Page 141 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

141
(Мен сіздің) қызметшіңіз ретінде бұны өз ісім сияқты көріп айттым,— деді
Кішкентай.
Егер (мен) ақырын жұмыс істесем, маған оңай, ал бірақ (дөңгелек) берік
болып шықпайды. (Егер) асықсам, (маған) ауыр келеді, ал (дөңгелек)
бейімделмейді. Асықпаған және ақырындатпаған (кезде) қолдарыммен
шеберлігімді ұштаймын және жүрегіммен үндесемін. (Бірақ) ауызымнан сөз
шықпас — мұнда (бір) сыр бар. (Мен, сіздің) қызметшіңіз, ұлыма өсиет
әңгіме етіп (жеткізе алмаймын). (Менің, сіздің қызметшіңіздің) ұлы, сондай-
ақ, оны (менен, сіздің қызметшіңізден) қабылдай алмайды. Сондықтан да
(мен) жетпіс жыл еңбек етіп, әлі күнге дейін дөңгелек жасап жүрмін. Соған
қарамастан, көне адамдар өзінің ұсталық шеберлігін жеткізе алмайды.
(Олар) өлі, демек, патшамның қайталап отырғаны көне адамдардың шіріген
рухтарының жаңғырықтары ғана.
14-тарау
Аспан айнала (ма)?
Аспан айнала ма? Жер тыныш күйде ме? Күн мен ай (өздерінің) орны үшін
күресе ме? Бұны біреу жіберді ме? Бұл байланысты біреу орнатты ма? Біреу
(оларды) еріккеннен итеріп жіберіп қозғалтты ма? Бұл (оларды) жасырын
бір серіппенің күштеп жасағаны демек пе? Бұл (олар) өздерінің қимылдарын
өздері тұрғыза алмайды демек пе? Жаңбыр бұлттан пайда бола ма? Бұлт
жаңбырдан пайда бола ма? Бұл берекелі сыйлықты біреу бере ме? Біреу
еріккеннің ермегі үшін бұған итермелей ме? Солтүстікте пайда болған жел
біресе батысқа, біресе шығысқа қарай еседі, жоғары жақтарда адасады. Бұл
біреудің дем алысы ма? Біреу (оны) еріккеннен толқыта ма? Сұрауға рұқсат
беріңіз: (бұның үшін) қандай себеп бар?
Бері кел! Мен саған түсіндірейін,— деп жауап берді Баршаны Шақыратын
Сиқыршы. — Табиғатта алты полюс пен бес элемент бар. Ата-бабалар мен
патшалар олармен есептескен (кезде) тәртіп болатын; оларға қарсы шыққан
кездерінде кесапат болатын.
Лo (өзенінен) тоғыз (сызық) шыққан кезде керемет тәртіп орнады, қасиеттер толығуға (қол
жеткізді). (Ата-бабалар) айнаның сәулесіне ұқсап, төмендегі жер бетіне жарық түсірді.
Аспан астындағының (бәрі) оларды қолдайтын. Олар жоғарғы ата-бабалар деп аталатын.
Дан, Шандағы құрбандыққа мал шалуды (басқаратын) бас абыз, Чжуан-цзыдан
мейірімділік деген не деп сұрағанда:
Жолбарыстар мен қасқырлар мейірімді,— деп жауап берді Чжуан-цзы.
Бұл сонда қалай болғаны?
Арлан мен қаншығы бірін бірі сүйетін болса, қалайша мейірімді болмайды?
— Шын мейірімділік туралы сұрауыма рұқсат берсеңіз!
— Шын мейірімділік үшін туысқандық сезімдерге орын жоқ.
(Мен), Дан, туыстықсыз сүйіспеншілікте жоқ, сүйіспеншіліксіз баланың ата-
анаға деген құрметі де болмайтынын естіп едім. Өйткені ата-анаға деген
құрметсіз шын мейірімділік бола алмайды!
(Жоқ), бұл олай емес,— деп жауап берді Чжуан-цзы. — Шын мейірімділік
— биік.