131
—
Бұл жанымен қорқатын және тәнін бекерге сендіретін дегбірсіз ұсақ
қызметшілер. Иттердің қодасты қораға қуып шығатын шеберлігі,
маймылдардың ептілікті тау мен орманнан емес пе,— деп жауап берді Лао-
цзы. — Мен саған, Цю, нені естуге болмайтыны туралы, нені айтуға
болмайтыны туралы айтайын. Көп адамның басы және аяқтары бар, бірақ
жүрегі де, есту қабілеті де жоқ; бірақ тәнге ие бола тұра, тәнге де, формаға
да ие болмағанмен бірге өмір сүретін (адам да) жоқ. Қозғалыс пен
тыныштықтың, өлім мен туылудың, жою мен пайда болудың себептері
адамдардың өзінде емес, бірақ кейбір себептерді адам басқарады. Барлық
заттар туралы ұмытқандарды, табиғатты ұмытатындарды өзін өзі
ұмытатындарға ұқсатамын. Тек өзін өзі ұмытқандарды ғана табиғатпен
біріккендер деп атаймын. Көндіруші Цзянлюй Жете түсінген Цзимен
кездеседі де айтады:
—
Лулық билеуші (менен), Көндірушіден, менің ілімімді өзіне қабылдауға
рұқсат етуімді өтініп сұрады. (Мен) келіспедім, бірақ нәтижесіз болды. Оған
айтып бердім, бірақ нысанаға дәл тигіздім бе білмеймін. Сізді патшамен
таныстыруға рұқсат етіңіз. Мен лустық патшаға айттым ғой: "Ізетшілдер
мен құнттыларды тарту қажет, жалпы іске берілгендерді жөне жағымпаз,
пайдакүнем емес, патшаға адал адамдарды ұсыну қажет. Міне, сонда ешкім
халық арасындағы ауызбірлікті бұза алмайды.
Цзи Жете түсінген қарқылдап күлді де жауап береді:
—
Ыза-кекпен қанатын тікірейтіп, арбаның жолын бөгеген (көп шегіртке) дәуіт
сияқты, сіз, ұстаз, ата-бабаның жөне (бұрынғы өткен) патшалар туралы
сөздеріңізбен міндетті атқара алмайсыз. Ондай болған жағдайда патшаның
өзі тек қауіпке душар болатын еді: оның мұнарасында көптеген асыл қазына
бар; ол қайда бармаса да оның артынан бұқара халық лап қояды.
(Ол) барлығын өзінің біртүтас жігерімен жетелейді, (бірақ бүл әр адамның) табиғи
мінезінің өздігінен әрекет етуі сияқты (болады), сөйтіп, оның себебін халық ұғына
бермейді. Осындай (адам) шексіз әрі кең бе екен, Аса мәртебелі мен Қорғаушының
халықты ағартуында ағасы емес, інісі (санала ала ма)? (Ол) (бастапқы) ерекшеліктерінің
тепе-тендігіне және жүрек тыныштығына ұмтылады.
Цзыгун саяхат етіп жүріп, оңтүстікте Чу (патшалығына) дейін жетіп, Цзиньге қайтып келе
жатқан болатын. Хань өзенінің солтүстік жағынан өтіп бара жатып, жүйек үшін арық
қазып, құдыққа үлкен қыш құмырасымен шығып, (оларды) суғарып жүрген Бақшашыны
көрді. Көп күш жұмсап, әбігерге түсіп жүр, бірақ аз нәрсеге қол жеткізеді. Цзыгун былай
деді:
—
Мұнда жүз жүйекті бір күнде суғарып шығатын машина бар (ғой). Аз күш
жұмсалады да, көп шаруа бітіріп тастайсың. Ұстаз (оны сынап) көргісі келе
ме?
—
Ол қандай? — деп сұрады басын көтерген Бақшашы.
—
Оның арт жағын ауырлау етіп, алдыңғы жағын жеңілдеу етіп, ағаш
тақтайлардан ұңғылап жасайды. (Ол) (тура) қайнап жатқан сорпадай суды
тартып шығарады. Су ожауы деп аталады. Бақшашының жүзі ашуланғаннан
өзгеріп кетіп, мырс етіп жауап берді: