137
қасиеттерге ие болады. Төмендегілер жоғарғылардың қасиеттеріне ие болған кезде
қызметшілер (қалмайды). (Егер) төмендегілер әрекетті (ұстанса) және жоғарғылар
әрекетті (ұстанса), онда жоғарғылар төмендегілерді жолына ие болады. Жоғарғылар
төмендегілерді жолына ие болған кезде қожайын (қалмайтын). Жоғарғылар үшін
әрекетсіздік қажет және (олар) Аспан астыдағылардан алады; төмендегілерге әрекет
қажет, (олар) Аспан астындағыларға береді — бұл өзгермейтін жол. Сондықтан Аспан
астында патшалық құрып жүріп, өзінің білімімен аспан мен жерді қамтып жатса да,
ешнәрсеге алаңдамайтын; өзінің шешен тілімен (барлық) қаптаған коп заттар әлемін
соғып жасай алса да, бұны сөйлемейтін, теңіздердің арасында барлығын (жасау)
қолдарынан келіп тұрса да әрекет етпейтін. Аспан дүниеге келтірмейді, бірақ (барлық)
қаптаған коп заттар әлемі (өзі) дамиды; жер өсірмейді, бірақ (барлық) қаптаған коп заттар
әлемі (өзін өзі) қоректендіреді. Ата-бабалармен (көне) патшалар әрекетсіздікті ұстанды,
бірақ (барлық) Аспан астындағы тамамдалды. Сондықтан да: "Аспаннан артық қасиетті
нәрсе жоқ, жерден артық бай ешнәрсе жоқ, ата-бабалар мен (көне) патшалардың
қасиеттері аспан мен жердің қасиеттерімен тең." Аспан мен жерді ерттеу, "барлық"
қаптаған коп заттар әлемін айдау жоғарыда, ұшар басы төменде; негізгісі иесінде, егжей-
тегжейі қызметшіде және адамдар қауымын қолдау туралы білім осындай.
Тамыр. Үш әскер мен бес түрлі қару игерген жауынгерлердің қимыл-қозғалысы —
қасиеттердің ұшар басы. Марапаттаулар мен жазалар, пайда мен зиян, бес түрлі жазаға
бұйырылу — үйретудің ұшар басы. Салттар мен заңдар, өлшемдер мен сандар, денелер
мен есімдер, зерттеу мен салыстыру — басқарудың ұшар басы. Қоңырау мен дабылдың
дауысы, қанаттар мен (өгіз) құйрықтары — қуаныштың ұшар басы. Жылау мен жоқтау
айту, сәнді немесе жұпыны қаралы киім — қайғы-қасіреттің ұшар басы. (Бүкіл) бес түрлі
ұшар бас осындай, ал олардың соңынан еруі үшін парасаттың қозғалысы қажет, жүрек
қозғалысы қажет. Ұшар бас туралы білім көне адамдарда болған. Бірақ (оны) ешқашан да
бірінші орынға қоймаған. Асыл бекзада адам бастайды, қызметші (оның соңынан)
қостайды; әкесі бастайды, ұлы (оның соңынан) қостайды; аға бастайды, іні қостайды;
үлкендер бастайды, кішілер қостайды; ер кісілер бастайды, әйелдер қостайды; күйеуі
бастайды, әйелі қостайды. Алдында одан да көп құрметке ие болғандар бастайды,
олардың соңынан одан азырақ құрметке ие болғандар қостайды — бүл аспан мен жердің
заңы. Сондықтан дана адамдар (оған) еліктейтін. Қасиетті жөне дана болу себебі: аспан
үстінде, жер астында; жылдың төрт мезгілінің заңы — көктем мен жаз бұрын келеді,
олардың соңынан күз бен қыс ереді; даму кезінде (бүкіл) қаптаған көп заттар әлемі
өзгереді, туылып және алыстап барып нысанаға ие болады; түсі солғын тартып және
солып барып өледі. (Егер) ең қасиеттілер — аспан мен жерде жоғарғы мен төменгі,
бірінші мен екіншінің заңы болса, онда (ол) адамдықтың жолында болуы керек. Ұлы
(адамдықтың) заңы мынадай: әулеттің ғибадатханасында ата-бабаларға, сарайда —
мәртебелілерге, қауымда — ақсақалдарға, жұмыста — адамгершілігі мол адамдарға
құрмет көрсетіледі. Жол туралы сөз қозғалғанда оның заңдарын теріске шығару —
жолдың өзін теріске шығару болып табылады. (Егер) жол теріске шығарылса, оны қалай
қолдануға болады? Осы себептен көне заманда ұлы жолға қол жеткізгендер табиғатты
(аспанды) ұғынудан бастайтын, содан кейін табиғат қасиеттеріне бастайтын; табиғат
қасиеттерінен мейірімділікке және әділдікке; мейірімділік пен әділдіктен — дәрежелер
мен міндеттер бойынша бөлінуге; дәрежелер мен міндеттер бойынша бөлінуден —
денелерге және олардың атауларына; денелер мен атауларынан — қабілеттеріне қарай
лауазымдарға тағайындауға; қабілеттеріне қарай лауазымдарға тағайындаудан —
қадағалау мен тергеуге; қадағалау мен тергеуден — құптауға және сөгуге; құптау мен
сөгуден — марапаттаулар мен жазаландыруларға; марапаттаулар мен жазаландыруларға
ұласып, ақылдылар мен ақымақтарға тиісті орындарын берді, асыл бекзадалар мен