Page 130 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

130
жол үстемдік құрып тұрған кезде (дана) барлық заттармен бірге өркендейді; Аспан
астында жол болмаған кезде, (дана) дырдумен (уайым-қайғысыз) қайырымдылықты
шындайды. Егер оны мың жылғы өмір шаршататын болса, онда ол ақ бұлтты ерттеп мініп,
өлмейтінге ұшып кетеді. (Оған), ата-баба мекеніне, үш қырсыққа жол жоқ Егер оның
тәніне ешқандай зиян келмесе, онда масқаралық қайдан болады? — сонда Сақшы тынады
да қалады.
Сұрауға рұқсат етіңіз... — деп, оның артынша, Ұлы мәртебелі бастайды.
Цзыди! — деп, Сақшы оған жауап береді.
Ұлы мәртебелі Аспан астын билеп тұрған кезде, ол Кемел жетілгенді бір патшалыққа
билеуші етіп қояды. Ұлы мәртебелі билікті Қорғаушыға береді, Қорғаушы Жас Айдаһарға
береді, міне сонда Кемел жетілген билеуші болудан бас тартады да, жер өңдеуші болады.
Жас Айдаһар онымен кездесуге жол тартады және оның жер өңдеп жатқанының үстінен
түседі. Жақын келіп, Жас Айдаһар одан төменіректен орын алады да, сұрайды;
Ертеректе Ұлы мәртебелі Аспан астын биледі және (сізді), менің ұстазым,
билеуші етіп қойды. Сұрауға рұқсат етіңіз, Ұлы мәртебелі билікті
Қорғаушыға, ал Қорғаушы билікті маған берген кезде, қандай себеппен (сіз),
менің ұстазым, басшы болудан бас тартыңыз да жер өндей бастадыңыз?
Ежелгі замандарда Аспан астын билей отырып, Ұлы мәртебелі ешкімді
марапаттамады, ал халық арасында бір-біріне кешірімді болды; жазаламады,
ал халық арасында бір бірінен сақтанды. Бүгін сен марапаттайсың өрі
жазалайсың, ал халық адамгершілікті жоғалтты. Осыдан бастап,
қайырымдылық төмендей бастады, осыдан бастап жазалау тарала бастады.
Осыдан бастап келесі ұрпақтың тәртіпсіздігі басталды. Кет! Менің жұмыс
істеуіме кедергі жасама! — Кемел жетілген жер жыртуға қатты кірісіп кетті
де, оған қайтып бұрылмады..
Әуел баста бей болмыс болған, болмыс болмаған, оның атауы да болмаған. Бір нәрсенің
пайда болумен оның әлі формасы болмады. Бір нәрсені табумен бірге зат пайда болады
және ол қасиет деп аталады. Әлі қалыптаспаған кезде бөліну пайда болады, бірақ ажырап
кетпейді, ол өмір деп аталады. Қозғалыс басталады да зат пайда болады; заттың
қалыптасуы аяқталған кезде, оның табиғи заңы пайда болады, ол форма деп аталады.
Форма — ол (ақылдың, жанның) тынысын сақтайтын дене. Әрбір заттың өз сыртқы түрі,
өз қалпы болады және ол табиғат деп аталады. Өз жетілу дәрежесіне жеткен соң табиғат
қасиетіне қайтып оралады, қасиет дамудың ең жоғарғы иелігіне жеткенде бастамаға тепе-
тең болады, бастамамен тепе-тендік бос кеңістік болып қалады, ал босаған кеңістік ұлы
кеңістікке айналады. Бұл еріндерін жұмып, сөзсіз ән айтатын хорға ұқсайды. Осындай
қорға біріге отырып, аспан мен жерге тоғысады. Олардың бірігуі күңгірт, әлде ақымақтық,
әлде жете түсінбегендік, бірақ бұл жолмен ұлы ымыраға тепе-тең келетін бастапқы қасиет
деп аталады.
Кун Фу-цзы Лао-цзыдан сұрайды:
Күштіге еліктеп, жолға ие болған адамды; мүмкін болмағанды мүмкін,
шынайы еместі шынайы (еткен); (немесе) қатты мен ақты (оған) аспандағы
жұлдыздарды (ажыратқан) сияқты (оңай) дейтін софистті дана адам деуге
бола ма?