132
—
Мен (оны) білместікпен қолданбай жүрген жоқпын, (мен оны) қолдануға
арланамын. Ұстазымнан естіген едім: "Кімде кім машина қолданса,
жұмыстар механикалық түрде жүреді, кімнің жұмысы механикалық түрде
жүрсе, оның жүрегі механикалық жүрекке айналып кетеді. Көкірегінде
механикалық жүрегі бар адамдар, таза қарапайымдылықтың біртұтастығын
жоғалтады. Жай қарапайымдылықтың біртұтастығын жоғалтқан адам
парасат өмірінде нығаймаған адам ағымды қолдамайды". Цзыгун
ұялғанынан өкініп басын төмен түсіріп, үнсіз қалды. Біраз уақыттан кейін
Бақшашы былай деп сұрады:
—
Сен кім боласың?
—
Кун Фу-цзыннің оқушысымын,— деп жауап берді Цзыгун.
—
Масаттанып басқаларынан асып түсу үшін даналарға еліктейтін
білгіштердің бірімісің? Бүкіл Аспан астында атақ-даңқ сатып алу үшін,
оңашада (шектерді) сылдырлатып, қайғылы ән салып жүргендердің (бірі
емеспісің?). (Егер) сен өзіңнің қасиетті рухыңды ұмытып нәпсіңнен бас
тартсаң, мүмкін (ағымға) жанасатын едің. Өзіңнің нәпсіңді меңгере алмасаң,
(сен) қалай Аспан астында тәртіп орнатпақсың? Кет! Жұмыс істеуіме
кедергі болма! — деді Бақшашы. Цзыгун ұялғанынан боп-боз болып кетіп,
есінен танғандай мәңгіріп қалды. (Тек) отыз ли жүріп өткен соң ғана, өз
өзіне келді.
—
Бұл адам кім еді? — деп оқушылары (одан) сұрады. — ұстазым (сіз) онымен
кездескен кезде неге түсіңіз бұзылып кетті, боп-боз болып, күні бойы өз
өзіңізге келе алмадыңыз?
—
(Мен) бұрын Аспан астында тек қана Кун Фу-цзы бар деп (есептеуші едім,
басқа біреудің болғанын білмеппін. — деп жауап берді Цзыгун. — Мен
ұстаздан даналардың ағымы туралы естіген едім: (бұл) Істерді жүзеге
асыруға, табыстарға қол жеткізуге, азғантай күшпен үлкен жемістерге
жетуге ұмтылу. Мына (ұстазда) бәрі басқаша. Білімі бар адамның қасиеттері
біртүтас. Біртұтас қасиеттерде дене біртүтас. Біртұтас денеде парасат
біртұтас. Біртұтас парасатта дананың ағымы бар. Өмірге сенім артып (ол
халықпен бірге әрекет етеді, бірақ қайда баратыны белгісіз. (Оның)
қарапайымдылығы өлшеусіз және кемел! Ұстаз жүрегімен еңбегі мен
мүдделілікті, икемділік пен қулықты ұмытты. Мұндай адам өзінің ерігіне
қарсы келмейді, өзінің қалауына қарсы әрекетке бармайды. Мақтанышпен
айтатын нәрсесіне қол жеткізген кезде (ол) тіпті Аспан астындағылардың
(бәрі) оны мақтаса да, (ол) тіпті алды-артына қарамайды. Айтып тұрған
нәрсесін жоғалтқан кезде, (ол) тіпті Аспан астындағылардың (бәрі) оның
бетіне басып жатса да, (ол) ешқандай көңіл аудармайды. Аспан
астындағылардың (бәрінің) мақтаулары мен даттаулары (оған) ештеңе
қоспайды, (одан) ештеңе тартып алмайды.
Біртұтас қасиеттері бар деп міне осындай адамға айтады. Ал мен (өзімді) жел
толқындардың үстінде айдайтындардың қатарына қосамын. Луға қайтып келген (Цзыгун)
мұның бәрін Кун Фу- цзыге айтып берді. Ол былай деді: