136
парықсыздық, оңашалану, тыныштық, әрекетсіздік — бұл аспан мен жердің дәрежесі,
табиғи қасиеттерінің жоғарғысы. Сондықтан ата-баба, (көне) патшалар мен дана адамдар
қызметтерін тастап кеткен болатын. (Қызметтерін) тастап, бостыққа дейін тазаланып, мән-
мағынаға толған болатын, мән-мағынамен адамдық дәстүрді анықтаушы еді. Бостық
өзімен бірге тыныштық әкеледі, тыныштық дегеніміз — қозғалыс, қозғалыс дегеніміз —
ұғыну. Тыныштық өзімен бірге әрекетсіздік әкеледі, әрекетсіздік дегеніміз — (өзінің) ісі
үшін жауапкершілік. әрекетсіздік езімен бірге қанағат әкеледі, қанағат қайғы-қасіретке
орын бермейді, ұзақ ғұмыр береді. Өйткені бостық, алаңсыздық қимылсыз күй,
парықсыздық, оңашалану, тыныштық — (бүкіл) заттар қараңғылығының негізі. Бұны
түсінгендер бетін оңтүстікке қаратып сапқа тұрды — сонымен патша Аса мәртебелі
болды: бұны түсінгендер бетін солтүстікке қаратып сапқа тұрды — сонымен кеңесшісі
Арашалаушы болды. (Негіз) арқылы барлығының үстінде тұру — ата бабаның, (көне)
патшаның, Аспан ұлының құндылығы осында. Ол арқылы төменде қалу — жасырынып
жүрген дана адамның, тәжсіз корольдің жолы осындай. Оның көмегімен оңашалану және
жиһанды кезуге бел байлау — өзендер мен теңіздердегі, таулар мен ормандардағы
адамдардың жолы осындай. Осы арқылы әрекет ететін және замандастарын тыныштыққа
шақыратын (адам) ұлы жетістіктерге жетіп, атақ-даңққа ие болады және аспан
астындағыларды бірлестіреді. Тыныш күйінде дана адам болады, қозғалыс күйінде патша
болады. Әрекет етпеген (адамға) құрмет көрсетеді; өнері жоқ жәй адаммен Жер
астындағылардың ешқайсысы әсемдік тұрғысынан жарыса алмайды. Аспан мен жердің
қасиетіне ұласқан адамды ұлы орнатушы, негізін қалаған ұлы адам деп атаймыз. (Ол)
табиғатпен етене жақын, сондықтан Аспан астына үйлесімділік әкеледі, (ол) адамдарға
етене жақын. Адамдармен бірге болу — бұл адамдық ләззат, табиғатпен бірге болу — бұл
табиғи ләззат. Чжуан-цзы былай деді:
—
Уа, Ұстазым! Уа, Ұстазым! (Бүкіл) қаптаған көп заттар әлемін
қиқымдайсың, бірақ қатыгез емессің; нәсілдер түнегін өсіресің, бірақ
мейірімді емессің. (Сен) ең көне заманнан бері қариясың, бірақ кәрі емессің.
Аспан мен жерді тұмшалап және демеп, қаптаған көп нысандар әлемін
құйын жасайсың және ойып түсіресің, бірақ шіріп бұзылмайсың. Бұны
табиғи ләззат дейді. Сондықтан да: "Табиғи ләззатты ұғынған адамға өмір
— табиғаттың бір көрінісі, өлім — нәрсенің өзгеруі" деп айтады. Тыныш
күйінде оның қасиеттері суық (күшінің) қасиеттерімен бірдей; қозғалыста
оның толқындары ыстық (күшінің) толқындарымен бірдей. Сондықтан
табиғи ләззатты ұғынған адам үшін аспандардың қаһары да, адамдардың
азарлаушы сөздері де, нәрселердің ауыртпалығы да, ата-баба рухының
қарғысы да жоқ. Сондықтан да: "Оның қозғалысында — аспан, оның тыныш
күйінде — жер. Бір жүрекпен қатайып, Аспан астында патшалық құрады,
ата-баба рухы (оған) зияндық жасамайды, (оны) қажытпайды. "Бір жүрекпен
қатаяды және оған (барлық) нәрселер түнегі бағынады. (Егер) сөз бостықтан
және тыныш күйден шығып, аспан мен жерге ұласса, (бүкіл) қаптаған көп
заттар әлеміне кірсе, бұл табиғи ләззат деп аталады. Табиғи ләззат — аспан
астындағылардың (барлығын) баққан дана адамның ұмтылысы.
Ата-баба мен (көне) патшалардың қасиеттерінің негізін салушылар — аспан мен жер,
олардың иелері — жолдың қасиеттері, олардың ішіндегі тұрақты нәрсе — әрекетсіздік.
Әрекетсіздік кезінде Аспан астыдағылардан алушы еді және қалдық артылып қалушы еді,
әрекет кезінде Аспан астындағыларға беретін және (бәрібір) жетпейтін. Сондықтан да
көне адамдар әрекетсіздікті бағалайтын. (Егер) жоғарғылар әрекетсіздікті (ұстанса),
төмендегілер әрекетсіздікті (ұстанса), онда төмендегілер де жоғарғылар сияқты сол