Page 133 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

133
Ол адам Хаос руының ілімімен кемелденген болып көрінеді. Бұдан ол бір
нәрсені (ғана) ұғынады, ал басқасын түсінбейді; ішкі жағын басқарса да,
сыртқы жағын басқармайды. Сен, әрине, жай адамдардың, пенделердің
тазалыққа, әрекетсіздікке қалай кету және қарапайымдылыққа қайта оралу,
дене табиғатында парасатты қалай сақтау туралы (оның ұғынғандарына) таң
қалдың. Хаос руының ілімі сен екеуміздің де ұғынуымызға тұрарлық па!
Бастапқы Тұман шығысқа ұлы иірімге барып, Шығыс теңізінің жағасында жеңіл Желмен
кездесті. Жеңіл жел былай деп сұрады:
Сіз қайда жол тартып барасыз?
Ұлы мұхит жаққа.
Не үшін?
Сол жақта кезгім келеді. Өйткені ұлы мұхит — ол қаншама оған құйылып
жатса да, толмайтын, қаншама одан төгіліп жатса да, бітпейтін нәрсе.
ұстазым, (сіздің) алдында көзі бар халық туралы ойыңыз бар ма? Ақылды
басқару туралы естігім келеді.
Ақылды басқару барысында,— деп жауап берді Бастапқы Тұман, бастықтар
үлестіріп берген кезде әр адам үшін қажетті нәрселерді ұмытпайды, әр
адамның қабілетін қалт жібермей (адамдарды) жоғарылатады, барлық
істерді тұтас көреді және қажеттісін іске асырады. Істер өздігінен жасалады,
сөздер өздігінен айтылады, және Аспан асты дамиды. (Бір) көзқарас, қол
сермеу (шартараптан) халықтың келе бастауына жеткілікті. Міне осыны
ақылды басқару дейді.
Ізгілікті адам туралы естігім келіп еді.
(Бастапқы) қасиеттері бар адам тыныштықта жабырқауды (білмейді). (Ол)
шындық пен өтірік, сұлулық пен көріксіздік туралы (ілімге) ермейді. Төрт
мұхиттың арасындағылардың (бәрі) ортақ игіліктердің қызығын көріп
жатқан (кезде) — (бұны өзінің) қуанышы деп біледі; ортақ сый алады —
(бұны өзінің) тыныштығы деп есептейді. (Онсыз халық) анасын жоғалтқан
сәби сияқты жабырқайды; жолынан адасып қалған жолшыдай торығады.
(Барлығының) мол заттары бар, ал қайдан келгені белгісіз; сусын мен тамақ
жеткілікті, ал кімнен келгені белгісіз. (Бастапқы қасиеттері бар) адам деп
аталатын адамның пішіні осындай.
Парасаты (бар) адам туралы естігім келіп еді.
Жоғары парасаты (бар) адам,— деп жауап берді Бастапқы Тұман, сәулені
ерттеп алып, (өзінің) денесімен бірге ғайып болады. Бұған ұшы қиырсызға
жарық түсіру дейді. Табиғатты соңына дейін тауысып, өмірінің шегіне
жетеді. Қыруар істердің (бүкіл ауырлығын) жоғалтып, аспан мен жердің
(қызығын) қызықтайды, және (барлық) қыруар заттар өз мәніне қайта
оралады. Бұны бастапқы эфирімен бірігу дейді.
Рухты Мойындамайтын Мың мен Ойға Толы Чичжан Жауынгер патшаның әскерін
бақылап отырды, Ойға Толы былай деді:
(Жауынгерге) осынша пәлекеттен аман қалған Жолбарысқа Ие рудан
шыққан (Қорғаушыға) жету қайда.