Page 134 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

134
Қорғаушы бүліктен кейін тәртіп орнатып па еді? Ол Аспан астында тәртіп
үстем болған кезде билік жүргізе бастаған жоқ па еді! — деді Рухты
Мойындамайтын Мың.
Аспан астында тәртіптің үстем болуын (бәрі) қалайды,— деді Ойға Толы
Чичжан және сұрады: — Ал енді Жолбарысқа Ие руынан шыққан
Қорғаушыға қай себептен сенім артылды?
Жолбарысқа ие руынан шыққан (Қорғаушы) бастағы жараларды емдеді,—
деп жауап берді Рухты Мойындамайтын Мың. Таздарға шаш тарататын,
ауруларды жазуға тырысатын. Ізетті ұл (ретінде) мейірімді әкесінің
(денсаулығын) күшейту үшін, дәрі-дәрмектер қолданатын, ол сондай жүдеу
еді. Дана адам бұған арланатын еді. Шынайы тәртіп үстем болған уақытта
ізгі адамдарды мадақтамайтын, қабілеттілерге иелік істемейтін. Жоғарғылар
ағаштың ұшына, ал халық еркін бұғыға ұқсайтын. (Адамдар) турашыл әрі
адал болатын, бірақ бұның әділеттік екенінен хабарсыз еді; бір-бірін сүюші
еді, бірақ бұның мейірімділік екенін білмеуші еді; шынайы еді, бірақ бұның
берілгендік екенін білмеуші еді; дұрыс (болғанын жасаушы еді), бірақ
бұның сенім екенін білмеуші еді; еңбек етіп, бір-біріне көмектесетін еді,
бірақ бұның жақсылық екенін білмеуші еді. Сондықтан да (олар) із
қалдырмай жүретін, қыруар істер атқаратын, бірақ бүл туралы (аңыздар)
шығарып айтпайтын.
Ата-анасына мадақ ізетті ұл, патшасына мадақ (айтпайтын) адал қызметші — кемел
қызметші мен ұл осындай болады. Ата-анасының әр сөзіне бас шұлғитын, олардың ( әр )
ісін (қостайтын) (адамды) халық арасында оңбаған бала дейді. Патшаның әр сөзіне басын
шұлғитын, оның (әр) сөзін қостайтын (адамды) оңбаған қызметші дейді. Сонда да болса,
бұның бір қажеттілік екенін біле бермейді. Халық арасында айтылғандардың (бәрін)
шынайылық ретінде, халық арасында аты аталғанның (бәрін) жақсы деп есептейтін
адамды жағымпаз деп айтпайды ғой! Бұл халыққа ата-анадан да артық, патшадан да артық
құрметпен қарайды деген сөз бе? Біреуге жарамсақ десе болды, бірден ашулы көзбен
қарайды, біреуге жағымпаз десе болды, бірден наразылықпен қарайды, бірақ олар өмірінің
соңына дейін жарамсақ және жағымпаз болып қалады. Салыстыруларды тізіп, сөзді
әдемілеп, (тыңдаушылардың) легін жинайды, бірақ (ешкім) басында да, аяғында да,
бастыларын да, басты емесін де — бәрін жинап сотқа бермейді. Ұзын түрлі-түсті шапан
киіп, замандастарын сұлулығымен баурап алу үшін, әр түрлі позада тұрады, бірақ өздерін
жарамсақ және жағымпаз деп айтпайды. Оқушы болғанда тәлімгерлерінің соңынан
шындық пен өтірік туралы қайталайды, бірақ өздерін көптің бірі деп есептемейді. Барып
тұрған білімсіздік деген (осы). Өзінің білімсіздігін түсінетін адам мүлде білімсіз емес;
өзінің қателіктерін түсінетін адам — (соншалықты) терең қателеспейді. Терең қателесуден
өмір бойы құтыла алмайсыз; барып тұрған білімсіз өлгенше дейін өзгермейді. Үшеудің
біреуі жолынан адасқан (кезде), (олар) әлі де мақсатқа жете алады, (өйткені) адасқандар
аз. (Олардың) екеуі жолдан адасқан (кезде), ағым (оларды) мақсатқа алып келмейді,
(өйткені) адасқандар жеңеді. Қазіргі кезде аспан астындағылардың (бәрі) адасты. Мен
жәрдемге шақырамын, бірақ жауап ала алмаймын. Бұл өкінішті-ақ! Көтеріңкі дауыс
ауылдастардың құлағына шалынбайды. "Теректі сындырамыз", "Ашық түсті гүлдерді"
(естігенде) (олар) қарқылдап күледі. Осы себептен де көтеріңкі сөздер көптің бірі болып
табылатын адамдардың жүрегінде кідірмейді. Шынайы сөздер айтылмаған (кезде), пасық
сөздер үстем болады. Қос қыш құмыраға (дабыл қаққанда), олардың даусы қоңыраудың
Даусын басып кетеді де, мақсатыңа жете алмайсың. Қазір Аспан астындағының (бәрі)