139
—
Өте жақсы,— деді де, Лао-цзыға жөнелді, бірақ ол (көмек беруден) бас
тартты, (Кун Фу-цзы (оған) (бүкіл) он екі негіз туралы тіл төгіп, (оны)
сендіре бастады.
— Шектен тыс оғаш. — деп сөзін кесті Лао-цзы. — Ең маңыздысын естігім
келеді.
—
Ең маңыздысы — мейірімділік және әділдік. — деп жауап берді Кун Фу-
цзы.
—
Сұрақ қоюға рұқсат етіңіз, мейірімді мен әділдің сипаты қандай? — деп
сұрады Лао-цзы.
—
Жақсы,— деп жауап берді Кун Фу-цзы. — Мейірімділік болмаған жерде
асыл бекзада болу мүмкін емес; әділдіксіз асыл бекзада болып туылуға да
болмайды. Мейірімділік пен әділдік — бүл шын адамның сипаты. Қалай
басқаша болсын?
—
Сұрақ сұрауыма рұқсат етіңіз,— деді Лао-цзы,— (сіз) нені мейірімділік пен
әділдік деп атайсыз?
—
(Барлық) нәрселермен бірге шын жүректен қуану, ешқандай
құмартушылықсыз баршаны сүю. Мейірімділік пен әділдік сезімдері
осындай,— деп жауап берді Кун Фу- цзы.
—
Иә! Тура кенже тай балалардың сөзіндей болды. Баршаны сүю жөнсіз емес
пе? Бейтараптық — құмартушылық емес пе? — деді Лао-дзы. — (Егер сіз),
ұстазым, Аспан асты (пастырь) діни қызметкерлерсіз қалсын демесеңіз, сіз
оған (тура) аспан мен жердің арасындағыдай ұдайылық (тілеуіңіз керек).
Өйткені, әрине, күн мен ай сәулесін шашады, жұлдыздар мен
ғаламшарлардың өзіндік тәртібі болады, үйір-үйір құстар мен андар болады,
және ағаштар жоғары қарай (өседі). (Егер сіз), ұстазым, солардың
қасиеттеріне еліктей отырып әрекет етсеңіз, солардың жолына ерген
болсаңыз, онда ақиқатқа (ерген) болатын едіңіз. Сонша айқайға басып,
мейірімділік пен әділдік туралы жар салудың не керегі бар, жоғалып кеткен
ұлыңызды дабыл қағып іздеу салған адамдай? Е-е, (сіз), ұстазым, адамның
мінез-құлқына бүлік салып отырсыз! Зергер (лақапты) бір адам Лао-цзыға
жолығып сұрапты:
—
Ұстазым, мен (сіздің) дана адам екендігіңізді естіп, (сізбен) жолығайын деп
келіп едім. Жолдың ұзақтығы да мені тоқтата алмады. Жүздеген
мекендерден өттім, аяғым ойылып қалды, дегенмен тоқтауға дәтім бармады.
Тура қазір сіздің дана адам еместігіңізді көріп тұрмын: тышқандардың
ұясының аузында күріш қалдықтары бар, оларды қалай болса солай тастау
— мейірімсіздік. (Сізде) шикісі де, піскені де молынан бар, ал (сіз) жинап-
теріп, ешқандай шек қоймай толтырып жатырсыз. Лao-цзы немқұрайлы
жүзбен үндеген жоқ. Ертеңіне Зергер тағы да Лао-цзыға келіп жолықты:
—
Кеше мен сізді мазақ еттім. Бүгін неліктен менің жүрегім (бұдан)
шыныменен бас тартып тұр?
—
Мен өзім де өткір жөне ақылды адамдарды ептілікпен тани алатын
(адамдардан) құтылдым ба деп едім,— деп жауап берді Лао-цзы. — (Егер)
сіз кеше мені Өгіз деп атасаңыз, (мен де) атым Өгіз дер едім; мені Ат деп
атасаңыз, атым Ат дер едім. Егер бір нәрсенің асылын кездестіріп, біреу ат
қойып жатса, (сен ол) атты қабылдамасаң, ондай адамнан кесапат аласың.
Мен бағынышты халге түсірілгенім үшін бағынбадым, өзгеріске
ұшырамастан бағындым. Зергер (оның) көлеңкесінен қашқақтап, бір
жағымен жүріп отырып, тіке үйге кірді, аяқ киімін шешпей тұрып сұрады:
—
(Мен) қалай өзімді жетілдірсем екен?