Page 140 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

140
Сен өзіңді тәкаппар ұстайсың, менменсіп қарайсың,— деді Лао-цзы. —
(Сенің) маңдайың биік және қарапайым, бірақ жолбарысқа ұқсап
ырылдайсың, түрің жасанды. Тұрысың байлаулы аттың тұрысындай, шауып
кетсең де, пәлі, өзіңді өзің күшпен ұстап тұрсың. Оқтай ұшсаң, ұсақ-түйек
нәрселерді ұғыныпсың, (бүкіл) қулық-сұмдықты үйреніпсің, бірақ мұңсыз
көздеріңмен қарайсың. Ешкім (саған) сенім арта алмас. Шеткері аймақтарда
сондай адамдар бар, олардың аты — ұры болар. Ұстаз:
Ұланғайыр жерде жол таусылмайды, ұсақ жерде жоқ болмайды. Сондықтан
да (ол) толығымен (барлық) қаптаған коп заттар әлемінде берілген.
Ұлан-байтақ, (ол) өзінің ішінде бар нәрсені ауқымына алады. Терең, ол өлшенбейді. Ал
денелер, олардың қасиеттері, мейірімділік, әділдік — (бар болғаны) парасаттың ұшар
басы. Шын адамнан басқа кім осыны анықтай алады? Әлде шынайы адамның қолында бар
дүние үлкен емес пе? Бірақ ол оның ауыртпалықтарын өз мойнына арту үшін (дүниені)
қасиетсіз деп санайды. Шын адам Аспан астындағы биліктің тізгінін ұстау үшін
күрескендермен бірге жүрмейді. Зерттей келіп, ол жалған нәрселерді теріске шығарады.
Мансап қуғандардың соңынан ермейді. Нәрселердің шынайы (табиғатын) соңына дейін
(ұғынып), олардың негізін сақтап қалуға шамасы жетеді. Сондықтан аспан мен жерге
сыртқы (деп) қарайды, (барша) қаптаған көп заттар әлемінен безіп, ақыл-ойын еш
нәрсемен ауырлатпайды. Жолдың ішіне кіріп, (оның) қасиеттерімен бір тұтас болып,
мейірімділік пен әділдікті теріске шығарып, салтанат пен әуенді аластатып,— шын адам
(өзінің) жүрегін осылайша нығайтады.
Дүниеде бағаланатын сөздерді жазып алады. Жазып алынған нәрселер — бар болғаны
айтылған сөздер. Сөздің ішінде құндылары бар. Сөздің ішіндегі ой бағаланады. (Бірақ) ой
бір нәрсенің соңынан ереді ғой, (ал) оның ненің соңынан ергенін сөзбен айтып жеткізу
қиын. Дегенмен, дүниеде сөзге баға бере отырып, (оларды) жазумен жеткізеді. Мейлі,
оларды әлемде бағаласа бағалай берсін, мен бәрібір оларды бұған лайық (емес деп
есептеймін). Өйткені оларды ішіндегі құнды нәрселер үшін бағаламайды. Өйткені қараған
(кезде) нысаны мен түсі (ғана) көрінеді; тыңдаған (кезде) атауы мен дауысы (ғана)
естіледі. Әттеген-ай! Адамдар дүниеде басқасының табиғатына ұласу үшін нысан мен
түсті, атау мен дауысты жеткілікті деп санайды; ал шындығында нысан мен түс, атау мен
дауыс басқасының табиғатына ұласу үшін жеткіліксіз. Дүниеде "білетін кісі сөйлемейді,
сөйлеп тұрған адам білмейтіндігін" түсінбей ме осы?!
Хуаньгун залда өлеңдетіп кітап оқып отырған, залдың жанында дөңгелек ұстасы
Кішкентай дөңгелек жонып жатыр. Балғасы мен қашауын қоя салып, ұста залға кіріп
сұрады:
Сұрақ сұрауыма рұқсат па? Патшам, (сіздің) әндетіп отырған сөздеріңіз не
сөз?
Дана адамдардың нақыл сөзі,— деп жауап берді патша.
(Ол) даналар қазір тірі ме?
Қайтыс болған.
Демек, патшам көне адамдардың шіріген рухтарының жаңғырықтарын
қайталап қана отыр екен той?
(Сенің) қалай ғана жал дегенде жалғыз маған (менің) оқып отырған кітабым
туралы сөз қозғауға дәтің барады, дөңгелек ұстасы? (Егер) бірдеңе айтқың
келсе — айт, өйтпесе өлесің!