138
сұмпайылардың қағидаларын бекітті. Мейірімді, адамгершілігі мол және табиғатынан
шорқақ адамдар қатал түрде қабілеттеріне байланысты бөлінетін, атауларына қатал түрде
сай келетін. Осылайша мәртебелілерге қызмет көрсететін, осылайша төмендегілерді
бағатын, осылайша нәрселерді басқаратын, осылайша өз өздерін жетілдіретін. Ешқандай
білімге, ешқандай пиғылға сүйенбей, міндетті түрде табиғатпен үндесетін. Бұл шын
мәнінде бейбіт басқару деп аталатын.
Көне аңыздарда былай делінген: "денелер бар болса, атаулары да бар". Денелер мен
атаулар (тағы да) көне адамдарда болған, бірақ оларды бірінші орынға қоймай тұғын.
Көне адамдар ұлы жол туралы сөз қозғаған кезде денелер мен атаулар туралы бес
өзгерістің (ішінде) марапаттау мен жазаландыру туралы да тоғыз өзгерістің (ішінде) атап
кете алатын. Олардың негіздерін білмейтін (адамдар) бірінші орынға денелерді және
атауларды қояды; бірінші орынға марапаттау мен жазаландыруды қоятын адамдар
олардың қай жерден бастау алатынын білмейді. Жолды бұрмалап, пікірлеседі, жолға
қарама-қайшы сөздер сөйлейді,— мұндай адамдар (тек қана) басқа адамдардың жетегінде
жүре алады, олар адамдарды басқара ала ма екен? Бірінші орынға денелер мен атауларды,
марапаттау мен жазаландыруды қоятындар басқарудың қаруларын игерді, бірақ олар үшін
басқару жолы беймәлім. (Оларды) Аспан астындағы қолдана алады, бірақ Аспан
астындағыны қолдану үшін олар лайық емес. Мұндайларды софистер және педанттар деп
атайды. Көне адамдардың салттары мен заңдары, өлшемдері мен сандары, денелері мен
атаулары, зерттеулері мен салыстырмалары болды. Төмендегілер олар арқылы
мәртебелілерге қызмет етуші еді, бірақ мәртебелілер төмендегілерді бағатын еді.
Ерте заманда Арашалаушы Жоғары мәртебеліден сұрапты: — (Сен) қандай іждағат
көрсетесің, аспан патшасы?
—
Мен дәрменсіздердің алдында шіренбеймін, кедейлерді тастап кетпеймін,-
деп жауап берді Жоғары мәртебелі. — Өлгендерге жылаймын, жаңа
туылғандарға қуанамын, әйелдерді аяймын. Осылайша тырысып бағамын.
—
Жақсысы жақсы-ау,— деді Арашалаушы. — Бірақ сәулетті емес екен.
—
Қалай болуы керек еді? — деп сұрады Жоғары мәртебелі.
—
Аспан қасиеттері алып келетін тыныштық (сияқты). Сәуле шашқан күн мен
айдың тұрақтылығымен жыл мезгілдері, күн мен түн (бір бірін)
ауыстырады, бұлттардың қозғалысы жаңбыр әкеледі.
—
(Қаншама) әурешілік! (Қаншама) үрей! — деді Жоғары мәртебелі. — Сен
Аспанмен тұтассың, мен болсам адамдармен бір тұтаспын.
Көне адамдар аспан мен жерді пір тұтатын, Сары Ата-бабасы, Жоғары Мәртебелісімен
және Арашалаушысы мақтан тұтатын. Ерте заманда Аспан астында патшалық құрған
адамдар әрекет етуші ме еді? Бар болғаны Аспан мен жерге еретін.
Кун Фу-цзы Чжоу сақтау орнында кітаптарды жасыру үшін Батысқа жол тартты, Цзылу
(оған) былай деді:
—
(Мен), Ю, Чжоудағы жылнама жазушылардың арасында Лао-цзының
болғанын естідім, (бірақ ол) қызметтен бас тартып, үйіне қайтып кетіпті.
(Егер сіз), ұстазым, кітаптарды жасырғыңыз келсе, (оған) көмек сұрап
барсақ қайтеді? Кун Фу-цзы: