13
(Мәннің бірлестігі туралы)
2. Шветакет он екі жасында сауатын ашып, жиырма торт жасында ведалардың бәрін оқып
үйіне тәкаппарлықпен, бәрін білетіндей мақтанышпен оралды. Оған әкесі айтты:
"Шветакет, сен тәкәппарсың, бәрін білетіндей пәлденесің, сен мақтаншақсың, бірақ та сен
3.Есітпегенді есіткізетін, ойға келмейтінді ойландыратын, танымағанды танытқызатын
ілім туралы сұрап көрдің бе?" — "Мырзам, ол қандай ілім еді?"
4. "Қымбаттым - ау, бір түйір саз балшық арқылы қалайша одан жасалған барлық заттарды
тануға болады; (олардың) атаулары — (тек) сөздердің айналымы, толықтырған түрлері,
шындық — балшықта ғой;
5. Қымбаттым менің, мыстың бір бөлшегі арқылы қалайша мыстан жасалған барлық
заттарды тануға болады; (олардың) атаулары — (тек) сөздердің айналымы, толықтырған
түрлері, шындық — мыста ғой;
7. "Аңласақ, мұны көпті көрген ересектерде біле бермеген. Олай дейтініміз, егер де олар
мұны білсе, сол жолға түспес пе еді? Мырзам, осы туралы айтып берсеңіз!" — "Жарайды,
қымбаттым менің" — деді ол.
(Мәннің алғашқы бастамасы туралы)
2.1. "Қымбаттым менің, дүниенің бастамасы екінші (нәрсесіз) тек мәнде ғана болды.
Кейбіреулер айтады: алдымен мәнсіздік болды, екінші (нәрсесіз) тек жалқы болды.
Жоқтан мән пайда болды.
2. Қымбаттым менің, бұл қайдан шығуы мүмкін? — деп сұрады ол. Жоқтан қалай мән
пайда болмақ? Алдымен мән ғана екінші (нәрсесіз) жеке болғандай.
3. Мән ойланды: "Жарайды, мен көбейе қояйын, көбейіп жетілейін". Ол жылылықты
тудырды. Жылылық та ойланды: "Жарайды, мен көбейе қояйын, жетіліп таралайын". Ол
суды тудырды. Осыдан адам мұңайғанда немесе терлегенде шынымен-ақ жылудан су
пайда болды.
4. Сулар да ойланды: "Жарайды, бізде көбейелік, көбейіп ағалық". Олар егін өсірді. Содан
жаңбыр жауған жерде азық мол болды. Расында, егін судан нәр алды.
(Шығу тегінің үш түрі туралы)
3.1. Аңласақ, заттардың шығу тегінің үш (түрі) бар сияқты: біреулері тұқымнан шығады,
біреулері тірі (заттардан) туады, біреулері көшеттен өсіп өнеді.
2. Содан құдіреттенген мән ойланды: "Менде тірі атман арқылы осы үш құдіретке еніп
көрейін, олардың аттары мен келбеттерін көбейтейін"
4. Ол үшеудің әрқайсысын үш нәрсеге жіктеді. Қымбаттым менің, енді (үшеудің)
әрқайсысының қалайша үштікке жіктелгенін менен біл.
(Оттың үш түрі туралы: күн, ай және найзағай)