Page 135 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

135
құлақ тұндырады. Мен жәрдемге шақырамын, бірақ жауап ала алмаймын. (Жауап) ала
алмайтыныңды біле тұра, табандылықпен талап ету — тағы да бір қателесу. Сондықтан
оларды қоя беріп, ізденістерді жалғастырмау ең жақсысы. Ізденбесем кім (менің)
қасіретімді бөліседі?
Түн ортасында Алапестің ұлы туылды. (Ол) дереу қолына от алып, баласының өзіне ұқсап
кетуінен қорқып, бетіне үңіле қарады.
Жүз жылдық ағаштың (бағанының бір бөлігін) кесіп алып, құрбандық ыдысы жасап, оны
қара және сары оюмен әшекейлеп қойды. Ағаш кесінділерін арыққа тастады. Құрбандық
ыдысын арықтағы ағаш кесіндісімен салыстырсақ, сұлулық пен көріксіздіктің
қаншалықты әр түрлі екенін (көреміз). Ыдыс та, ағаш кесіндісі өздерінің табиғи бейнесін
жоғалтты. (Қарақшы) Чжи мен Цзэн (цзы) Хроникашы (Юмен) әр қалай әділдік орнатады,
бірақ үшеуі өздерінің табиғатын бірдей жоғалтқан. Өйткені (өзінің) табиғатын жоғалту
үшін бес (мүмкіндік) бар. Біріншісі — көздің көруін бұзатын бес бояу көздің
қырағылығын жояды; екіншісі — құлақтың есту қабілетін бұзатын бес дыбыс тоны естуді
әлсіретеді; үшіншісі иіс алу қабілетін әлсірететін және мұрында бітейтін бес иіс;
төртіншісі — тамақтың дәмін өзгертіп жоғалтатын бес таттандырушы; бесінші жүректі
қобалжытатын құмарлық пен жек көрушіліктен (бастапқы) табиғат (шаң-тозаңға) ұқсап
ұшып кетеді. Осы бес (мүмкіндіктің) бәрі тіршілік дұшпаны. Енді тағы тек өздерін
(шынайылыққа) қол жеткіздік деп есептейтін Ян (Чжу) мен Мо (Ди) де бөлек шыға
бастады. Бишара адамдарды (шынайылыққа) қол жеткізген деп атауға бола ма екен? Онда
Үкі немесе Көгершін тор қапасқа түсіп қалып, өздерін бірдеңеге қол жеткіздік деп есептей
алады. Құмарлық пен жек көрушілік, дыбыстар мен бояулар ішіңдегіден қорғану үшін
(кызмет етеді); ал балықшы құстың қауырсыны бар былғары бас киім, ал есте қаларлық
киікоты мен енді белдік оларды сырттан шектейді. Іші тор қапаспен қорғалған, ал сырты
— баулармен. Баулармен безеніп алып, мұны (шынайылыққа) қол жеткіздім дейтіндер
үшін бүл — кылмыскердің қолына байланған жіп пен саусақтарын қысып тұратын бұғау,
ал жолбарыстар мен барыстар үшін — қапшық пен шетке қағылу сияқты.
13-тарау
ТАБИҒАТ ЖОЛЫ
Табиғат жолында (барлығы) қозғалады, еш нәрсе бір орында тұрып қалмайды, сондықтан
(барлық) қаптаған көп заттар әлемі пайда болады. Ата-баба жолында (барлығы)
қозғалады, еш нәрсе бір орында тұрып қалмайды. Сондықтан (оларға) Аспан
астындағылардың (барлығы) қарайды. Даналардың жолында (барлығы) қозғалады, еш
нәрсе бір орында тұрып қалмайды, сондықтан теңіздердің арасындағылардың (бәрі)
(оларға) бағынады. Кім табиғатты түйсініп, даналыққа қол жеткізсе, (бүкіл) жылдың алты
құбылысы мен төрт мезгілі, ата-баба мен (көне) патшалардың қасиеттерін біліп ұғынса, ол
(барлығының) езінен өзі қозғалуына мүмкіндік береді және көзге көрінбестен әрқашан
тыныштық (сақтайды).
Дананың тыныштығы тыныштықтың жақсылық екендігін, сондықтан да оның тыныш
күйде болғандығын білдірмейді. (Бүкіл) заттардың қараңғылығы (сол үшін) жүректі
алаңдатуға тұрмайды, сондықтан (ол) тыныш күйде. Су тыныш (болған кезде) (оның
ішіндегі) сақал-мұрттың әрбір талшығына дейін анық көрінеді. (Оның) дәрежесі дәл және
үлкен ұста (оны) үлгі ретінде алады. (Егер) су тыныш күйінде таза болса, онда парасат
тіпті (таза) болғаны. Дананың жүрегі тыныш күйінде — аспан мен жердің айнасы, (бүкіл)
заттар қараңғылығының айнасы. Өйткені бостық, қимылсыз күй, алаңсыздық,