Page 129 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

129
Әуел баста бей болмыс болған, болмыс болмаған, оның атауы да болмаған. Бір нәрсенің
пайда болумен оның әлі
Тіссізге Аспанмен Теңдес билік беруге бола ма?
Мен оны Жасөспірімдер Тәрбиешісі арқылы сұраймын.
Қандай (ол) қауіпті! Аспан астына қауіп төнетін болады! — деп Ешкімнен
Ұялмайтын жауап береді.
Тіссіз қалған бәрінен асып түседі емес пе. (Ол) қырағы, өткір көзді және
нәзік есту қабілеті бар, жылдам жауапты адам. Бірақ сонымен бірге адами
қасиеттердің көмегімен «жасанды жолмен» табиғилыққа «шынайылыққа»
ие болғысы келеді; қылмысты қалай жою туралы ойланады, ал бірақ
қылмыстың неден болатынын білмейді. Ондай адамға Аспанмен Тілдесетін
билікті қалай беруге болады! Ол табиғиды емес, керісінше, адамилықты
қолданады ғой. Оның үстіне (ол) өз күшіне негізделеді және басқаны жоққа
шығарады; тағы да ол білімді құрметтейді жөне оларды от сияқты тез
қолданады; сонымен бірге ол ұсақ-түйектің құлы; тағы да болса ол өзін
заттармен байланыстырады; және де жан-жағына жалтақтап, ол басқаның
растауын күтеді; оның үстіне әрбір адамның талабымен келісе береді;
сонымен қоса, заттармен бірге өзгеріп отырады және ешқашан тұрақты
болмайды. Сондықтан ол Аспанмен Теңдес билікке лайықты ма?
Дейтұрғанмен де оның ата-бабасы, ата-тегі бар, сондықтан оны барлық
«рудың, тайпаның» әкесі етуге болады, бірақ бүкіл әкелердің әкесі етуге
болмайды. (Ол) бүлікке басшылық етеді. (Оның) бетін солтүстікке қаратып
(қойсаң) — қырсықты тудырады, бетін оңтүстікке қаратсаң —
қарақшылықты туғызады.
Ұлы мәртебелі Өркендеуші патшалығын қызықтап жүрген кезде Өркендеуші
патшалығының Шекара Сақшысы айтады:
Ой, дана адам! Дана адам, саған ұзақ өмір тілеуге маған рұқсат ет!
Бас тартамын! — деп жауап берді Ұлы мәртебелі.
Дана адам, саған байлық тілеймін!
Бас тартамын!
Ұзақ өмірді, байлықты, көп ұлды әрі адам аңсайды. Неге сен жалғыз
ондайды армандамайсың? — деп сұрайды Сақшы.
Көп ұл көп мазасыздық,— деп жауап береді Ұлы мәртебелі. Байлықтың
әуресі көп, ал құмарлықтан масқараға тап боласың. Бүл үш (игіліктің)
көмегімен қайырымды адамды тәрбиелей алмайсың, сондықтан да мен
олардан бас тартамын.
Мен сені басында дана адам деп қабылдадым,— дейді Сақшы,— ал енді
байқаймын, сен қайырымды ер екенсің.
Табиғат сансыз көп адамдарды жаратты, оларға еңбек беру қажет. Егер көп ұл болатын
болса, олардың әрқайсысына еңбек беретін болса, онда мазасыздық қайдан келеді? Егер
байлық болатын болса, мейлі оны адамдар бөліп алатын болсын, онда қайдағы әуре
болады? Дана адам бөдене сияқты өмір сүреді емес пе, балапан секілді тамақтанады,
«атақтың» ізін қалдырмай құс секілді бір орыннан екінші орынға ауысады. Аспан астында