылмаған, керісінше
азайтылып айтылған. Өйткені неге Инге оңтүстік жақтан жақындағанда солтүстік жақтағы
Миншань (тауын) көрмейсің? Өйткені (ол) Инннен алыста орналасқан. Сондықтан былай
дейді: ата-ананы құрметтеу оларды ұмытудан оңайырақ, ата-ананы ұмыту ата-анаңды
күштеп сені ұмыттырудан оңайырақ, ата-анаңның сені ұмытуын мәжбүр ету сенің
(өзіңнің) Аспан астындағылардың бәрін ұмытуынан оңайырақ, Аспан астындағылардың
бәрін ұмыту Аспан астындағылардың бәрінің сені ұмытуына мәжбүр етуден оңайырақ.
Өйткені қасиеттерге (ие адам) Жоғары Мәртебелі және Арашалаушы туралы ұмытып
кетеді және әрекетсіздікке беріледі. (Оның) шапағаты нәсілдер түнегіне жайылады, ал
Аспан астындағылар (ол туралы) білмейді. Қалай ғана мейірімділік, баланың ата-анаға
деген құрметі туралы айтып аһылап-үһілей беруге болады? - Бұлардың барлығы — ата-
анаға және үлкен аға буындарға деген құрмет, мейірімділік пен әділдік, жан қиярлық пен
сенім, тазалық пен адалдық — (адамдар) өздерінің әдептеріне қызмет етуге өздерін
мәжбүр етеді, (мұның бәрі) одан артық тұрмайды.
Сондықтан былай дейді: "Шын асыл бекзадалық патша сый-құрметінен бас тартқызады,
шын байлық патша қазынасынан бас тартқызады, шын ой-арман атақ пен даңқтан бас
тартқызады". Мұның бәрінен жол өзгермейді. Солтүстік Қақпадан келген Кәміл Сары
Бабаға былай деді:
—
(Сіз), әміршім, Дунтин көлінің жайылымында "Күннің батуы" әуенін
орындаған едіңіз. Мен тыңдай бастадым да, алғашында үркіп қалдым, содан
соң қимыл-қозғалыссыз іркілдім, соңында толқып кеттім, толғанып үнсіз
отырып (ұзақ) уақыт өз еркімнен айрылдым.
—
Сен ақиқатқа жақындап қалыпсың,— деп жауап берді Сары баба. — Мен
(бұл) әуенді адамдардың көмегімен шығардым, (циньді) табиғаттың
көмегімен күйге келтірдім, салт-дәстүрлер мен парыздың көмегімен
орындадым, ұлы пәктікпен толықтырдым. (Өйткені) шынайы әуен
алғашында адамдардың істеген ісіне сай келеді, табиғи заңдармен келісім
ішінде болады, бес әдептің көмегімен жүзеге асады, табиғилыққа сәйкес
келеді; содан кейін ол жылдың төрт мезгілін үйлесімділікке, ұлы тұтастыққа
— (бүкіл) нәрселердің қараңғылық түнегін әкеледі. Жылдың бір мезгілі
екіншісімен орын ауыстырады және соған орай (барлық) қаптаған көп
заттар әлемі біресе шарықтап, біресе солың қырап, азаматтық және әскери
(істердің) ұдайы бөлісуімен туындайды. Мөлдір (эфир) мен лай (эфир)
ыстық пен суық (күштердің көмегімен) үйлесімділікпен бірлеседі, олардың
дыбысы сәуле ағымдарында (естіледі). Шыбын-шіркейлер ұйқыдан оянуы
үшін, мен оларды найзағайды шағылыстырып жіберіп оятамын. Соңы
бастаусыз, басы — бастамасыз. Біресе өлім, біресе туылу, біресе құлдырау,
біресе шарықтау — (бұл құбылыстар) ұдайы және ұшы-қиырсыз, бірақ әр
кезегінде күтпеген жерден оқыс болып шығады, сондықтан сен үркіп
қалдық.
—
Мен ыстық пен суық (күштерді) бірлестіруші әуеніме қайта бастым, оны күн
мен айдың сәулесімен арайландырдым. Дыбыс бірде үздігіп, бірде созылып,
бірде нәзік, бірде қатаң шығып (олардың бәрі) тұтастықта өзгерді. Оларда
тұрақтылық сезіледі, өйткені жол бастаушы жоқ. Жазықта — (дыбыстар)
бүкіл жазықты, шұңқырда — бүкіл шұңқырды баурап алады. Әуеннің
(сарыны) заттың өлшемімен анықталады; (барлық) тесіктерге кедергі жасап
қойсаң — (оның) күші сақталады. Ол кең және еркін, оның атауы биік және